Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары: Оқушылардың каллияграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 4 сыныпта әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.
4 сыныпта жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллияграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.
Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары- көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма. Диктант Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр тоқсан сайын 1 рет) алынады.
Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет (әр тоқсан сайын- 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша – 1 рет) алынады. Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгіленеді: