15
Мәтіндерді оқып шық және оларға тақырып қойып көр!
А ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Американың танымал диетологі, невропатолог Джонни Боуден денсау лыққа ең пайдалы 12 тағам
түрін анықтады.
Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін та ғамдардың тізімін
жасаған. Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнім дер мыналар: жидектер,
асбұр шақ,
жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұ мыртқа, орамжапырақ, алма,
сарым сақ пен пияз, анар және көк шай.
Ә ----------------------------------------------------------------------
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің
ішінде тағамды жоғары қойған. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы
ет пен сүт
болған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа
тағамдар әзірлеген. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.
Б --------------------------------------------------------------------------------------------
Алма шырыны қан тамыр жүйесіне оң әсерін тигізетін темірге өте бай.
Бұл қарапайым сусын
тіпті ұзақ жылдар бойы темекі шегетін адамдардың өкпесінің жұмысын жақсартып, тыныс
алуына жақсы әсер етеді. Құрамы С витамині мен органикалық қышқылға өте бай.
Соның
нәтижесінде ол аз калориялық қасиет көрсетіп, артық салмақ тастаймын деген адамдардың
айырылмас досына айналған.
Достарыңызбен бөлісу: