406 бап. Сатып алу-сату шарты


-бап. Жиынтықталмаған тауарлар берудiң салдары



бет19/25
Дата21.12.2021
өлшемі47,3 Kb.
#104556
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
Сатып алу-сату шарты

433-бап. Жиынтықталмаған тауарлар берудiң салдары

1. Жиынтықталмаған тауарлар берiлген жағдайда (осы Кодекстiң 431-бабы) сатып алушы өз таңдауы бойынша сатушыдан:  



  1. сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;  

  2. тауарларды қисынды мерзiмде толымды жиынтықтауды;  

  3. жиынтықталмаған тауарды жиынтықталған тауармен алмастыруды;  

  4. шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.  

434-бап. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю

1. Егер шартта өзгеше көзделмесе және мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.

2. Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгiленбесе, тауар, осындай тауарға арналған әдеттегi әдiспен, ал бұлай болмағанда - сақтау мен тасымалдаудың әдеттегi жағдайларында осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн әдiспен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиiс.

3. Егер заңдарда белгiленген тәртiппен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға тауарды осындай міндетті талаптарға сай келетiн ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.



435-бап. Тауарды ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салмай және (немесе) буып-түймей берудiң салдары

1. Ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиіс тауар сатып алушыға ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салынбай және (немесе) буып-түйiлмей берiлген жағдайда сатып алушы сатушыдан, егер шарттан, мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауардың сипатынан өзгеше туындамаса, тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп берудi не тиiстi дәрежеде емес ыдысты және (немесе) буып-түйiлген орауышты алмастыруды талап етуге құқылы.  

2. Сатушыға осы баптың 1-тармағында аталған талаптар қоюдың орнына, сатып алушы оған тиiстi сапасы жоқ тауар беруден туындайтын өзге де талаптар қоюға құқылы (осы Кодекстiң 428-бабы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет