Бақылау сұрақтарына жауап: Тармақталу операторының қызметі?
Тармақталу операторы – шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.
Шарт ретінде логикалық қатынастар қолданылады. Логикалық қатынастар өрнегін жазу үшін мынадай қатынас белгілері қолданылады: <, >, =, <=, >=, <> (тең емес),AND (логикалық «және»), OR (логикалық «немесе»). Паскаль тілінде шартты көшу операторының 2 түрлі құрылымы бар.Тармақталу операторлары:
IF - ЕГЕР
THEN - ОНДА
ELSE– ӘЙТПЕСЕ
Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі: