REPEAT операторы. REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айымашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексерніледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады..Бұл оператор . REPEAT ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін ) түйіді сөздерін пайдаланады.
FOR операторы. Циклдегі операторларды қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда – FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені қайталану саны функция аргумені сияқты циклдің параметрі атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі. Параметр өзінің алғашқы мәнін соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгерту барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталап орындауды атқарады.Оператор – FOR сөзінен басталатын оның тақырыбынан және цикл тұлғасынан тұрады.