33
-
кесте.
Тіркестер
Сұрақ құрастыру
Сөйлем үлгілері
Көңілі қалу
Көңілі көтерілу
Көңілін аулау
Көңіл бөлу
Көңілі шалқу
Біреуден көңілің қалған кез
болды ма?
Ән салғанда көңілің көтеріле ме?
Ренжіген адамның көңілін қалай
аулайсың?
Достарыңа көңіл бөліп жүрсің
бе?
Көңілі шалқып қуанған адамды
көрдің бе?
Досымнан көңілім қалды, уәдесіне тұрмайды.
Би билеген кезде көңілім көтеріледі.
Біреу ренжіп жүрсе қызықты әңгіме айтып
көңілін аулауға тырысамын.
Достарыма хабарласып тұрамын, сөйтіп үнемі
көңіл бөліп тұрамын.
Ағам оқуға түскен кезде, көңілі шалқып
қуанған.
Қосымша
• Оқушыларға «көңіл» сөзіне байланысты өзге де іздену жұмыстарын
беруге болады. Мысалы, көңіл кірі, көңіл кешу, көңіл жүгі, көңіл ашу,
көңіл көзі, көңіл рахаты, көңіл жұмбағы, көңілді тыю, көңілсіз құлақ,
қара көңіл, ақ көңіл, қам көңіл, тоқ көңіл, жай көңіл, суынған көңіл,
құс көңіл, қайғылы көңіл, есер көңіл, мазасыз көңіл, талапты көңіл,
жаралы көңіл, т.б.сөздері.
Достарыңызбен бөлісу: |