№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»
Танымдық сабағы
Рахманбергенова Анар
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер, Н. Назарбаевтың портреті, АКТ, слайдтар, вейнеролик, т.б.
Барысы: (Әнұран орындалады)
Оқушылардың өлеңдері. Үй тапсырмасы.
Мұғалім сөзі: -Біздің Отанымыз - (ҚР).
-ҚР қандай ел? (көпұлтты, демократиялы, зайырлы, тәуелсіз, құқықты т.б.)
-Тәуелсіздігіміздің белгісі рәміздерге не жатады? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
-Балалар, олай болса, Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз мемлекеттік рәміздерге арналады.
Сабағымыздың алғашқы бөлімінде мемлекеттік рәміздер мен олардың шығу тарихынан сыр шертеміз.
1 бөлім. «Тарих сыр шертеді»
Қазақ жерінде ту қашан пайда болды?
Қазақ тарихында тудың өте ерте кезден бар екені белгілі. Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің қай-қайсысының да өз байрағы болғаны мәлім. Байрақтың түсіне келер болсақ, Қазақ даласында көтерілген тулар бір тектес болмаған. Ұзақ уақыт бойы арнайы сөз етіліп, қасиетті жәдігер ретінде құнтталмағандықтан да, ел ішінде көбіне Абылайдың ақ туы ғана ауызға алынады. Ол бір түсті төрт бұрышты ақ мата. Шашақты бауы болған.
Дегенмен, тек төрелер ұстаған тулардың өзі әр алуан болған. Мысалы, араб, парсы, түркі және қытай жазбаларына сүйене отырып, олардың қызыл, көк, ақ, ала тулы болғанын білеміз. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы байрағымыз қызыл ту болғаны да тарихтан белгілі.
Қазақ елінің елтаңбасының тарихы қашаннан бастау алды?
«Таңба» сөзі Түркі қағанатында дүниеге келген. «таңба-ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді. таңбалар туралы деректер V ғасырдан белгілі. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Таңба белгілер көне ақшаларымызда да көрініс тапқан.
Кеңес Одағы кезінде бидай масақтарымен көмкерілген орақ-балғалы қызыл жұлдызды Қазақстанның елтаңбасы болған. Онда «ҚКСР» деген қазақша әріптерден басқа, республика ерекшелігіне мегзейтін ешқандай белгі болмаған.
Елұран-Кезінде қазақ халқын құраған тайпалардың өз ұрандары болғаны белгілі. Олар бір сөзден тұрады. Көбіне аруақты аталар мен аналардың атына құрылған. Ал бар қазаққа бірдей елұран «Алаш» болатын. Тағы бір ортақ ұран-«Аруақ» сөзі. Ғасырдан астам уақыт бойы халқымыз үшін мемлекеттік әнұран міндетін атқарып келе жатқан сөзі жоқ музыкалық шығарма Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі болған.
Ал қазір 2006 жылдан бері Тәуелсіз Қазақстанның әнұраны қай ән?
Осы рәміздер Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Енді осы рәміздер туралы видеороликке назар аударыңыздар.
Сабағымыздың келесі бөлімі «Менің елім» танымдық сайыс.
Ережемен таныстыру.
1-ұяшық. 1.Осы мүрде қай жылы, қайда және кім ашты? Және де қандай мәліметтер бере аласың? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?
«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша ол б. з. б. 5 - 6 ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17 - 18 - де, бойы 165 см шамасында болса керек. « Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі.
Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәсіміне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың елтаңбасынан орын тапқан.
2.Бұл ненің суреті? Қашан ашылған және қайда орналасқан? Ол туралы қандай мәлімет бере аласың?
Бұл Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласында орналасқан. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді.Өйткені самұрық құс өз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. Осы идея Бәйтеректің дүниеге келуіне себеп болған. Қазіргі кезде Бәйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мәдени орнына айналған.
2-ұяшық. Мұнда Кім? деген сұраққа жауап беру керек.
1.Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халыхаралық дизайнерлер байқауының бас жүлдегері, мемлекеттік рәміздің бірін жасауға айтарлықтай үлес қосқан? (Ш.Ниязбеков)
2. Ол 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Техника ғылымдарының докторы, профессор, халық қаһарманы, ұшқыш - инженер. 1991ж. ғарышқа ұшып, қазанның 10 -да Жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі 7 күн, 22 сағ 13 мин.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров
3-ұяшық. Сөзмерген сайысы– тұрақты сөз тіркесін құрап, мағынасын түсіндіру.
1.Намысты қолдан бермеді.
2.Туған жерге туың тік.
4-ұяшық. «Әуенді сұрақ»
Бұл әннің аты және авторы кім?
«Үшқоңыр» Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Алтынбек Қоразбаев
5-ұяшық. Қара жәшік.
Ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін пайда болып, қолданысқа енді. Оның өз бағамы бар. 16-ға жуық құпия қорғаныс белгісі бар. Технологияның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Ол не зат? Теңге.
6-ұяшық. Бейне сұрақ. (Сергіту сәті)
Ол құрылғының шығу тарихы соғыстан кейінгі жылдарымен тығыз байланысты. АТ және Т зерттеу лабораториясы ойлап тапқан. 1947 жылы ол өте қажет еді, бірақ оны өзімен бірге алып жүру қиын болды, себебі оның салмағы 30 - 40 кг дейін жетті. 50 жылдары оның салмағы азайып, 70 жылдары 12-14 кг болды. Қазіргі заманда ол құрылғы кеңінен таралған, салмағы 1 кг-да жетпейді. Мектебімізде ол құрылғыны ұстауға тиым салынған, бірақ ата-аналардың айтуы бойынша ол балаларына қажет. Сұрақ: қандай құрылғы туралы айтылып отыр?
(Ұялы телефон)
7-ұяшық. Кім білгір? Әр оқушы өзі таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріп, ұпай алады.
Тақырып
|
1 ұпай
|
2 ұпай
|
3 ұпай
|
Рәміздер
|
Мемлекеттік рәміздер күні ?
(4 маусым 1992ж )
|
Жаңа Әнұранның қабылданған күні?(6 қаңтар 2006 ж )
|
Әнұран мен елтаңбаның, тудың авторлары?
(Сөзі- Н.Назарбаев Ж.Нажимединов, Әні-Ш.Калдаяков, елтаңба – Шота Уалиханов, Ж.Мәлібеков.
Ту-Шәкен Ниязбеков)
|
Мемлекеттік
Мейрамдар
|
ҚР Тәуелсіздік күні ?
(16 желтоқсан)
|
30 тамызда қандай мейрам тойланады? (Конституция күні)
|
Наурыз мерекесінде табиғатың қандай өзгерісі болады?
(22 наурызда күн мен түн теңеледі )
|
Тарихқа енген күндер
|
Қай жылы ұлттық валютамыз шықты?
(1993 ж. 15 қараша)
|
1992 ж. 2 наурыз? БҰҰға мүше болды.
|
1989 жылы 22 қыркүйекте қандай күн? қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды.
|
Тәуелсіз
Қазақстан
|
ҚР Жоғарғы қолбасшы кім?
(Президент Н.Назарбаев
|
1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі ? «Тарих толқынында»
|
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған соңғы жолдау қалай аталады? (ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:
ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ)
|
Қорытынды. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Достарыңызбен бөлісу: |