4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы


-мәтін Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры



бет2/6
Дата17.05.2023
өлшемі30,46 Kb.
#176977
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТЖБ 4-тоқс 9 қт

2-мәтін
Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры:
- «Адамның күні – адаммен» демекші, өмірде барлығымыз бір-бірімізбен өзара байланыстамыз. Дегенмен адамдар шын мәнінде жарастықта, үйлесімде өмір сүріп жатпағаны да рас. Бүгінгі күні адамзат ақпараттар, технологиялар және біліммен жақсы қаруланған, бірақ, өкінішке орай, соғыс пен түрлі қақтығыстарға жол бермеуге қауқары жетпеуде.
Көпшілігіміз үшін, шүкір, бейбіт өмір – күнделікті шындық. Күнбе-күн біздер университетке жұмысқа барамыз, көшелеріміз тыныш… Сонда біз осы мамыражай бейбіт тірлік құндылығына аса көңіл бөлмеуіміз де мүмкін. Бейбітшілік те ауа сияқты – барлығы білінбейді, ал егер жазатайым жоқ болып қалса – тіршілікке үлкен қауіп тудырады. Өкінішке орай, бізге күнделікті үйреншікті жағдай – әлемнің түрлі бөліктерінде шиеленіс пен қорқыныш қаупіне бөленген адамдар үшін арман ғана.
Бүгінде кикілжің мен қақтығыстар шиеленісе түсуде. ХХІ ғасыр дерті дерлік лаңкестік зардаптары, қоғамдағы қорқыныш пен үрей, жеке тұлғалар санасының зиянды стереотиптерге бейім болуы адамзат өркениетіне, тіпті, бүкіл планетадағы өмірге қауіп төндіруде. Демек әлеуметтік жүйе де, рухани-адамгершілік принциптер мен құндылықтар да сынға түсер заман туып тұр.
Біз қоғамның жүйелі қағидаттары ретінде «қауіпсіздік мәдениетін», «бейбітшілік мәдениетін» жиі айтамыз. «Бейбітшілік мәдениеті» құндылықтарын қолдау және оны өндірудің маңыздылығын мойындау аясында шынайы саясатта көретініміз мүлдем басқа жағдай – қоғамдық қауіпсіздік атын жамылған «соғыс мәдениеті». Осы жағдайды терең түсінген Президент: «…соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр», – деп ескертті.
1-мәтін
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек», – деп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударған болатын.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен.
Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде, сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды, еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін және ауылшаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негіздеу керек. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада суармалы жерлер алқабын 1,5 есеге арттыру көзделген. Негізгі акцент жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет