6. Салауатты өмір
6.1 Өз биіңді жаса
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Дене мүшелері, қимыл-қозғалыс етістіктері
Дағды
Айтылым, тыңдалым және оқылым
Ойлау әрекеті
Жасау
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауға үйрету
Қарым
-
қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
Дайындық
Оқушыларға билеуге қолайлы ән таңдаңыз.
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларға бірігіп жаңа би ойлап табатындарыңызды айтыңыз. Бір музыка
қойып, алғашқы қимыл түрлерін ұсыныңыз. Мысалы:
Қолдарыңды қолдарыңа
қойып, саусақтарыңмен басыңдар.
Бұл сөйлемді тақтаға жазып, оқушыларға осы
қимылды жасатыңыз.
2. Оқушылар жұптарымен келесі би қимылына не таңдайтындықтарын жоспарлауы
керек. Кейбір ұсыныстар 25-кестеде көрсетілген. Кейін оқушылардың бірі би
қимылын көрсетеді, қалғандары қайталайды. Қимылдың атауын тақтаға жазасыз.
3. Қимыл атауларын жазған кезде оқушыларға түсіндіріп, артынан ауызша
қайталатып отырыңыз. Себебі кейбір оқушылар қимыл қозғалыс атауларын
білмеуі мүмкін.
4. Тақтаға жазылған барлық қимыл атауларын оқушыларға оқытып, кейін ән қосып,
оқушылармен бірлесіп би билеуге болады.
|