4. Студенттердің өздік жұмысы



бет17/57
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59245
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Дәрістің жоспары:

  1. Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі.

  2. Ұлтымыздың тек өзіне тән бояуы мен әзіл-қалжыңын, өзіне тән айшықтарын бедерлеп беріп жүрген отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері.

Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы диплом жұмысында қазіргі күні тікелей эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық» сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік.


Негізінде аудиторияның психологиялық жағынан эфирге бейімделуі тәулік аясындағы уақыт мезгілдеріне де байланысты болып келеді. Әлбете, ең әуелі таңертеңгілік эфирге тән ерекшеліктерге тоқталамыз. Теледидардағы таң - ең маңызды мезгіл. Өйткені таң қалай басталса, күн солай өтеді. Ауа толқынындағы таңертеңгілік топтама негізінен 7.ОО ден немесе 7.3О дан басталып, 9.ОО ге дейін немесе 1О.ОО ге дейін созылады. Таңертеңгілік эфир адамның өмір ағысын, жүрек қағысын, тіршілік тынысын бейнелумен ерекшеленеді. Әдетте, адам теледидардағы үн ырғағымен оянады, ертеңгілік жаттығу жұмыстарын да сол арнада өтіп жатқан жаттығулармен бірге жасайды. Тіпті теледидар арқылы түрлі ас мәзірін жасауды үйренеді. Егер түсінбей жатқан жері болса, қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Түрлі пайдалы кеңестер алады. Қазіргі таңда отандық телеарналар ішінде таңертеңгілік шығатын Оян, қазақ Міне, тікелей эфир құдіреті осы. Қазақ елін «Оян, қазақ» деп ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен оятатын бұл хабар қазір көпшілік көрерменнің үйінде таңертеңгі 7.3О дан 9.ОО ге дейін қосылып тұрады. Хабар зерліліктен - зерделікке, кемелдіктен-парасаттылыққа, ұғынықтылықтан-ойлылыққа, ойлампаздықтан-алымдылыққа ұласқан талантты теледидардың бағын ашты.
«Оян, қазақ»! Тақырып қалай сәтті табылған. Әрі өмірге құштар, әлі де елең-алаңдағы жастар редакциясының гүл жарған жүректерінен шығып, балаң аудиторияға бет түзеген ақжолтай хабар. Сәтті табылған тақырыпқа орай мазмұнды әңгіме, су шайқалмас жорғаның аузымен экранда тоқтаусыз төгіліп жатса, хабар ажары ашыла айшықтанып, студиядағы қонақтар да, бөлшектен тұтастыққа айналып, одан бүтін бітім пайда болған шақты көру бір ғанибет. Әсіресе «Ұйқыашар» деген атқа ие болған көрермен ойналатын интерактивті сұрақ-жауап танымдық тұрғыдан алғанда халыққа берер пайдасы зор. Бағдарлама аясындағы «Үздік әндер» топтамасы да қазіргі қазақ эстрадасының шоқтығын көтеріп, хабардың көркін аша түскен. «Үздік» шыққан әннің орындаушысын қонаққа шақырылып, оларға көрермендер тарапынан қойылатын жанды сұрақтарда «Оян, қазақты» өзге хабарлардан көшілгері бастап келеді. Хабар барысында беріліп отыратын қысқа метражды сюжеттер мен оларға жүргіушілер жасайтын қысқа қайырмалар да көрермендерді жалықтырмайды. Бірақ, біздің мақсат қазақ тіліндегі хабар деп сыпыра мақтай беру емес, я, қаралау емес, зерттеуші және көрермен тұрғысынан сын айту. Алдымен көзге түсетін хабардың түсірілу алаңы, яғни студиясы. Суретші-декаратор немесе режиссердің әлі де ойлана түсуін қажет етеді. Таң атты, күн шығып келеді. Философиялық тұрығдан дұрыс, бірақ тас-төбеңнен төніп тұрған күн, ал астында қысылып, қымтырылып екі жүргізуші отырады. Екі адам әрең сыйып отырған студияға екі-үш қонақ келсе, көрермен кімді және нені көріп отырғанынан шатысындай халге жетеді. Байқауымызша, студия операторлары режиссердің басшылығынсыз дербес жұмыс істеп кетеді. Кейде понорама (кадрды баяу жылжыту) жасаймын деп, белгісіз, түсініксіз суретті алып тұрып қалады. Мұны, әрине, телевидение өнерінен хабары жоқ жалпақ жұрт түісіне бермейді. Ал білген адамға осындай олқылықтар көзге бірден ұрып тұрады. Бұл, техникалық топтың еншісіндегі шаруа. Ал шығармашылық топқа келсек, жүргізушілер кейде қонақпен өткізетін сұхбаттың уақытын тым созып алады. Бағдарлама, ақпараттық, танымдық, ауық-сазды, интерактивті болғандықтан, студия қонағына 8-1О минут уақыт берілсе жетіп жатыр. Таң атпай, бетіңе грим салып, шашыңды қатырып, түнімен ұйықтамаған адамдай сергек түр жасау да өз алдына қиын шаруа. Ең бастысы, көрерменді ұйықтатып алмай, көңілді отыру керек. Көңілдену деген – эфир кезінде бар дауысыңмен күлу емес. Бұл бұрынғы жүрізуші Нәзира Бердалыға қатысты айтылар жайт. Кей хабарда күліп тоқтай алмай отырғанда, өзің ұяласың. Сондықтан, жүргізушілерге ұстамды да болған дұрыс. Данияр Есен, Жанар Шәмел, Бақыт, Гүлжазира сынды әлі тәжірибесі толыспаған жүргізушілердің студия қонағына қояр сауалдары нақты емес. Көрермен тұрмақ, кейде қонақта өзіне қатысты қойылған сауалды түсіне алмай қалады. Ондай-ондай хан қызында да болады. Ең бастысы, хабардың іргетасы мен қабырғасы мықтап қаланды. Ұлтымыздың тек өзіне тән бояуы мен әзіл-қалжыңын, өзіне тән айшықтарын бедерлеп беріп жүрген сындай хабарлар көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет