14. Деректі зат есімді табыңыз
А) мінез В) арман С) орман
Д) қайрат Е) қуат
15. Мекен үстеуді белгілеңіз
А) кеше В) былтыр С) биыл
Д) жылдам Е) осында
16. Жалғаулықты шылауды табыңыз
А) үйге қарай В) ащы мен тұщы
С) доспен бірге Д) алмай-ақ қой Е) жай отырма
17. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз
А) біреу келді В) ешкім жоқ С) бәрі болды Д) сенімен бірге Е) қайдасың?
18. Есімшенің жұрнақтарын белгілеңіз
А) –ды/-ді В) –лық/-лік С) –шы/-ші
Д) –ған/-қан Е) –а/-е/-й
19. Сөйлемдегі үстеудің рөлін көрсетіңіз: Оқушылар концертке ерте келіпті.
А) толықтауыш В) пысықтауыш
С) баяндауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш
20. Күшейтпелі сын есімді табыңыз
А) сары ала В) үлкенірек С) табыскер
Д) белгілі Е) аса көрнекті
21. Жалпы есімді белгілеңіз
А) Қаңтар В) Қостанай С) Қызылорда
Д) Қарағанды Е) Қаратау
Достарыңызбен бөлісу: |