Жылға (жылдарға) 1 бөлім Жалпы ережелер



Дата29.03.2018
өлшемі303,51 Kb.
#39811


ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ҮЛГІСІ (ЖОБАЛЫҚ)
_______________________________________________________________

(Ұйымның аты)


__________________ жылға (жылдарға)
1 бөлім
Жалпы ережелер
Осы ұжымдық шарт қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, ұйым қызметінің қолайлы жағдайын жасау мақсатында жасалған; ұйым жұмысының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің тіршілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ ҚР еңбек заңнамаларын, еңбек құқығы нормаларынан, салалық мөлшерлемелік келісімдерден және осы шарттан құралатын басқа актілерді орындау үшін тараптардың өзара жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, «Кәсіптік одақтар туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Өкіметінің, Республикалық кәсіподақтар бірлестігімен және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімге және Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес әзірленген.

Ұжымдық шарт бір жағынан - меншік иесінің қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бойынша міндеттемелерін, екінші жағынан – еңбек ұжымының әкімшіліктің құқығын және мүдделерін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін қарастырады.

Осы ұжымдық шарт ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттейтін құқықтық акті болып табылады және қызметкерлер мен олардың өкілдері ретінде жұмыс берушінің арасында жасалады (ҚР Еңбек Кодексінің 1 б. 78т. және 260 б. 4т.).




    1. Ұжымдық шарттың тараптары .

Осы ұжымдық шарттың Тараптары болып табылады:


_________________________________________________________

(ұйымның аты, оның басшысы ретінде)



_________________________________________________________

( ұйым басшысының аты-жөні)
одан әрі ұйымның «жұмыс берушісі» деп аталатын және ұйымның қызметкерлері ретінде

______________________________________________________________

(кәсіподақ ұйымы органының аты )
одан әрі «кәсіподақ» деп аталатын.



    1. Шарттың мәні.

Осы шарттың мәні тараптар арасындағы әлеуметтік серіктестікке және қызметкерлерге экономикалық мүмкіншіліктерді ескере отырып белгіленген заңдармен, нормативтік құқықтық актілермен, Салалық мөлшерлемелік келісімдермен, басқа да келісімдермен салыстырғанда едәуір қолайлы кепілдіктер және жеңілдіктер ұсыну шеңберінде өзара түсіністікке қол жеткізу болып табылады.


Ұжымдық шарттың әрекеті.
Ұжымдық шарттың әрекеті ҚР Еңбек Кодексінің 285 бабының 3 тармағымен регламенттелінеді.
1.3.1 Ұжымдық шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жаңа Ұжымдық шарт қабылдағанға немесе екі тараптың өзара келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізгенге дейін әрекет етеді.
1.3.2. Ұжымдық шарттың әрекеті жұмыс берушіге және осы ұжымдық шарттың жасалуына негіз болған қызметкерлерге және жазбаша өтініш негізінде оларға қосылған қызметкерлерге қатысты (ҚР ЕК 285 б. 2т.)
Тараптардың ортақ міндеттемелері.
1.4.1. Әкімшілік және кәсіподақ осы шарттың талаптарын мүлтіксіз сақтауға, бір-бірінің мүдделерін құрметтеуге, өзара түсіністікке қол жеткізе отырып тайталастардан қашуға міндеттенеді. Барлық мәселелерді келіссөздер жүргізу және кеңес беру жолы арқылы шешу керек.

Ұжымдық шарттың барлық қосымшалары оның ажыратылмайтын бөлігі болып табылады және онымен теңдей заңды күші бар.


1.4.2. Тараптар, қызметкерлер қазір қолда бар құқықтардан және жеңілдіктерден айырылмауы тиіс, өндіріс көлемінің қысқаруынан және ереуілдерден басқа.
1.4.3. Ұжым шартқа қол қойған тараптардың кез-келгені Ұжымдық шартты орындау барысына бақылау жасауды жүзеге асыру жөніндегі комиссияға тараптардың қабылдап қойған міндеттерін орындаулары үшін кедергі келтірмейтін өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстарын енгізуге құқылы. Соңғы шешім әкімшілік пен кәсіподақтың біріккен қаулысымен қабылданады.
Ұжымдық шарттың орындалуы жылына кемінде 1 рет конференцияда қаралады.
1.4.4. Жұмыс беруші осы шарттың талаптарын ұстануға және ережелерді орындауға міндеттенеді, ал кәсіподақ жұмыс берушінің (әкімшіліктің) қабылдаған міндеттерін орындау жағдайында ұжымдық шарттың әрекет етуі кезінде ереуілдерді ұйымдастырудан тыйылуға міндеттенеді.
1.4.5. Осы ұжымдық шартпен қарастырылған міндеттемелерді бұзатын немесе орындаматйын жұмыс беруші және ұйымның қызметкерлері ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауап береді.
1.4.6. Тараптар Ұжымдық шарттың мәтінін қол қойылған күннен бастап бір айда әрбір қызметкерге мәлімет үшін жеткізуге міндеттенеді.
1.4.7. Әкімшілік (жұмыс беруші) кәсіподақты ұйым қызметкерлерінің оның жалпы жиналысында (конференциясында) олардың еңбек және сонымен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынасы салаларындағы мүдделерін ұсынуға уәкілеттік беретін жалғыз өкіл деп таниды.
Ұйымның тұрақты және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету, қызметкерлердің тіршілік деңгейін арттыру мақсатында жұмыс беруші міндеттенеді:

- ұйымның тұрақты қаржы жағдайына жетуге;

- қызметкерлердің құқықтарын және Заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;

- қызметкерлерді заңнамамен және осы шартпен қарастырылған барлық құқықтық және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуге;

- қызметкерлердің өтініштерін бір айға дейінгі мерзімде қарауға, ал қосымша зерттеулерді және тексерулерді талап етпейтін мәселелерді шешкен жағдайда – кемінде 15 күн мерзімде өтініш иесіне ауызша және жазбаша нысанда жауап беруге;

- тең бағалы еңбек үшін еңбектің тең төлемақысымен қамтамасыз етуге;

- тиесілі жалақысын ұжымдық шартпен белгіленген мерзімде толық көлемде төлеуге;

- қызметкерлердің жалақысы және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымы бойынша берешегінің пайда болуына жол бермеуге;

- еңбек шартымен уағдаласылған жұмысты ұсынуға;

- еңбектің қауіпсіз жағдайын жасауға;

- қызметкерлерді өздерінің еңбек міндеттерін орындаулары үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және басқа да құралдармен қамтамасыз етуге;

- қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға;

- қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыруға;

- қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды іске асыруға;

- әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша шешім қабылдаған кезде жұмыс беруші оларды алдын ала кәсіподақпен келіседі және оны қажетті ақпаратпен және нормативтік құжаттамалармен қамтамасыз етеді.
1.4.8. Осы ұжымдық шарт шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақ комитеті міндеттенеді:

- конституциялық құқық, әрекеттегі заңнама негізінде және осы Ұжымдық шартқа сәйкес қызметкерлердің – кәсіподақ мүшелерінің құқықтық, экономикалық, кәсіби және әлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарды үнемі жүргізуге;

- денсаулықты, еңбекті және қауіпсіздік техникасын сақтаудың жай-күйіне, ұйымдағы еңбек тәртібіне, қызметкерлерді көлік құралдарында жұмысқа және кері жеткізетін жол жүру тәртіптеріне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

- жұмыс берушінің ҚР еңбек туралы заңнамасын және еңбек құқығы нормаларынан, еңбек тәртібі Ережелерінен тұратын басқа да актілерді ұстануына бақылау жасауды қамтамасыз етуге;

- осы шарттың орындалуына үнемі бақылауды жүзеге асыруға, әкімшіліктің шарт талаптарын бұзуды жою туралы ұсыныстарын енгізуге;

- кәсіподақ мүшелерін ұжымдық шарттың орындалу барысына бақылаудың нәтижелері туралы ақпараттауға;

- қызметкерлерге және мүшелеріне демалыс үйлеріне жолдамаларды, кәсіптік тексеру нәтижелері бойынша санаториялық-шипажайларда емделуді ерекше қажет ететін қызметкерлерге жолдама сатып алуға ықпал етуге;

- спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға;

- ұйымдағы еңбек тәртібін қатайтуға ықпал етуге.

1.4.9. Ұйым қызметкері міндетті:
- өндірістік тапсырмаларды жүзеге асыруға, ұйым қызметінің тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыру үшін талпынуға;

- еңбек тәртібі Ережелерін сақтауға;

- өзінің жұмыс орнын, жабдықтарды және құрал-саймандарды таза және жарамды күйінде күтіп ұстауға, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға;

- өзінің кәсіби деңгейін арттыруға.


2 бөлім.
Еңбек қатынастары және еңбек шарты
2.1. Еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының заңнамасымен, ұжымдық шарттармен қарастырылған құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру үшін туындайтын қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынас (ҚР Еңбек Кодексінің 1 б. 24 т.)
Еңбек шарты кемінде екі данада жазбаша нысанда жасалады және тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы қызметкерде және жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің алған еңбек шартының данасы жазбаша нысанда расталады (ҚР Еңбек Кодексінің 32б. 1 т.). Еңбек шартының мазмұны ҚР Еңбек Кодексінің 28б. регламенттеледі.
Жұмысқа қабылдауды ресімдеу ҚР Еңбек Кодексінің 33 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2.4. Жұмыс беруші (әкімшілік) және кәсіподақ қызметкермен еңбек шартын белгілі мерзімге жасаған кезде осы мерзім кемінде бір жылға жасалуы тиіс деп шешімге келеді, ҚР Еңбек Кодексінің 29 бабы 1 тармағының 3); 4); және 5) тармақтарымен белгіленген жағдайлардан басқа, атап айтқанда – белгілі бір жұмысты орындау уақытына; уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндетін уақытша атқару уақытына; маусымдық жұмыстарды орындау уақытына.

Қызметкермен еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, бұрын кемінде бір жылға жасалған еңбек шарты, соның ішінде еңбек шартының мерзімін ұзартқан кезде ол белгісіз мерзімге жасалды деп есептелінеді.

Егер еңбек шартының әрекет ету мерзімі аяқталған кезде тараптардың ешқайсысы бір тәулік ішінде еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе, онда ол белгісіз мерзімге жасалды деп есептелінеді.
2.5. Салдары қызмектерлердің санын босату немесе еңбек жағдайының нашарлауы болуы мүмкін кәсіпорынды толығымен немесе оның құрылымдық бөлімшелерін тарату, өндірісті толығымен немесе ішінара тоқату кәсіподаққа алдын ала жазбаша хабарлау арқылы жүзеге асырылады. Алда тұрған қызметкерлерді босату туралы персоналға жеке-жеке бір ай бұрын ескертіледі.
2.6. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын жүзеге асыру мәселелерін шешу кезінде өзара кеңес беру және кәсіподақтың пікірін ескеру қажет.
3 бөлім.
3. Жұмыс уақыты.
3.1. Жұмыс уақыты кәсіподақпен бірлесіп жасалған және бектілген еңбек тәртібінің ережелерімен анықталынады (ҚР ЕК 69 б.)
3.2. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін келесі жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленеді:

- аптасына 40 сағаттан аспайтын қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы (ҚР Еңбек Кодексінің 77 б. 1 т.);

- ҚР Еңбек Кодексінің 202 бабына сәйкес ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы.
3.3. Үздіксіз жұмыс аптасы кезінде жұмыстың тоқсандық кестесі бойынша ( ) сағат ауысым ұзақтығымен жұмыс уақытының жинақталған айлық есебі белгіленеді.
3.4. Жұмыс уақытының жинақталған есебі кезіндегі жұмыс тәртібі жұмыс уақытының жинақталған есебі белгіленетін қызметкерлердің санаттары кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша анықталынады (ҚР ЕК 86 б. 5 т.).
3.5. ҚР Еңбек Кодексінің 6-9 тарауларына сәйкес еңбек тәртібі ережелерінде белгіленеді:


  • жұмыс уақытының ұзақтығы:

  • қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы;

  • жеке санаттағы қызметкерлерге арналған қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы (он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін – ҚР ЕК 181 б.; ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін – (202 б.); бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін – (ҚР ЕК 224 б.); (тізбе қоса тіркеледі);

* қызметкерлердің демалу уақтысының ұзақтығы;

* еңбек тәртібімен қамтамасыз ету жағдайлары, еңбек қатынастарын реттеудің басқа мәселелері (ҚР ЕК 76 б.);



  • жұмыс аптасының ұзақтығы (жылжымалы кесте бойынша демалыс күндерін ұсынатын болып екі демалыс күні бар бес күндік, бір демалыс күні бар алты күндік (ҚР ЕК 82 б.);

  • күн сайынғы – жұмыс ауысымының ұзақтығы (ҚР ЕК 82 б.);

  • жұмыстың басталу және аяқталу уақыты;

  • түнгі уақыттағы жұмыс – басталуы және аяқталуы (ҚР ЕК 87 б.);

  • жұмыстағы үзіліс уақыты;

  • ауысым кестелері (ҚР ЕК 84 б.);

  • жұмыс күнін еңбектің ерекше сипатынан қажетті жұмыстарға бөлу (ҚР ЕК 83 б.) (жұмыс түрлерінің тізбесі қоса тіркеледі);

күн сайынғы жұмыс ішінде (жұмыс ауысымы) қызметкерге демалыс және тамақтану үшін үзіліс ұзақтығын кемінде жарты сағат сағат бастап дейін ұсыну (ҚР ЕК 93 б. 1 т. және 4 т.).
3.6. Ауысым кестелері қызметкерлерге олар әрекетке енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірілмей мәлімет үшін жіберіледі (ҚР ЕК 84 б. 4 т.).
3.7. Мерзімнен тыс жұмыстарға тартылмайды:

(ҚР ЕК 88 б.)

- жүкті әйелдер;

- он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер.
3.8. Түнгі уақыт болып сағат 22-ден таңертенгі сағат 6-ға дейін саналады.
3.9. Мерзімнен тыс жұмыстар ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленген жұмыс күнінің (ауысымның) ұзақтығынының үстіндегі жұмыс болып саналады.

Мерзімнен тыс жұмыстарға тек қызметкердің келісімімен жіберіледі, келесі жағдайлардан басқа:

а) төтенше жағдайлардың, табиғат апаттарының , өндірістік апаттардың алдын алу немесе олардың салдарын тез арада жою үшін;

б) сумен қамсыздандыру, газбен қамсыздандыру, жылыту, жарықтандыру, кәріз, көлік бойынша қоғамдық қажетті жұмыстарды жүргізу, оларды дұрыс жасау кезіндегі бұзатын кенеттен болатын немесе күтпеген жағдайларды жою үшін байланысу кезінде;

в) ауыстыратын қызметкер келмеген кезде жұмысты жалғастыру үшін, егер жұмыс тоқтамауы керек болса, бірақ 6 тармақта қарастырылған сағаттар санынан көп болмауы керек.
3.10. Мерзімнен тыс жұмыстар әр қызметкер үшін бір күнтізбелік күннен аспауы тиіс: қалыпты еңбек жағдайымен жұмыстарды – екі сағат; ауыр күш жұмсайтын жұмыстарда және еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстарда – бір сағат. Аса зиянды және аса қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынады. Өндірістің қалыпты үдерісін сақтау үшін мерзімнен тыс жұмыс істеу қажеттілігі ауысымның жүйелі ұзаруын болдырмауы тиіс.

4 бөлім
4. Демалыс уақыты
4.1. Демалу және тамақтану үшін үзілістің басталу, аяқталу уақыты және ұзақтығы ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен белгіленеді.
4.2. Бес күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін қызметкерлерге аптасына екі күн демалыс беріледі, ереже бойынша сенбі және жексенбі. Үздіксіз өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің демалыс күндері жұмысқа шығу кестесімен белгіленеді. Қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы жұмыстың аяқталуы мен келесі күні басталуы уақытының (ауысым) арасында 12 сағаттан кем болмауы керек.
4.3. Қызметкерді демалыс күндері жұмысқа шақыру тек қызметкердің келісімімен жүзеге асырылады, келесі жағдайлардан басқа:

а) төтенше жағдайлардың немесе табиғат апаттарының алдын алу үшін;

б) өндірістік апаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, олардың салдарын жою үшін;
4.4. Бір жарым жасқа толмаған балалары бар әйелдерге демалу және тамақтану үшін үзілістен басқа, баланы тамақтандыруға сағат бастап

дейін қосымша үзіліс беру керек (ҚР ЕК 188 б.) (тізбе қоса тіркеледі).
4.5. Жылдың суық кездерінде ашық ауада немесе жылытылмаған жабық жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жұмыс уақытына кіретін жылыну және демалу үшін сағат үзіліс беру керек; қызметкерлердің жылынуына және демалуына арналған жайлардың жабдықталуын қамтамасыз ету керек (ҚР ЕК 94 б.) (тізбе қоса тіркеледі).
4.6. Ұйымның барлық қызметкерлеріне ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күні бар жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысын беру керек (ҚР ЕК 101 б. 1 т.).
Ақылы демалысты ұсынудың кезектілігін кәсіподақ комитетінің келісімімен бекітілген демалыстардың кестелеріне сәйкес жыл сайын анықтау керек.

Өндірістік қажеттілікке байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бұл жайында еңбек демалысының басталуынан кемінде екі апта бұрын жазбаша хабарлауы тиіс (ҚР ЕК 107 б. 2 т.).

Жыл сайынғы еңбек демалысын тоқтату өндірістік қажеттілік бойынша және қызметкердің келісімімен рұқсат етіледі. Әкімшілік еңбек демалысынан кері шақырған кезде тараптардың келісімдері бойынша еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі ауыстырылуы, келесі жылдың демалысына қосып берілуі немесе пайдаланбаған демалысына өтемақы төленуі мүмкін. Қызметкерді кезекті демалысынан кері шақыру қосымша демалыс күндерін толығымен пайдаланған кезде рұқсат етіледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысы демалыс кезінде болған уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде, қызметкердің демалысты тоқтатуы туралы өтінішін тапсырған күннен бастап тоқтатылуы және ауру парағы аяқталғаннан кейін жалғастырылуы мүмкін.
4.7. Демалысқа шықққан қызметкерге төлемақы еңбек демалысы басталған күнге дейін 3 күннен кешіктірмей жүргізілуі керек (ҚР ЕК 105 б. 5 т.).
4.8. Зиянды (аса зиянды) және қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстар, ауыр күш түсіретін жұмыстар үшін жыл сайынғы қосымша демалыстар ұйымның қызметкерлеріне зиянды (аса зиянды) және (немесе) ауыр (аса ауыр), қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайлары, жыл сайын ақылы еңбек демалысына және қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығына құқық беретін жұмыстары бар өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің және лауазымдардың Тізіміне сәйкес белгіленеді (ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 19.07.2000ж. №175-п бұйрығы).
Қосымша ақылы демалыс берілетін қызметкерлердің лауазымдарының және кәсіптерінің тізбесі ұжымдық шартқа қоса тіркеледі.
4.9. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы берілу керек (ҚР ЕК 102 б.):
- ауыр жұмыстармен, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге, ұзақтығы кемінде алты күнтізбелік күн;

- бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде он бес күнтізбелік күн.


Қосымша ақылы демалыс берілетін қызметкерлердің лауазымдарының және кәсіптерінің тізбесі ұжымдық шартқа қоса тіркеледі.

Қаржылай мүмкіндік болған кезде ұжымдық шартпен қызметкерлерге үздіксіз ұзақ мерзімді жұмыс істегені, маңызды, күрделі, шұғыл түрдегі жұмыстарды, сондай-ақ басқа сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін ынталандыру ретінде жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы белгіленуі мүмкін (ҚР ЕК 102 б. 3 т.).
4.10. Қызметкердің өтініші негізінде жалақысы сақталынбайтын демалыс беру. Демалыстың ұзақтығын қызметкердің келісімімен анықтау (ҚР ЕК 111 б.).
4.11. Қызметкердің жазбаша өтініші негізінде жалақысы сақталынбайтын демалыс бес күнтізбелік күнге дейін мына жағдайларда беріледі (ҚР ЕК 111 б.):

- неке тіркеу;

- баланың туылуы;

- жақын туыстарының қайтыс болуы;


Ұжымдық шартпен көрсетілген жағдайларда белгілі бір күндерге ақылы демалыс беруді қарастыруға болады.
Ұжымдық шартпен әйелдерге (бөлек жағдайларда ерлерге), кішкентай мектеп жасындағы – 1-4 сыныпта оқитын балаларды тәрбиелейтін) 1 қыркүйекте бір күндік ақылы демалыс беруге болады.
4.12 Білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге оқу демалысын ұсыну.
Оқу демалысына төлемақы еңбек, ұжымдық шарттармен, оқу шартымен белгіленеді.

5 бөлім
Еңбек төлемі
5. Әкімшілік міндеттенеді:
5.1. Еңбек бойынша үлгі нормаларды және нормативтерді есепке ала отырып кәсіподақ комитетінің келесімімен еңбек нормаларын әзірлеуге, жаңаларын енгізуге, ауыстыруға және қайта қарауға (ҚР ЕК 117 б. 1 т.).
5.2. Қызметкерлердің жалақысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 30 қарашасындағы өзгерістері мен толықтырулары бар 2002 жылғы 11 қаңтардағы «Мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек төлемінің жүйелері туралы» Қаулысына сәйкес есептеуге.
5.3. Қызметкердің еңбек төлемақысы оның еңбек үлесімен анықталады, салықпен реттеледі және тапсырылған жұмыс көлемін орындаған жағдайда ең жоғары мөлшермен шектелмейді.
5.4. Қолайсыз еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарында (ауыр және зиянды, аса ауыр, аса зиянды) жұмыс істейтін қызметкерлерге бекітілген нормативтерге сәйкес қосымша төлем жүргізуге (ҚР ЕК 204б.).
5.5. Өндірістік қажеттілік жағдайында қызметкерлерді еңбек шартымен қарастырылмаған жұмысқа ауыстырған кезде төлемақы орындалатын жұмыс бойынша жүргізілуі керек, бірақ негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысынан төмен емес етуге.
5.6. Тұрып қалумен байланысты қызметкерді басқа жұмысқа ауыстырған жағдайда еңбек төлемақысы түнгі уақытта, зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін белгіленген қосымша төлемді есепке ала отырып орындалатын жұмыс бойынша жүргізілу керек.
5.7. Жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемелері және қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының әрекеттегі нормативтік актілері негізінде кәсіподақ комитетінің қатысумен белгіленеді.
5.8. Жалақы Қазақстан Республикасының ақшалай нысанында ұлттық валютамен айына кемінде бір рет әр айдың «____» күні төленеді (келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей (ҚР ЕК 134 б. 1 т.).
5.9. Жалақыны төлеу күні демалыс және мереке күндермен сәйкес келген жағдайда оны төлеу осы күндердің алдында жүргізіледі (ҚР ЕК 134 б. 3т.).
5.10. Қызметкерлерге ай сайын жалақының құрамдары, мөлшерлері және ұстаулардың негіздемелері, соның ішінде ұсталынған және есептелінген міндетті зейнетақы жарналары, сондай-ақ төлеуге жататын ақшалай қаржының жалпы сомасы туралы мәліметтер көрсетілетін есеп айыру парақтары беріледі (ҚР ЕК 134 б. 2 т.).
5.11. Республикада тарифтік мөлшерлемелердің көлемінің бұрын белгіленгендермен салыстырғанда көбеюі туралы шешім қабылданған жағдайда жұмыс беруші осы өзгерістерді есепке ала отырып жалақыны есептейді.
5.12. Жалақыны төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіккен жағдайда қызметкерге берешегі мен өсімін төлеу керек. Өсімнің көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерінен басқа жалақы төленетін міндеттерді орындау күніне есептелінеді және төлем жүргізілуі тиіс және төлем жүргізілетін күн аяқталғанда келесі күн басталғандағы мерзімі өткен әр күнтізбелік күнге есептелінеді (ҚР ЕК 134 б. 4 т.).
5.13. Нақты жұмыс уақытының есебін жүзеге асыруға, соның ішінде әр қызметкер орындайтын мерзімінен тыс жұмыстардың, зиянды (аса зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы, ауыр жұмыстардағы жұмыстардың (ҚР ЕК 23 б. 19 т.).
5.14. Мерзімінен тыс жұмыстардың жалақысын бір жарымдық мөлшерде төлеуге (ҚР ЕК 127 б.).
5.15. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа төлемақысын қызметкердің күндізгі мөлшерін есепке ала отырып еке еселік көлемде төлеуге.
5.16. Түнгі уақыттағы жұмысқа төлемақыны қызметкердің күндізгі мөлшерін есепке ала отырып жұмыстың әр сағатына еке еселік көлемде төлеуге.
5.17. Еңбек шартымен уағдаласқан өзінің негізгі жұмысымен бірге жүктелімді, басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты немесе уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан орындайтын қызметкерлерге қосымша төлемақы жүргізуге (ҚР ЕК 131 б.).
5.18. Медициналық қызметкерлерге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік органмен анықталған тәртіпте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаржысы есебіндегі ұйымдардың қызметкерлерінің, қазыналы кәсіпорындардың қызметкерлерінің жалақысы жүйелері туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысымен бекітілген 4.т. 4тш. жүзеге асыруға қабылданған медициналық көмек көрсетудің көлеміне, сапасына байланысты жалақысына ынталандыратын үстемені белгілеуге.
5.19. Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық емес қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемесін белгілеуге, денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарын ұстауға қарастырылған қаржыны үнемдеу есебінен сыйақыландыруға және материалдық көмек көрсетуге, несиелік берешегі болмаған жағдайда.
5.20. Кәсіподақ комитетін шақыру:

- нақты қызметкерлердің жүктемелерінің нормаларын қайта қарауға және белгілеуге;

- жалақыны төлеудің қол жеткізген деңгейіне және мекеменің қаржылай-шаруашылық қызметіне талдау жүргізуге.


6 бөлім
Еңбекті қорғау және денсаулықты сақтау
6. Әкімшілік:

6.1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың мемлекеттік стандарттарының, ережелерінің тиісті талаптарына сай етіп қамтамасыз етуі керек (ҚР ЕК 311 б. 1 т.).


6.2. Қызметкерлерді қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киімдермен қамтамасыз етуі керек (ҚР ЕК 314 б. 2 т.).
Қызметкерлерге еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен белгіленген нормаларға сәйкес қажетті санитарлық-гигиеналық жағдай жасауы, қызметкерлердің арнайы киімдерін және аяқ киімдерін жөндеуді қамтамасыз етуі, оларды профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуатын және зарарсыздандыратын құралдармен, медициналық дәрі қобдишаларымен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тамақтармен қамдауы керек (ҚР ЕК 317 б.).
6.3. Әкімшілік қаржысы есебінен ауыр жұмыстармен айналысатын, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларымен жұмыс істейтін қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мерзімдік медициналық тексеруден өтуін және қаралуын ұйымдастыруы қажет (ҚР ЕК 312 б. 1 т.).
6.4. Әкімшілік қаржысы есебінен жоғары қауіптілігі бар жұмыстармен, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайының өзгеруімен басқа жұмысқа ауысқан кезде немесе кәсіптік ауру белгілері пайда болған кездері ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуі керек (ҚР ЕК 317 б., кәсіптердің тізбесі қоса тіркеледі).
6.5. Қызметкерлерді жұмыс берушінің қаржысы есебінен қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық беру, білімдерін тексеру керек (ҚР ЕК 313 және 317 б. 1 т.). Қызметкерлерді өндірістік үдерістерді және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуі тиіс.
6.6. Қызметкерлерге және кәсіподақ комитетіне жұмыс орнының сипаты және ұйым аумағы, еңбек жағдайы және қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы, өміріне және денсаулығына бар қауіп-қатер, сондай-ақ оны зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік деректердің әсер етуінен қорғау шаралары туралы сенімді ақпаратты ұсынуы керек (ҚР ЕК 314 б. 7 т.).

6.7. Жұмыс орындарындағы және технологиялық үдерістердегі кез-келген тәуекелділіктерді профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтарды және технологиялық үдерістерді едәуір қауіпсіздігіне ауыстыру арқылы алдын алу шараларын қабылдауы керек. Қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізуі керек;


6.8. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіби ауруларды тіркеуді, есепке алуды және талдау жасауды жүзеге асыруы қажет.
6.9. Кәсіподақ комитетін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеулерге қатысуын қамтамасыз етуі керек. Кәсіподақ комитетімен бірлесіп олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуі және жүзеге асыруы қажет.
6.10. Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне олар еңбек міндеттерін орындауы кезінде зиян келтіруіне жауапкершілікті сақтандыруы керек (ҚР ЕК 23 б. және 317 б. 14 т.).
Қызметтердің ерекшелігін және жұмыстардың түрлерін есепке ала отырып, жоғары қауіпті қайнар көздерінің болуы ұжымдық шартпен жұмыс берушінің қосымша міндеттері қарастырылуы мүмкін.
6.11. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаржысы және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттар үшін шығындалмайды. Қаржы көлемі ұжымдық шартпен анықталады (ҚР ЕК 318 б.).
6.12. Әкімшілік және кәсіподақ комитеті өкілдерінен тепе-теңдік негізде еңбекті қорғау жөніндегі комиссия құруы керек.
6.13. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша талаптардың сәйкес еместігінен ұйымның жұмыс тоқтату уақытына қызметкердің орташа жалақысын сақтауы керек (ҚР ЕК 314 б.).
6.14. Қызметкердің олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде өміріне және денсаулығына зиян келген жағдайда осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және жағдайларда оған келтірілген зиянын өтеуі керек (ҚР ЕК 23 б. 21 т. және 314 б. 5 т.).

6.15. Қызметкерлерді жұмыс орындарында еңбектің қолайлы жағдайын жасағандары үшін, еңбекті қауіпсіз жағдайын жасау бойынша өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруы керек (ҚР ЕК 316 б.).


6.16. Кәсіподақ комитетінің өкілдерін, кәсіподақтың еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларын ұйымдағы қауіпсіздік жай-күйіне, еңбек жағдайына және қорғауына және Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуі, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіби ауруларды тексеру үшін кедергісіз өткізуі керек (ҚР ЕК 23 б. 21 т.).
6.17. Кәсіподақ комитеті өкілдерінің қатысуымен жұмыс орындарына еңбек жағдайлары бойынша кезеңмен аттестация жүргізуі керек. Кәсіподақ комитетімен бірлесіп жұмыс орнындағы еңбек жағдайын сауықтыру бойынша іс-шараларды әзірлеуі және жүзеге асыруы қажет.
6.18. Кәсіподақ комитетінің өкілдерін (кәсіподақтың еңбек жөніндегі техникалық инспекциясы) денсаулық сақтау нысандарын пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға қатысуға шақыруы керек.
6.19. Қызметкерлерге медициналық-санитарлық қызмет көрсету шараларын қабылдауы керек.
6.20. Тепе-теңдік бастамаларда кәсіподақ комитетімен бірлесіп еңбек заңнамаларын, ұжымдық шартпен белгіленген міндеттемелерін бұзумен, еңбек жағдайының және еңбек төлемінің өзгеруімен байланысты пікірталастарды қарауға қатысуы керек.

7 бөлім
Жұмыспен қамту саласындағы кепілдік
7. Әкімшілік міндеттенеді:
7.1. Ұйымның құрылымының өзгеруімен, оны қайта ұйымдастырумен, санының және штатының қысқаруымен байланысты барлық мәселелерді кәсіподақ комитетінің қатысумен қарауға.
7.2. Заңды тұлғаны (ұйымды) таратқан, қызметкердің санын немесе штатын қысқартқан кезде қызметкерді бір ай бұрын еңбек шартын тоқтату туралы жазбаша алдын ала хабардар етуге (ҚР ЕК 56 б. 1 т.).
7.3. Қызметкерді (жазбаша) және кәсіподақ комитетін еңбек жағдайының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын алдын ала ескертуге (ҚР ЕК 48б.).
7.4. Ұйымды қайта құрастырған жағдайда кәсіподақ комитетін ұйымның және қызметкерлердің мүдделерінің теңгерімі есепке алынатын іс-шараларды әзірлеуге қатыстыруды қамтамасыз етуге.
7.5. Ұйымның аты, ведомостволық жабдықтары өзгерген жағдайларда, мүлік меншігі ауысқан немесе ұйымды қайта құрған жағдайларда қызметкерлермен еңбек қатынастарын өзгеріссіз жалғастыруға (ҚР ЕК 49 б.).
7.6. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталысымен еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасып жатса және тараптардың ешқайсысы оларды тоқтатпаса шарттың әрекет етуі белгісіз мерзімге жалғасты деп танылады (ҚР ЕК 53 б. 5 т.).
7.7. Қызметкермен бұрын кемінде бір жылға нақты мерзімге жасалған шартты қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ еңбек шартының мерзімін ұзартқан кезде оны белгісіз мерзімге жасалды деп есептелінеді (ҚР ЕК 29 б. 2т.)
7.8. Кәсіподақ комитетінің өкілін аттестациялық комиссияның құрамына қосуға.
7.9. Қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартқан және қызметкердің біліктілігінің жетіспеушілігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сай келмеген жағдайда, сондай-ақ қызметкер еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты жұмысын жалғастырудан бас тартқан жағдайда осы кәсіпорынның кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлерімен еңбек шартын бұзу ұжымдық шартта қарастырылған тәртіпте жүргізіледі (ҚР ЕК 54 б. 2) және 3) тт. және ҚР ЕК 56 б. 2 т.).
7.10. Қызметкердің біліктілігінің жетіспеушілігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сай келмеуінен жұмыс берушінің бастамасы бойынша құрамында қызметкерлердің өкілі қатысуы тиіс аттестациялық комиссияның шешімі негізінде еңбек шарты бұзылады (ҚР ЕК 56 б. 6 т.).
7.11. Қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығы (соның ішінде жүктілігі және тууы бойынша) және демалысы кезеңінде еңбек шартын бұзуға жол бермеуге (ҚР ЕК 59 б.).
7.12. Ұйымға алдын ала шарттармен немесе тапсырыстармен жұмыс істеу үшін келген оқу орындарының түлектеріне – жас мамандарға мамандықтары бойынша жұмыс беруді қамтамасыз етуге.
7.13. Кәсіподақ комитетімен бірлесіп жыл сайын ұйымның қызметкерлерін кәсіби дайындаудың, қайта дайындаудың және біліктілігін арттырудың қажетті көлемін анықтауға.

7.14. Қызметкерлерге кәсіби дайындықты, қайта дайындықты және олардың біліктілігін арттыруды тікелей ұйымда немесе білім беру ұйымдарында әкімшілік қаржысы есебінен бес жылда бір рет қамтамасыз етуге (ҚР ЕК 140-142 б.). Осы мақсатта кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлерге жұмысын оқумен бірге атқару, іссапар шығындарын төлеу үшін жағдайлар жасауға міндеттенеді.


7.15. Жұмыспен қамту шараларын қабылдауы керек. Осы мақсатта:
- босаған жұмыс орындарды бірінші кезекте өз ұйымының қызметкерлеріне олардың мамандықтарын және біліктілігін есепке ала отырып ұсынуы керек;
- қызметкерлерге алдағы оны жұмыстан шығару туралы ескерте отырып бір мезгілде ұйымда олардың кәсібіне, мамандықтарына, біліктілігіне сай жұмысты таңдауы, ал ол болмаған жағдайда басқа жұмысты, соның ішінде жалақысы аз немесе қайта оқуды талап ететінді таңдауы керек.
- жұмыстан шығару туралы жазбаша хабарлама алған тұлғаларға жаңа жұмыс орнын іздеу үшін жалақысы сақталынатын болып жұмыстан бос уақыт ұсынуы керек (аптасына кемінде сағат);
- кәсіподақ комитетінің пікірін есепке ала отырып қызметкерлердің біріңғай жұмыстан кетуін болдырмау және жұмыс орнын сақтап қалу мақсатында алты айға дейін мерзімге толық емес жұмыс уақытының режимін енгізуі керек.
7.16. Кәсіподақ комитеті қызметкерлердің әрекеттегі заңнамада және осы ұжымдық шартта қарастырылған жұмыспен қамту, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығу, жеңілдіктер мен өтемақыларды ұсыну мәселелеріндегі әлеуметтік кепілдіктерінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

8 бөлім.
Ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету.
8. Жұмыс беруші міндеттенеді:
8.1. Қызметкерлердің міндетті әлеуметтік сақтандыруын жүзеге асыруға (ҚР ЕК 23 б. 13т.).
8.2. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде өміріне және денсаулығына зиян келтіруіне азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға (ҚР ЕК 23 б. 14 т.).

8.3. Қызметкерлердің табысынан салық табысын ұстағанға дейін ҚР белгіленген заңнамасы тәртібінде зейнетақы жарнасының мөлшері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын қаржыны есептеуге және аударуға.


8.4. Әкімшілік ұсталынған зейнетақы жарнасының уақтылы аударылмағанына жауап береді. Уақтылы аудармаған жағдайда, жұмыс беруші ҚР заңнамалық актілерімен белгіленген көлемде осы соманы аударатын күнге, мерзімі өткен әр күнге (төлеу күнін қоса) салымшы пайдасына (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорына өсімпұл төлейді.
8.5. Зейнетақыны ресімдеу үшін қызметкердің жұмыс өтілі және жалақысы туралы мәліметтерді уақтылы және дұрыс ресімдеуге.
8.6. Қызметкерді еңбектің зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайы және мүмкін болатын кәсіби аурулар туралы алдын ала ескертуге (ҚР ЕК 23б. 17т.).
8.7. Қызметкерлердің еңбек қызметтерін растайтын құжаттарының және ақшаларының зейнетақымен қамтамасыз етуге есептелінгендігі және аударылатындығы туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге (ҚР ЕК 23б. 16т.).
8.8. Қызметкерлердің күнделікті өміріне өндірістік және сауықтыру жаттығуларын енгізуге, психологиялық жеңілденуге арналған бөлмелер ашуға.
8.9. Қызметкердің жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтауға:

- жұмыс берушінің қаржы есебінен олардың мерзімдік медициналық тексеруден өтулері уақытына (ҚР ЕК 150 б.);

- донорларға тексерілу және қан тапсыру кезеңіне (ҚР ЕК 151 б.);

- қызметкердің ісапарға кету кезеңіне (ҚР ЕК 152 б. 1 т.);


8.10. Іссапарға жіберілген, соның ішінде қайта дайындықтан өту және біліктілігін арттыру үшін жіберілген қызметкерлерге төлеу керек (ҚР ЕК 152 б. 2т.):

- іссапарда болатын күнтізбелік күндеріне тәуліктік ақшаны, соның ішінде жолда болуына;

- баратын жеріне және қайтуына жол шығындарын;

- тұратын жерді жалдау шығындарын.



Қызметкердің экологиялық апатты және радиациялық тәуекелді аймақтарда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкер үшін кепілдік Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

8.11. Жұмысы жолда болатын немесе өткелдік сипаты бар немесе қызмет көрсетілетін жерлерде қызметтік сапарларына байланысты қызметкерге тұрғылықты тұратын жерінен тыс жерде болатын әр күніне өтемақы төленеді (ҚР ЕК 156 б.).


8.12. Жұмысын жоғалтқан жағдайда орташа жалақы көлемінде өтемақы айына келесі жағдайларда уақтылы төленуі тиіс:
- жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таралуы немесе жұмыс берушінің – заңды тұлғаның қызметі тоқтаған жағдайда жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын тоқтатқан кезде;

- қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын тоқтатқан кезде (ҚР ЕК 157б. 1б.).


8.13. Кәсіптердің және лауазымдардың бекітілген тізбесі бойынша міндетті медициналық тексеруден өтуілері үшін қаржы бөлуге.
8.14. Уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны нормативтік құқықтық актілерге сәйкес төлеуге.
а) егер уақытша жұмысқа жарамсыздығы еңбек жарақатымен немесе кәсіби аурумен байланысты болған жағдайларда әлеуметтік жәрдемақы жұмысқа жарамсыздығы басталған күннен бастап жұмысқы шыққанға дейін немесе мүгедектігі белгіленгенге дейін (Н-1 акт-нысан) орташа жалақысының 100% көлемінде төленеді.

б) барлық қалған жағдайларда әлеуметтік жәрдемақы орташа айлық жалақысы есебінен төленеді, бірақ бір айлық есеп көрсеткішінің он еселігінен көп емес.


8.15. Өндірістік жарақат алғаннан кейін немесе кәсіптік аурумен ауырғаннан кейін жұмысқа жарамдылығы қалыпқа келген қызметкерлерді жұмысқа тұрғызуға.
8.16. Жұмыс беруші еңбек шартын жасаған кезде еңбек жағдайы туралы жалған ақпарат берген жағдайда немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын бұзған жағдайда жұмыстан шығумен байланысты қызметкердің бастамасымен еңбек шартын бұзған кезде үш ай бұрын орташа жалақысының көлемінде қызметкерге өтемақы төлеуге (ҚР ЕК 157 б. 2 т.).


9 бөлім
Сайланбалы кәсіподақ органдарының қызметі үшін жағдай жасау.
Кәсіподақтардың кепілдіктері және құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР «Қоғамдық ұйымдар туралы» Заңымен, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңымен анықталынады.
9. Жұмыс беруші:
9.1. Кәсіподақ комитетін қызметкерлердің еңбек, экономикалық және әлеуметтік қатынастарымен байланысты мәселелерінде құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бір ғана өкіл деп таниды.
9.2. ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіпте кәсіподақ комитетінің ұсыныстарын қарауы, ұжымдық келіссөздерді жүргізуі, ұжымдық шарт жасауы керек (ҚР ЕК 23 б. 2т. 8тш.).
9.3. Кәсіподақ комитетіне кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғаумен байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарт жасау және олардың орындалуына бақылау жасау үшін қажетті толық және дұрыс ақпаратты ұсынуы қажет (ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 18 б. және ҚР ЕК 23б. 2 т. 7 тш.).
9.4. Кәсіподақтың, ұйымдағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының құқығын мойындауы керек (ҚР ЕК 340 б. 1 т.).
9.5. Кәсіподақтың ұйымдағы еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы құқығын мойындауы керек (ҚР ЕК 340 б. 2 т.).
9.6. Қызметі үшін жағдай жасау мақсатында кәсіподаққа тегін пайдалануы үшін жабдықталған жай, оргтехника (компьютерлер, көшірме аппараты және басқа байланыс құралдары (телефон, Интернет), көлік (келісілген кесте бойынша) беруі, өз есебінен жайды жуып тазалауды және оргтехниканы жөндеуді ұйымдастыруы тиіс.
9.7. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған жағдайда ай сайын Кәсіподақ органдарының шотына кәсіподақ мүшелерінің жалақыларынан кәсіподақтық мүшелік жарнаны тегін аударуы керек (ҚР ЕК 266 б. 3 т.).


Ұжымдық шартта жарналарды аудару үшін анық адресат көрсетіледі.
9.8. Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын, ұжымдық шартқа қосылғысы келетін қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жұмыс беруші олардың жалақыларына ақшалай қаржыны аударады. Аудару үшін жағдай қызметкер мен кәсіподақ комитетінің арасындағы шартпен анықталынады (ҚР ЕК 285 б. 3 т.).
9.9. Негізгі жұмыстарынан босатылмайтын кәсіподақ мүшелерін, Кәсіподақтың еңбекті қорғау жөніндегі уәкілдерін еңбек міндеттерін орындауларынан оларды қоғамдық міндеттемелерге шақыру уақытына, соның ішінде қысқа мерзімді кәсіподақтық оқу уақтына, конференцияларға және съездерге делегат ретінде қатысуы үшін, сондай-ақ Кәсіподақтың сайланбалы органдарының жұмысына қатысуы үшін жалақылары сақталынатын болып бостауы тиіс (ҚР ЕК 149 б. 1 т.).
9.10. Кәсіподақ ұйымының төрағасы және кәсіподақ комитетінің мүшелері әкімшіліктің бастамасымен жұмыстан шығарылмайтындықтарын құптайды, кәсіпорын толығымен таратылған, сондай-ақ тәртіптік жазаға тартылған немесе кәсіподақ органдарының, мүшелерінің алдын ала келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстырылған жағдайлардан басқа (ҚР «Кәсіби одақтар туралы» Заңының 19 б.).

10 бөлім
10. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Ұжымдық шарттың орындалуына бақылауды ұжымдық шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыру және оның толықтырулары және өзгерістері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі Комиссия жүзеге асырады. Комиссия құрамына компания әкімшілігінің және кәсіподақ комитетінің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді.
Каталог: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Модуль шифры мен атауы
files -> Пәндердің элективті каталогы
files -> Қр бжҒМ «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» шжқ рмк ректорыт.ғ. д., профессор Ж.Ү. Мырхалыков 2017ж
files -> Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері
files -> БАҒдарламасы 6М091000 «кітапхана ісі» мамандығына арналған [«Қызмет көрсету»
files -> KbshT 2202 Кәсіби бағытталған шетел тілі 5B091000 «Кітапхана ісі»
files -> KK(O)T 2201 «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» 5B091000 «Кітапхана ісі»
files -> «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы элективті пәндер каталогы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет