4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір



бет2/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#7120
1   2   3   4   5

Нүктелер достығы.

Ерте - ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл түсті нүкте еді. (Мұғалім тақтаға түрлі - түсті борман, ал оқушылар дәптерде қызыл түсті қарындашпен нүкте қояды).

Бір күні нүкте отырып ойланады:

- Шіркін менің көп досым болса ғой! Қой мен серуендеуге шығып өзіме дос


іздеп келейін.

Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.

- Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік, -
дейді қызыл нүкте. (Мұғалім мен оқушылар бірінші нүктенің қасына
екінші нүктені қояды). Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл
нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.

Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп, дос болып кетеді. Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді, тұзу шыға келді. (Мұғалім тұзу сызады). Осылайша тұзу сызық пайда болады.

Нүктелер тұзу келе жатса тұзу сызық шығады да, ал олар тұзу жүрмесе кисық сызық шығады.

Ертегіні тыңдай отырып оқушылар тұзу сызық пен қисық сызыкты сызып үйренеді.

Мұғалім тұзудің нүктелерден тұратынын, тұзудің кез - келген жерінен нүктелер белгілеуге болатынын түсіндіреді.

Қарындаштың бастан кешкендері.

Ертеде бір қарындаш өмір сүріпті. Бір күні Қарындаш тұзу сызықтың бойымен келе жатады. Ол тұзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап, дем алады да, өзіне - өзі: "Әлі қанша жүрер екенмін? Мына тұзудің шегіне жетемін бе, жоқ па?" - деді.

Мұны естіп тұрған тұзу күліп жібереді де:


  • Әй, Қарындаш - ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен
    тұзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің?- дейді.

  • Қой, онда мен қайта кері қайтайын, адасып кетіп жүрермін, - деді
    Қарындаш.

- Ол жақтың да шегі жоқ. Сызықтың шегі болмайды, - деді Тұзу.
Тұзу тіпті әндетіп жіберді:

Шетсіз, шексіз тұзу сыз

Шетсіз, шексіз тұзу сыз, - деп.

Мұны естіген Қарындаш мұңайып қалады.


  • Сонда мен тоқтаусыз жүре бермекпін бе?

  • Егер тоқтағың келсе, тұзудің бойынан екі нүкте белгіле, - деді Тұзу.
    (Балалар мұғаліммен бірге тұзудің бойынан екі нүкте белгілейді).

Алақай! - деп қуанып кетті Қарындаш. - Енді мен тұзудің бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай аталады?

  • Бұл менің кесіндім, - деп жауап береді Тұзу жымиып. (Балалар түрлі -
    түсті Қарындашпен кесінді белгілейді).

  • Тұзудің кесіндісі, тұзудің кесіндісі, - деп қайталай отырып, Қарындаш
    кесіндінің бір шетінен екіншісіне серуендеп жүрді.

Міне, осылай кесінді пайда болған екен.

Цифрлар айтысы.

Бір күні цифрлар нөлмен ұстасып қалады да, оны мазақтайды:

- Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2
цифрын алса, 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.

- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес.

- Сендер түкке түсінбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң
жағына қатар тұра қалсам қандай санға айналады? Жауап беріңдерші,- деді
нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға
келді.

- Егер сенің оң жағыңа тұра қалсам, сен қандай санға айналасың?- деді нөл


беске. Нөл бестің оң жағына қатар тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті.

. Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына қатар тұра қалып, цифрлардан олардың қандай сандарға айналғанын сұрап шықты.

- Міне сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсың дейсіңдер. Кәне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерже де мен сендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма: 5 - 5 =..., 7-7=...., 9-9=... .

- Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді.


Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтын
болады.

Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады.

- Мен барлығыңнан да үлкенмін, мен қайдағы бір кіп-кішкентай бір
емеспін ғой, - деп мақтанып тоғыз шықты. Бір шегі қатқанша күліп алды да,
секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.

- Ал, кәнеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! - деді бір (19 саны шықты ғой). Бір айтты:

- Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсың. Он тоғыздан үлкен
емес пе? Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жіберді де, тоғыздың сол жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты. - Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.

Осылайша барлық цифрлар келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды.

Цифрлар осыдан кейін өз қателерін түсініп, айтысқандарын қойды.

Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады? Қорытындысы: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрғанда ғана үлкен, ал егер олар бір - бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы - санның жазылуындағы цифрлардың орны. (Қорытындыны оқушылардың өздері жасағандары дұрыс).

Қасқыр, қой және шөпті судан өткізу.

Ерте заманда бір адамға қасқыр, қой және бір бау шөпті бірш - біріне жегізбей, судан алып өту қажет болған. Судың жағасында бір ғана қайық бар және қайыққа әлгі адам өзімен бірге бір ғана орынға не қасқырды, не қойды, не шөпті алып өте алады. Сонда әлгі адам бір бірден қандай әдіспен үшеуін судың арғы жағына алып өте алады?

Шешуі:

Бірінші қойды алып өтеді, өйткені қасқыр шөпті жемейді, екінші шөпті алып өтеді де, қой шөпті жемес үшін, қойды қайта екінші жаққа алып өтеді. Сол жағаға қойды қалдырып, қасқырды алып өтеді. Ақырында қойды қайтадан алып кетеді.



Бұл есеп оқушылардың логиқалық ойлау қабілетін дамытады.

Қасқыр мен түлкі.

Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болыпты.

Сонда қасқыр:

"Түлкі сен маған қарағанда есептерді жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші" - депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтынын байқап, былай дейді:

- Біреуі саған екеуі маған, үшеуі саған тертеуі маған, бесеуі саған алтауы
маған, жетеуі саған сегізі маған, тоғызы саған оны маған.

Сонда олардың жегені қанша балықтан болды? Қасқыр тақ сандар: 1+3+5+7+9 = 25. Түлкіге жұп сандар: 2+4+6+8+10 = 30.



Екі достың байлық таластары.

Бір адам өзінің досына:



  • «Маған жүз қой бер, сонда мен сенен екі есе бай боламын» - депті. Сонда
    досы:

  • «Сен маған тек алты қой берсең, мен сенен 6 есе бай боламын»- депті.
    Сонда әр қайсысында қанша қой болған?

Шешуі:

Біріншіде X қой, екіншіде У қой болсын.

Сонда:

Х+ 100-2 (у- 100)



6(х- 100) = у+ 10,

у = 6х-10,

х+ 100 = 2(6х- 170),

х = 40, у = 170.

Жауабы: 40 қой, 170 қой.

Табадағы самсалар.

Табаға бір ретте тек екі самса ғана салуға болады. Самсаның бір жағының пісуіне бір минөт, екінші жағының пісуіне бір минөт, жиыны екі минөт уақыт жетеді. Үш самсаны үш минөтте қалай пісіруге болады? Шешуі:

Табаға екі самса ғана сиятын болғандықтан, бірінші минөтте екі самсаның бір жағын пісіріп алып, екінші минөтте біреуін алып тастап, үшінші самсаны саламыз да, екінші самсаны аударып салып, бір минөт қоямыз. Сонда алғашқы самсамыз пісіп болады да, үшінші самсаның бір жағы піседі. Ал үшінші минөтте, үшінші самса мен алып тастаған самсамыздың екінші жағын пісіреміз.

2.2. Ұлттық ойындар.

Ұлттық ойындар пайдалану арқылы оқушылардың тәрбиелеу процесін жетілдіру және оның ғылыми педагогиқалық негіздері жайлы айту үшін, ұлт ойындарына қатысты мәселелерді анықтап алуды жөн деп білеміз.

Ұлттық ойындар халық - педагогикасының ажырамас бір саласы. Сондықтан ол халық педагогикасына тоқталып, мазмұн жағынан бір - бірін байытып отыратын, қос өзеннің бір жерге келіп тоғысқан екі арнасы секілді. Ұлт ойындары халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын, өмірге үздіксіз келіп тұратын ұрпақ арқылы жалғасып, жаңара беретін құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да оның аткарар қызметі кең өрісті, ауқымды. Ол салауатты өмір салтын мұрат түткан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.

Ұлт ойындары ұжымдық ой - қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары «сол ұлттық өсіп жетілу барысындағы ұзақ_жолда пайда болып, оның сан мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын козғап, ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін дәстүрлі құбылыс.

Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік - педагогиқалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы.

Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бөлігі бола тұрып, өзін дүниеге әкелушілердің есеюіне, ақыл - ойының толысып, қалыптасуына, олардың өмірге құштарлығының артуына, адамгершілік қасиеттінің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. ¥лт ойындарының осындай қасиетін жақсы танып білген адам баласының алдыңғы қатарлы ақыл - ой, парасат иелері оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, қағаз бетіне түсіріп отырды.

Қазақ халқының рухани байлығын, оның ішінде ұлт ойындарын алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, әлем жұртшылығына паш еткен бізге белгілі Италия саяхатшысы Плано Карапини XIII ғасырда Жетісу, Тарбағатай өлкелерінде болған кезде осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет - ғұрыптары, ойын -сауықтары жайлы көптеген этнографиқалық материалдар жинап, жазып қалдырған.



Одан кейінгі кезеңде біз тағы да сол Италия жұртының аяулы ұлдарының бірі Марко Полоның, орыс саяхатшысы П.И. Рычковтың, орыс ғалымы П.С. Паластың, венгер зерттеушісі А.Вамберидің, неміс этнографы Р.Каруцтың, неміс ғалымы А. Гумбольдтің, поляк халқының зиялы өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б. Зеленский және басқалардың түрлі деректерді жинап тасқа бастырып, жүрек жарды жеке ниеттерін білдіргендерін зор ілтипатпен еске аламыз.

Солай бола тұрса да тіпті, XIX ғасырдың екінші жартысына дейін халқымыз жасаған басқа да рухани байлығы секілді ұлт ойындары да өзінің баға жетпес қызметін, орындап, ел есінде сақталып келеді. Содан бері жаңа ұрпақпен жаңарып, дамып, толысып бізге дейін жетті.

Кейінгі жаңа толқын жастар және әр ұлт зиялылары халықтық ойындар бойынан өзгеше бір қасиет тауып, өркен жайып келе жатқан елдін керегіне жарату, әлем жұртшылығына таныту мақсатында сол кезде шығып тұратын күнбе - күнгі басылым беттерінде үзбей жариялап, өз пікірлерін білдіріп тұрды. Солардың арасынан Е.А. Покоровскийдің, А.И. Ивановскийдің, Н.И. Гродековтың, Е.А. Алекторовтың, Ә. Диваевтың, А.Левшиннің, Н.Пантусовтың, Ф.Лазеровскийдің, П.И. Пашиноның, Г.С.Загряжскийдің, А.Шиленің, О.Әлжановтың т.б. еңбектерін атап өтуге тиіспіз. Әр ұлт өкілдерінің кезінде көшпенділер атанған елдің тұрмыс тіршілігі, мен ойын - суықтарына көңіл бөлуі, оны зерттеуі, тегін еместі. Біздің пікірімізше оның себебі, біріншіден, ойын атаулының ешкімді де, еш уақытта да жайбарақат қалдыра алмауынан болса, екіншіден, ойынның шекара дегенді білмей, тілі біреу болғандықтан әр халықтың сәбилік кезеңімен орайлас келіп, рухани жақындастыра түсетіндігінде, үшіншіден, ойын арқылы халықтар арсында түсіністік орнап, өзгелерді танып білуге деген ынтасын арггыруында, төртіншіден, ойын - интернационалдық тәрбиенің жаршысы, халықтың психологиялық ахуалын білудің, зерттеудің құралы, ұлт ойындарының этнографиялық материал ретінде пайдаланылатынынан да болса керек. Олай дейтініміз, қазақтың ұлт ойындары туралы алғашкы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылар, көшпелі халықтан өздерінің мұндай өрелі өнерді күтпегенін сөз етеді. Неміс ғалымы А. Гумбольдтың достарына жазған бір хатындағы пікірше көңіл аударып көрейік: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый құрметі мен ойын - сауықтары естен шығатын емес. Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек.» - деп ағынан жарылған.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі А. Янушкевич қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын - сауықтарнынң өзіне қатты ұнағанын айта келіп, былай дейді: «Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әр түрлі аңдар мен кұстардың, әсіресе түйенің, құланның, бүркіттің даусын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің де колынан келмес еді».



Халық жасаған рухани мұралар сан алуан. Солардың ішінде тіл дамыту, ой - өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байыту тілегінен туындайтын жаңылтпаш, балалар ертегілері, балалар ойыны, сайып келгенде, тәрбие мүмкіншілігін арттырып, оның ауқымын кеңейте түседі.

Осыдан болар, кезінде М.О. Әуезовтың қазақтың ұлттық ойындары туралы айтқан мына сөздері ойға орала береді: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойыннын өзінің ерекше мағыналары болған». М. Әуезовтың бұл пікірімен толық келісе отырып, қазақ өмірінің өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң, немесе ел шетін басып келген жаудан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде, халық мерекелері, ойын - сауықтар өткгзілген.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге тәрбиелік маңызға ие болды. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың басы - қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, атбегілері мен ауыл аксақалдары болып түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатындар, қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халықтық тәлім- тәрбиенің маңызын арттырса, екінші жағынан үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді, үшінші, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл - ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде, ұлт ойындары халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда. Егеменді елге айналған жалпы халықтық және әлемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар Әуезовке арналған тойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша бабалардың ұлт ойындарына белсене қатынасуы ескі дәстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген сенімділік пен талапты арттыра түсті.

Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагогикасына ұласып, қабысып келетін бір тұсы ауыз әдебиеті үлгісінде жиі кездеседі. Әсіресе, ақындар айтысында ойын туралы пікірлер, оның адам өмірінен алатын орны туралы пікірлер көп болса, ақындар айтысының үлгілері мен балалар айтысы халық арасында көп болған. Бұл ойын арқылы баланы әлеуметтік өмірге ерте алмастыру, ақыл - ойын шыңдау қамымен үлкендердің үлгі - өнегесін олардың бойына ерте сіңіру ниетінен туған. Мысалы, «Айтыс ойыны», «Қыз бала мен ұл баланың айтыс ойыны», «Сан айтыс», «Бала мен шілдің айтысы» т.б. секілді неше алуан ойын өлеңдері де кездеседі.

Қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын адамды табу қиын. Олай дейтініміз, бүгінгі қазақ мектептерінде бастау алған бұл өнер баланың шығармашылық талабын шыңдап, өнерге деген құштарлығы мен бейімділігін ерте оятып, талантын елге танытады. Егемендігін алғаннан кейін мектептердегі тәрбиенің жаңа бет бұрысы елімізде жиі өте бастаған ақындар айтысында кейінгі жылдарда мектеп бітірген жас талап ақындардың жүлделі орындарды жеңіп алуын айқын көрінеді.

Алайда біз хэслықтың ділі (менталиеті) туралы сөз ётк&аде мұны көп ретте еске ала бермейміз. Бұл халқымыздың өзге жұрттардан ерекше көрсететін дәлелді мәселе екенін білдіреді. Олай болса, тарих қойнауынан бастау алып, бізге жеткен ұлт ойындары ұрпақ тәрбиесінде әлі де өзіндік орны бар тәрбие құралы екенін айқындай түседі.

Айтыс - өнер. Ал өнердің бәрі де ең алдымен сол ойынға да, оның ішінде ұлт ойынарына қатысты сыртқы дүниені қабылдап түсінуінің нәтижесінде ішкі логикасын жете меңгерудің мүмкін екенін түсіну қиын емес.

Олай болса, ұлт ойындары адамның денесін, ақыл - ойын жаттықтырушы, адамның адамгершілік қастеттерін шыңдап, жетілдіруші әлеуметтік ортаның жемісі болып табылады. Адам өзінің көргені мен ұстап білгенін ой - сезімі арқылы, ішкі жан сезімі арқылы өткізіп, қайта жаңғыртқан дүниесін әлеуметке жеткізгенде, ол өнер ретінде танылып, көпшілік талқысына тартылады. Солардың көпшілігі ойын - тойлар, көпшілік бас қосқан үлкен жиындарда өмірге келетін болған.

¥лт ойындарын сабақта пайдалану.

Сабақ барысында ойын элементтерін дидактиқалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы мол. Ойын арылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, білімге, өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Нашар оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігермен араласатыны анық нәрсе.

Өз басым ойын элементтерін пайдаланған сабақтарымды жарыс түрінде өткіземін. Жарыс - сабақ барысында алма ағашынан алма жинау, не бақшадан көкөніс жинау сияқты ойындарды пайдалана отырып сөздікті тексеру өте тиімді. Оқушылар өз құрбылрынан қалып қоймауы үшін сабақка белсені қатысып, қойылған сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Мысалы, сабақ үрдісінде «Сенің атың кім?» деген сұрақты жай енгізгеннен көрі ойын арқылы енгізу әсерлі. Бұл ойында оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топтан бір -бір баладан алға шығып, өз тобындағы мүшелеріне «Сенің атың кім?» сұрағын қоя отырып допты лақтырады, ол оқушы өз атын айтып келесісіне береді, ерте біткен топ мүшелері жеңіске жетеді.

Сабақ барысында менің басты ұстанымым - баланың ынта - ыкыласы мен қызығуын арттыру. Ол үшін көрнекілік қажет. Бұл бағытта халқымыздың ұлттық ойындарының кейбір элементтерін сабақ үрдісінде енгізуге әбден болады. Халық ойындары ақыл - ойдың дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады.

Сондай - ақ ұлт ойындарын сабаққа сәйкестендіріп ойнауға болады. Мысалы: «Қоржын» ойыны (немесе асық атып ойнау) қазіргі тәрбие мақсаттарына сай өзгертуге ыңғайлы. 4 - сынып оқушыларымен бір тарауды аяқтап, қайталау сабағында сурет бойынша әңгіме құрау не сурет салу барысында осы ойынды ойнаған қызықты әрі тиімді. Он асық салып, оны 1-ден 10-ға дейін нөмерлеп қоржынға салып қоясың, сол нөмірге сәйкестендіріп конверт дайындап, оған өтілген тақырыптарға байланысты суреттер саласың. Оқушы қоржыннан алған асық нөмірімен сол нөмірлі конвертті алып, ондағы суретті сипаттайды. «Орамал тастау» ойынын да пайдаланған ұтымды. Мұғалім өтілген бір тақырыпты тақтаға жазады. Айталық, «Мектеп». Кейін бір оқушы тақтаға шығып «сынып бөлмесі» деп жазады да, орамалды екінші оқушының партасына тастайды, ол оқушы тактаға шығып, «Мұғалім» деп жазады. Осылайша «Мектеп» тақырыбына байланысты сөздер жазылып, қамтылады. Құрақ құрау.

Дидактиқалық мақсаты. Геометриялық фигурлардың түр - түсіне, пішіні мен мөлшеріне қарай ажыратуға дағдыландыру. Ұлттық қолөнеріміз ою - өрнектер туралы мағлұматтар беру.

Қажетті құрал-жабдықтар. Жолақша, түрлі - түсті геометриялық фигуралар, оюлар. Құрақ көрпеше үлгісі, өрнек салынған сандықтың көрнекті суреті, не моделі.

Ойын мазмұны. Мұғалім құрақ көрпеше, сандық туралы кіріспе әңгіме жүргізеді.

Оқушыларға қажетті заттар таратылып беріледі. 6-8-деп геометриялық фигуралар, жолақша, орындарына отырып әр оқушы өз шығармашылық өнерін көрсетуге тиіс. Яғни жолақшаға әртүрлі геометриялық фигураны, оюды қиюластыра орналастырып, қатты қағаз, матаға жолақшалы апликация жасау және олардың орналасу тәртібіне түсінік беру керек.

Мысалы, оқушы былай дейді: менің аппликациямның ортасында үлкен көк дөңгелек, оң және сол жағында көк оюлар, жоғары жағында жасыл, төменгі жағында көк үшбұрыш, ал оюлардың жанына сары кішкене шаршылар орналастырылды.

Ойын барысында сөйлеу шеберлігі дамиды, заттардың орналасу реті туралы түсініктері кеңейеді. Ойынды мұғалім қалауынша жалғастыра алады.

Хан талапай.

Дидактиқалық мақсаты. Санау дағдыларын бекіту. Артық кем түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал - жабдықтар. Асық (саны 20)

Ойын мазмұны. Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады. Талапай - ау талапай, Табылды ойын, алақай! Асықты алға шашамыз,

Талапайға басамыз, - деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді. Оқушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтардың саны анықталған соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп жинады?

Нешеу? Қаншасы артық? Сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақтайды.

Ақсүйек.

Дидактиқалық мақсаты. Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру.

Қажетті құрал - жабдықтар. Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріп өрнектер мен теңдеулер.

10

7




9



5


4

2

2

3

4


5







8

6










2+5













Ойын мазмұны. Ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол «ақсүйекті» табады. Дұрыс шығарылмаса, көрмей аттап кетеді. Кім «ақсүйекті», көп жинаса сол ұтады. «Ақсүйек» жинаған бала мадақталады. жеребе арқылы шешіледі. Ойынды солдан оңға қарай кез - келген отаудан орынсыз 1 құмалақ қалдырып, қалған барлық құмалақты түгелімен аласыз да, келесі отаудан әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше 1- 1-ден салып шығады. Содан ең соңғы құмалақ қарсы жақтың 1 отауына түсіп және ол отаудағы құмалақтар саны сіздің соңғы құмалақ түскенше тақ санда болса, сіздің құмалағыңыз ол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаған жағдайда (10,12,14,8 т.с.с.) сіз сол құмалақтарды өз қазаныңызға алып қоюыңызға құқыңыз бар. Бүдан кейін жүріс кезегі қарсы жаққа келеді. Қарсы жақтың да сіздің тақ санды бір отауыңызға өзінің соңғы құмалағын өз қазанына алу болып табылады. Екі жақтың жасаған жүрістері 1 жүріске саналады. Жүріс жай және шабысты болып 2-ге бөлінеді. Жүріс кезінде қарсы жақтың 1 отауы «желінетін болса» оны «шабысты» жүріс дейді. Осы тәртіппен жүріс алма кезек келіп отырады.

Тақ санды құмалағы бар отауларды «ашық» немесе алып деп, жұп санды құмалағы бар отауларды «жабық» отаулар деп атайды. Ойыншылар мақсаты неғұрлым көп құмалақ алу.

Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды тақ жасап отыруға тырысады, тақ санды отауларға үздіксіз шабуыл жасалып отырады. Егер алғашқы 1 -2 жүрісте қарсы жақтың отауы түгелімен жұп «жабық» болса онда ойыншының мақсаты өз отауындағы құмалақтардың күшімен (оларды әрбір отауға тарату арқылы) жабық отауларды ашуға, сөйтіп келесі жүрістердің бірімен сол ашылған отаулардың біреуін алуға тырысды. Бұл кезде, әрине қорғаныс шараларында ұмытпау керек.

Тәрбие адам ғүмырын тұтас қамтығанымен, сәбилік алғашкы балалық, жастық шағында алған тәрбиесі оған туған ортасының психиқалық ерекшелігін сіңіруде шешуші роль атқарады. Сондықтан баланың отбасында алған тәлім - тәрбиесі оның қай ұлтқа жататынын анықтап қана қоймай, бүкіл өмір жолын анықтаушы бағдарына айналады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет