4. Студенттердің өздік жұмысы



бет19/57
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59245
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Дәрістің жоспары:

  1. Талдамалы жанрлар құрылымы.

  2. Тележурналситика жанрлары мен пішіндері.

Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы. Журналистиканың теориясында публицистикалық жанрды түрге бөлу былайша: біріншіден, заттың (нысанның) танымдығы, көріністегі өзіндік ерекшелігі (заметка, корреспонденцияға – факті мен оқиғаның тікелей қатыстылығы, ал сұхбат пен рецензияға – бейнелеп көрсетудің тән екендігі); екіншіден, танымдық – тәрбиелік мақсаттары; үшіншіден, әрекетті көрсетудегі кең ауқымдылық немесе түйін мен қорытындының ауқымдылығы; төртіншіден, өзіндік айқындаушы – мәнерлеуші құралдары (әдеби тілі, стилі, бейнелігі) қарастырылады.


Шын мәнінде, телевизиялық шығарма жанрын айқындау – осы айтылған жайлардағы қандай да бір жекелілік белгілер емес, олардың бәрінің жиынтығы нәтижесінде болатын құбылыс. Басқаша айтқанда, жанрлық бірлікте болу барлық төрт белгіге қатысты. Осыдан мынадай шығатын қорытынды, публицистика жанры (ақпараттық, талдамалы және көркем), тек мынадай жағдайда ғана – материалдың документальдығы, ойдан шығарылмағандығы, дәлділігімен бөлек кезеңде, үнемі бір – бірімен байланыста болады. Жанр типін айқындау кезінде, оны көріністің негізінде жататын құбылыс пен объективтік процестерге байланысты қарап, айқындаған жөн.
Хабарда журналистер тек қана фактіні баяндаумен ғана шектелмейді, бір мезгілде оған талдау жасауға ұмтылады, оны басқалармен салыстырады, жағдай мен құбылысқа баға береді, проблеманы шешу жолдарын ұсынады. Талдамалы жанр ақпараттық жанрмен салыстырғанда материалды беруде кеңдігімен, ойлауда ауқымдылығымен, өмірлік, маңызды құбылыстарды зерттеумен айрықшыланады. Белгілі бір кезеңдегі бір типті фактілерді жинақтау кезінде автор оларды қорытындылау мен маңызды проблемасын барлық қырынан айқындауға ұмтылыс танытады. Талдамалы жанрлар заттағы танымдық, нысанды кескіндеу, дәл белгілеу, танымдық – тәрбиелік міндетімен, оқиғаны кең түрде көрсетуімен, ауқымды түйін және қорытындысымен, әдеби – стилистикалық құралдар характерімен, айқындаушы – көркемдеуші құралдарымен де ерекшеленеді.
Жанрдың осы тобына жататындардың ішінде негізгілердің бірі корреспонденция жанры, онда нақтылы материалда тар ауқымдылығымен салыстырғанда, аналитикалық планда тақырыптың актуальділігі айқындалып, қандай да бір проблема шешіледі. Корреспонденция хабарлама түрінде де болып: онда, шетелдегі тілшілердің хабарламасы, жаңа бір құбылыстар, ғылыми жаңалықтар өндірістік тәжірибелер әңгіме арқауына айналуы мүмкін. Ол толық заметканы көз алдымызға елестетіп әрі белгілі бір тақырыптағы материалды кең қамтуыменен де ерекшеленеді. Талдамалы корреспонденция суреттелген құбылыстың себебін ашады, мысалы ситуация қақтығыс. Материалдағы фактіні талдау негізіне көпшілігіне жаңа бір тосын проблемалар әрі саяси өмірдегі және әлеуметтік – экономикалық саладағы өткір сұрақтар қойылып жатады. Мұндай корреспонденциялар телепублицистикада қойылымдық деп аталынады. Ал кейде журналист көрермендермен бірлікте кейбір фактілерді бағалап, салыстырып, талдап жатады, осының негізінде корреспонденция – толғау өмірге келеді.
Талдамалы жанрлар құрылымының күрделілігі сонда, мұнда журналист ірі көлемдегі фактілермен жұмыс істейді. Ол фактілерді әу бастан түрлі негіздеріне, олардың арасындағы байланыстарына орай жүйелеу, топтау және классификациялау қажеттілігі келіп туындайды. Шығармашылық процестің осы кезеңінде фактіні сценарий құрылымындағы сан алуан факторлармен байланыстыру мәселесі келіп шығады. Ал сценарийдегі тұтастық белгілі бір концепция, идея және ойлардың негізінде жүзеге асуы мүмкін. Журналиске бәрінен бұрын фактіні талдау, негізгі проблемадағы қажетті кезеңдерді айқындау, әрі фактологиялық мәліметтерді таңдау методы қажеттілік болады. Содан кейін ғана жанрлардағы түрлі бөлімдердің арасын пропорциялы түрде бөлу кезеңі келіп туындайды.
Тележурналситика жанрлары мен пішіндері газет пен радиода орныққан, кезеңдер бойында сыннан өткен жанрлар негізінде дамып, орнықты. Газет жанрлары радионың өзгешелігіне сәйкестеніп, келе-келе радиоэфирге сіңісті. Радио ағашында радиогазет үлігісінде дамыса, телеэкран спецификасына тележурнал ыңғайлы болды. Сөйтіп, тележурналстика жанры тележурнал қойнауынан бастау алып, дамыды. Зерттеуде баспасөз бен кино, радио мен телевизия жанрларының арасындағы әлеуметтік-саяси, танымдық-тәрбиелілік функцияларының бір-біріне жақын екендігі ғылыми дәлелденді. Дегенмен, тележанрларды зерттегенде сюжеттің өн бойындағы көріністі мәнерлеуші құралдардың бейнені саналуан пішінге құбылтатын ерекшелігіне айрықша назар аударылды.
Жанр – тарихи категория. Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша сипат қабылдайды. Бірақ, сол сипат аса маңызды деп танылмайды, сондықтан шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері болмайды. Бір сюжеттің негізінде түрлі жанрға жататын бағдарламаның жасалуына дәлел ретінде С.Оразалиновтың «Сұхбат» хабарын атауға болады. Ол әдебиет әлеміндегі сирек тұлғалардың фильм – портреті түрінде берілсе де, онда сұхбат, әңгіме, сөз, очерк белгілері кездеседі. Әр жанр өзінің композициялық және көркемдік әдісімен фильм-портретті өзінше бедерлейді. Осының бәрінде сұхбат жанры үстем бола отырып, бірде ол портреттік очерк түрінде баяндалса, енді бірде деталь, эпизоттармен толығып, әңгіме жанрында баяндалған. Демек, әр жанр хабарды өзіндік әдіспен өзге жанрларға айналдырған деп түйіндеуге болады.
Жанрдың эволюциясын жүйелеу де кезең, уақытпен үндес келіп отырады. Ғалым В. Ученова «Жанрлардың арасындағы баю, өзгеру үрдісі 70-ші жылдардың орта шенінен басталады»,-дейді. В. Ученова жанрлардың диффузиялануын олардың бір-бірін байытуы әрі адамдардың өзін қоршаған ортамен байланысындағы қатынастың күрделене түсуімен бірлікте қарастырады. Адам санасындағы үздіксіз өзгеріс те жанр элементінің публицистика мәтініндегі ішкі сипатына өзінің әсерін тигізеді. Оған дәлел-есеп, сұхбат, корреспонденция, репортаж ақпараттық талдау аймағынан шыұуға ұмтылыс танытса, жрналистік зерттеу, пресс-релиз, әңгіме, болжау бүгінде жанрлар құрамында бірлікте қарастырылып келеді.
Зерттеуші Б. Чесноков эфирдегі хабарларда газет жанрларының түгелдей кездесетіндігін айқындап, «Теледидардағы рецензия, аннотация, сыни-библиографиялық шолулар газетке тән, олар теледидарға жасанды түрде кіріккен жанрлар болып табылады…Осы тектес жанрларды баспасөзге қалдырған орынды»,-дейді. Осы ретте газет, радио және теледидардағы жанрларды салыстыра зерттеген профессор М. Барманқұлов «Теледидарда жаңалықтар редакциясының қызметкерлерін ақпаратты-диктор, ЖТС, фото әлде синхронды кинопленка не бейнемагнитті жазба әлде студияға шақырылған адманың сөйлеген сөзін, әдіс – тәсілдердің қай түрімен беру қажет деген мәселе толғандырады. Осының әрбірінің өзіне тән пішіндік қана емес, әрі мазмұндық жағынан да айтарлықтай ерекшеліктері бар», - дейді. Сондықтан телевизияның орасан зор мүмкіндігі режиссер мен продюссерде шағын сюжет не хабарда жанрлар мен пішіндердің алуан түрін паайдалану құралдарының мол екендігі пайымдалды.
«… Жанр дегеніміз – дамып отыратын түсінік. Кешегі жанр бүгінгіден басқаша болып еді, ал ертеңгі күнгі оның сұлбасы тағы да өзгеше көрінуі мүмкін», - дейді М. Барманқұлов. Публицистиканың түрлік келбетінің үнемі өзгерісте болатынына осы пікір дәлел. Материалды даярлау кезінде әрекеттегі көріністі көрермен кө алдына келтіру үшін журналист сан алуан әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Олар: рациональды-теоретикалық, көркем-публицистикалық әлде түсінік пен бейненің бірлігі болып табылады. Осы өзгерісті алуан жанрдың газеттенрадиоға және теледидарға өткен кезең, уақыт аралығымен байланыстыра қарау қажет деген пікірге тоқталуға болады.
Жанр табиғатындағы өзгерісті өмірдің өзі тудырады. Бұл жанрлар эволюциясындағы алғашқы және басты себеп болып табылады. Егер 60-шы жылдары телевизиялық журнал танымалдыққа ие болса, 70-90 жылдары хабар, әңгіме, сұхбат, репортаж, очерк, шолу жанрлары, ал 1990-2000 жылдары түсініктеме, пікірталас, тікелей хабар, теле-думан үстемдікке ұмтылыс танытты. Сөйтіп жанр табиғатының эфолюциясын қоғамның даму процестерімен байланыстыра қарастырған орынды болып табылады.
Ғылыми еңбектерде зерттеушілер эволюция ұғымын белгілі бір жүйенің бір қалыптан екінші қалыпқа келуі, оның бұрынғы қалпының айтарлықтаймерзімде біртіндеп өзгеруі нәтижесінен болады деп түсіндіреді. Сондықтан, жанр эволюциясы да газет пен радиодағы өз қалпы мен пішінін өзгерте, түрлендіре, экран заңдылығына ыңғайлана отырып, баийды, өзгереді деп түйіндейік. М. Барманқұлов жанрлар эволюциясын: «а) жойылу (декрет, мәлімдеме, манифест, декларация), ә) қайта келу (репортаж, сұхбат), б) қайта түрлену және жаңа мазмұнмен толығу (публицистикалық шолу), в) дәстүрлі жанрлардағы өзгеріс; г) жанрдың басқаша мағынаға ие болуы», - деп түсіндірді. Жанр эволюциясын да біріншіден, уақытпен, екіншіден, бейнелеуші құралдармен, үшіншіден, жанрдың атқаратын функциясымен байланыстыра қарастыру керек деп байлам жасайды.
Телеэкран заңдылығына ыңғайланған жанрлар мен пішіндер бірте-бірте көрермендерге таныс бола бастады. 1958-1990 жылдардағы телехабарлардың негізгі пішіндерін: телевизиялық жинақ, телеплакат, лекция, телевизиялық анықтама, телеспектакль, телепастановка, телетолғау, телевизиялық клуб, телефестиваль, телеальманах, телеконференция, телеэкспедиция, телевикторина, телекалендарь, телевизиялық рейд, киносаяхат, кинопанорама, калейдаскоп, көрермендер хаттары, анкета, эстрадалық программа, концерт-әңгіме, поэзия театры, лирикалық минуттар, фильм-концерт, фильм-спектакль, пьеса-хроника, телекөрермендердің сұрақтарына жауаптар, жиналыс, конференция, лекторий, косултатция, музыкалық-әдеби викторина, музыкалық сәлемдеме, әдеби-музыкалық композиция, әдеби театр, поэзи театры, драмалық телеқойылымдар, музыкалық телеқойылымдар, шығармашылық портреттер, театр, кино қойылымдарына қысқаша аннотация, эстрадалық программалар құрады. Ал 1958-1990 жылдардағы жанрлар ретінде тележурнал, телехабар, тележаңалықтар, телехроника, телеәңгіме, телешоу, телеочерк, пікірталас, баспасөз конференциясы, телесұхбат, корреспонденция, суреттеме, телефельетон, телефильмді атауға болады. Жанрлардың эволюциялануы да техниканың өсуі, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеріп отыруы, қоғамның жаңа пішіндері қажетсінуі, арналар функциясының өзгеруі, шығармашылық және техникалық топтың ізденісінен жетіліп отыратындығын айтуға болады.
50-60 жылдары теледидарда пішіндердің кейбір экран спецификасына ыңғайласа өмір сүрсе, енді біреулері жоғалып жатты. Алпысыншы жылдары телевизиялық журнал болашағы мол деп танылды. Телевизияға пішін іздеу кезінде алғашқы қадамдар телевизиялық журнал ретінде алып келді… Хабардағы осы пішін көрермендер сүйіп көретін игілікке ие болды. Себебі теледидар өзінің қоғамдағы әлеуметтік міндетін орындай отырып, журналистиканың басылым түрінде бұрыннан белгілі тақырыптық, әртүрлілік, материалдағы жекелікті журнал түріндегі пішіннің өн бойына жинақтап, оны экранға қайта ыңғайластырды.
Алайда, телехабардың құрылымына біртіндеп ақпараттық-публицистикалық жанрлар енгізілді: көркем-публицистикалық жанрларды игеру басталды: телевизиялық хабарларды дербестендірудің алғашқы әрекеті іске асырылды; телекиноның бастапқы базасы жасалды; оқу-білім бағытындағы бағдарламалар туындады. Солай етіп, аудиторияның белнгілі бір топтарының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған хабардың теледидарға арналған жаңа түрлері табысты игеріле бастады.
1966 жылы Өскемен телестудиясы «17 жастағылар клубы» хабарын ұйымдастырды. Хабар мазмұны жағынан «брейн-рингпен» үндес, әрі пішіні жағынан оған жақын. Мысалы, Орталық теледидарда 90 жылдары өмірге келген «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасы «брейн-ринг» пішініне ұқсас. Алайда, «17 жастағылар клубы» көрермендер командасымен емес, өз араларында бір-бірімен оайнады. Хабарда студияға мектептің жоғары сынып оқушылары мен жұмысшы жастар шақырылған. Телешығармашылық топқа осылардың интеллектуалдық ой-өрісінің кілтін табу үшін, олардың педагогикалық білім саласынан хабардарлығына барлау жасау қажет болды. Оған қосымша сценарийдің өн бойындағы мазмұн мен идеяның тұтастығы да сақталды.
Телеэкрандағы хабарлардың тәрбиелік рөлімен бірлікте, аудиторияның күн санап өсіп келе жатқан талап-тілегін ескеру де маңызды болды. Телевизиялық альманах «Дидарда» замандастар жайлы микроочерк, суреттеме, жастармен сұхбат, әңгіме, репортаждар, республика комсомолының өмірі жайлы сюжеттер берілсе, жасөспірімдерге аранлаған «Өзіңді өзің таны», студенттерге арналған «Аудитория», жас ғалымдардың телевизиялық клубы «Ньютон алмасы», «Сөз сұраймын» рубрикасының негізінде пікірталас түріндегі хабарлар ұйымдастырылды.
1985-тің лебімен ере келген жариялылық, қайта құру да телеэкранға өзгеше тыныс, жаңа леп әкелді. «Тілден шідер, ойдан бұғау» алынған кезең тележурналистер үшін ізденіске толы болды. 1991-2004 жылдардағы шығармашылық топтың ізденісі нәтижесінде: телеанкета, телевикторина, телеүндесу, теле канферансье, телеакция, телеклуб, телекүнделік, телесаяхат, телеқадағалау, телебәйге, телекурьер, телеэкспедиция, тележаршы, телекөрсетілім, киноконцерт, Депутата арнасы, Үкімет арнасы, киносаяхат, телеойын, деректі хикая, теле-шоу, супер шоу, интеллектуалдық думан, интерактивті бағдарлама, пікірлесу клубы, саяси сараптама, сараптау, моноспектакль, мультоптама, бейнефильм, бейнебаян, бейнеантология, бейнеклип, кешкі бейнесалон, лингвистикалық телеолимпиада, этнографиялық телеолимпиада, әдеби телеолимпиада, аңдатап, саяси жарнама, журналистік зерттеу, жарнама, реалити-шоу, естелік-эссе, сыр-сұхбат, экологиялық бағдарлама, мөлтекспектакль, тарихитип, көбікті опералар, триллер, суперинтеллектуалдық телеойын, авторлық бағдарлама, триада: жаңалықтар-кинокөрсетілім – думан пішіндері экранда орнықты. Тәуелсіздік кезеңіндегі экран жанрлары – телесұхбат, телеәңгіме, телеочерк, телерепортаж, түсініктеме, баспасөз мәслихаты, пікірталас, анкета түрінде көрініс табуда.
Жариялықтан кейін телеэкранда «бейнеклип» пішіні көріне бастады. Бейнеклип – жарнама, әндер әрі әнді орындаушылар. Бейнеклипте алдымен музыканттар режиссерді іздестіріп, онымен одақ құрады да, оқиға одан әрі сценарий актерлерді таңдау, түсіру, монтаж түрінде өрбиді. Осы процестер режиссерден күш-жігер мен ойлампаздықты, шеберлікті талап етеді. Алайды, отандық бейнеклиптердің сәтсіздігін қысқа көріністер көп болған сайын, ол бейнеклип дәрежесіне сәйкестенеді деген режиссер ұғымының негізсіздігінен іздестіруге болады.
Телевизиядағы «журналистік зерттеу» пішіні ғалымдар назарына кештеу ілінді. Осы пішін қазақ теледидарында 80 жылдардың орта тұсында Қ.Қорғановтың «Бір хаттың ізімен» хабары негізінде телеэкранға орнықты. Зерттеуші Қ. Тұрсынов: «Журналистік зерттеу журналист тарапынан болатын күш-жігер, идея және ұсыныссыз жарыққа келмейді»,-дейді. Себебі, журналист материалдарытерей ірі жан-жақты зерттеу нысанына айналмағандықтан хабарларда үстірттік, асандылық белең алды. Журналистік зерттеуде автордан талант пен сезімталдылық, әрі осы саланың заңдарымен таныс болу, әрі өз материалын дерекке негіздеу қатаң талап етіледі. Автор «Бір хаттың ізімен» хабарын көрермендер хаттарының желісімен жасап, онадағы көтерілген мәселені нысанаға барғанға дейін тыңғылықты зерттеп, оқиға орнына арнайы топпен, барып, іске жан-жақты қанығып, кейін студияға оған қатысы бар ұйым, мекеме басшыларын шақырып, келелі әңгіме қозғады. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намасын орынсыз аяққа таптамай, болғанды болған күйінде баяндай отырып, журналистік зерттеу әдістеріндегі: алдын – ала тексеру, деректер, салыстыра талдау, бақылау, сұхбат түрінде хабарда жүйелі түрде көрсете білді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет