Өндірістік жарықтандырудыөлшеу және нормалау Нормалау –қауіпсіз (ағза үшін) мәндер шектерін және қасиеттеріне әсер ететін факторларды белгілеу.
Табиғи және жасанды жарықтандыруды нормалау талаптарын ескере отырып, еңбек гигиенасы және қауіпсіздік техникасы, электр энергиясының және басқа да ресурстардың ең аз шығындары кезінде, сондай-ақ құрастыру және жарықтандыру қондырғыларын пайдалануда еңбек шығындарын орындайды.
Табиғи және жасанды жарықтандыруды бағалау және нормалауды көру жұмысының сипатын ескере отырып (ажырату объектісінің ең аз өлшемімен анықталады) жүргізеді.
Жарықтандыруды гигиеналық бағалау үшін негізгі абсолютті көрсеткіші – жарықтандыру Е, лк (және кейбір көмекші көрсеткіштері: жарықтық, берілген пульс беру коэффициенті) және салыстырмалы көрсеткіші –табиғи жарықтандыру коэффициент ТЖК, % қолданылады.
КЕО =Еішкі / Есыртқы *100%,
(14.2)
ТЖК үй-жайлардың берілген нүктесіне табиғи жарықтың қандай үлесі түсетінің көрсетеді. ТЖК шамасы жылдық, тәулік уақытына, ауа-райы шарттарына тәуелді емес, бірақ ол жарық ойықтарының мөлшерімен және орналасуымен, терезе әйнектерінің мөлдірлігімен(тазалығымен), үй-жайлардың қабырғаларының бояуымен және т. б. анықталады. Жот жарық ойықтарының, ұмыс бетіжарық ойықтарынан алыс орналасқан сайын, ТЖК-нің аз мәні орын алады. Нормаланған ТЖК шамасы көру жұмысының разрядымен: разряд жоғары болған сайын, соғұрлым жоғары ТЖК –нің талап етілетін мәнімен айқындалады.
Шағын үй-жайларды біржақты бүйірлік табиғи жарықтандыру кезінде үй-жайдың сипатты разрезінің тік жазықтықтың қиылысында орналасқан нүктесінде қабырғадан 1м қашықтықтағы шартты жұмыс бетінен және жарық ойықтарынан ең алыс орналасқан нүктелерде; екі жақты бүйірлік табиғи жарықтандыруда – үй-жайлардың ортаңғы нүктесінде ТЖК-нің ең төменгі мәні нормаланады.
Жұмыс беті –жарықтандыруды өлшейтін және нормалау жүргізетін беті.
Үй-жайларға тән разрез–үй-жайдың ортасындағы көлденең қима разрезі, жазықтық, оның жарық ойықтарының шынылау жазықтығына перпендикуляр (бүйірлік жарықтандыру кезінде) немесе бойлық остік аралық үй-жайлар. Үй-жайларға тән разрез жұмыс орындарының ең көп учаскелеріне түсуі тиіс, сондай-ақ жұмыс аймағының нүктелері жарық ойықтарынан неғұрлым алыстатылған.
Жоғарғы және құрамдас табиғи жарықтандыру кезінде ТЖК –нің орташа мәні үй-жайлардың сипатты разрезі мен шартты жұмыс бетінің (немесе еденнен) тік жазықтығының қиылысында орналасқан нүктелерінде нормаланады. Бірінші және соңғы нүктелері қабырғалар бетінен (аралық қабырғаларды) немесе колонналардың осьтерінен 1м қашықтықта қабылдайды.
I – III разрядтардағы көру жұмысымен өндірістік үй-жайларда бірлестірілген жарықтандыруды орындау қажет.
Әр түрлі аудандарда орналасқан ғимараттар үшін нормаланған ТЖК мәні мына формула бойынша анықталады:
(14.3)
мұнда N –табиғи жарықпен қамтамасыз етілу нөмірі;
eH – ТЖК мәні (әкімшілік аудан);
mN – жарықтық климаттың коэффициенті.
14.3 формуласы бойынша алынған мәнді ондық үлеске дейін дөңгелектейміз.
Жарықтық климаттың сипаттамасында бір жыл ішінде күн сәулесінің арқасында үй-жайға жарық өткелдері арқылы жіберілетін жарық ағыны, сәулет-конструктивті шешімге және көлденең жақтаулар бойынша жарық өткелдерін бағдарлау ескеріледі.
Жарықтандыруды бақылау 23–05–95/1/ Құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес люксметрдің көмегімен орындайды.
Үй-жайларды табиғи жарықтандыруды бағалауды ТЖК (%) көрсеткіші бойынша жүргізеді; осы мақсатта үй-жай жиһаздардан және басқа да жарық экрандардан толық босатылады, терезелер (перде, және т. б.) мұқият жуылады. Нормаланатын нүктелеріндегі жарықтандыруды (лк) люксметрмен анықтайды. ТЖК (%) 14.2 формуласы бойынша есептеледі. ТЖК-нің алынған мәніy қалыптасқан мәндермен салыстырады.
Есте сақтау қажет: I – III разрядтардағы жұмыстарды орындау үшін міндетті түрде табиғи жарықтандырудың жеткіліксіздігіне байланысты бірлестірілген жарықтандыруды қолданады. Үй-жайларда және жұмыс беттерінде бірлестірілген жарықтандыруды бағалау ТЖК (%)көрсеткіші бойынша жүргізеді.
Фотоэлектрлік люксметр жарықтандыруды (лк) өлшеуге арналған. Аспаптың әрекетінің ұстанымы фотоэлектрлік әсер құбылысына негізделген. Тұйық тізбекте, фотоэлемент және өлшеуіштен тұратын селен фотоэлементін жарықтандыру кезінде (спектралдық сипаттамалары бойынша адамның көру сезімталдығына жақын) жарық ағынына пропорционалды берілетін ток туындайды. Аспап көлеңкейленген жарық сүзгісі бар, жарықтандыру өлшеу диапазонының 5-тен 50000 лк-ке дейін және одан да көп ұлғаюымен жабдықталған.
14.2.1 - сурет - Люксметр
Люксметрдің қателігі шкаланың басында максималды шамаға ие, сондықтан жоғары дәлдікті өлшеу мперметр бағыттамаларының шағын ауытқулары кезінде төменгі өлшеу шегіне өту қажет.