0 ден 1 ге дейінгі аралықтағы кездейсоқ санды есептейді .
StringGrid1 компонентiн қай кезде қолдана аламыз?
StringGrid1 компонентi- Әртүрлі мәтіндердің кестелік түрде көрсетілуін қамтамсыз етеді.
BitBtn және Button компоненттерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Standard парағында орналасқан Button батырмасы стандарт батырма болып табылады да, қосымша жасауда жиі қолданылады. Ал Additional парағында батырманың ерекше түрі –Bitbtn қолданылады. Бұл батырманың қарапайым батырмадан айырмашылығы- оның бетіне сурет орналастыруға болады. Батырма бетіндегі жазу Caption қасиеті арқылы қойылады.
Bitbtn батырмасының Kind қасиеті батырма түрін анықтайды. Бұл қасиеттің қалыпты жағдайдағы мәні- bkCustom. Одан басқа да мәндері: bkOK, bkCancel, bkHelp, bkYes, bkNo, bkClose, bkAbort, bkRetry, bkIgnore, bkAll. Бұл батырмаларда сәйкес жазу мен пиктограмма орнатылған.