Пәндік аймақ: Банк
Жүйе: Кассалық есептеу бөлімшесі
Үзінді: Валюта айырбастау операцияларын орындауды есепке алу.
Автоматтандырылған валюта айырбастау операцияларын есепке алу, кассирдің жұмысын анағұрлым жеңілдетеді және тездетеді,
Пәндік аймақтың сипаттамасы
Клиенттермен жұмыс істегенде банктің айырбастау пункті келесідей негізгі операцияларды орындайды:
Клиентке шетел валютасын ұлттық валютаға сату;
Клиенттен шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу;
Айырбастау пунктінде орындалған әрбір операцияны құжатқа жазып қояды және валютаны айырбастау операцияларын орындау жайлы справканы арнайы бланкте ресімдеп және клиентке справканың көшірмесін береді. Айырбастау пункті жұмыс істеу үшін, жұмыс күнінің басында банк қолма қол шетел валютасы және тенге авансымен қамтамасыз етеді. Жұмыс күнінің аяқталуында айырбастау пунктінде әрбір валютаға кіріс пен шығынның ведомосін толтырып, әрбір тізілім бойынша қорытындысы саналады және түскен аванстың сомасы мен тізілім қорытындысының сомасын және құндылықтардың фактілі қалдықтырын салыстырады. Тексерудің нәтижесіне сәйкес құндылық қалдықтарының күндік справкасы құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |