406 бап. Сатып алу-сату шарты


-бап. Тауарға алдын ала ақы төлеу



бет24/25
Дата21.12.2021
өлшемі47,3 Kb.
#104556
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Сатып алу-сату шарты

440-бап. Тауарға алдын ала ақы төлеу

1. Шартта сатушы тауарды бергенге дейін бағасын толық немесе ішінара төлеу (алдын ала төлеу) жөнінде сатып алушының міндеті көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көзделген мерзімде, ал егер шартта мерзім көзделмесе, осы Кодекстің 277-бабына сәйкес белгіленген мерзімде төлеуге тиіс.  

2. Сатып алушы тауарға алдын ала ақы төлеу жөнiнде шартта көзделген мiндеттi орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 284-бабында көзделген ережелер қолданылады.  

3. Алдын ала төленетiн ақы сомасын алған сатушы өзiнiң тауар беру жөнiндегi мiндетiн белгiленген мерзiмде (осы Кодекстiң 409-бабы) орындамаған жағдайларда сатып алушы одан ақы төленген тауарды берудi немесе сатушы бермеген тауар үшiн алдын ала төленген ақы сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.  

4. Сатушы ақысы алдын ала төленген тауарды беру жөнiндегi мiндетiн орындамаған және сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген жағдайда осы Кодекстің 353-бабына сәйкес тауар беру жүргізілуге тиіс болған күннен бастап сатып алушыға тауар беретін немесе оның алдын ала төлеген сомасы қайтарылатын күнге дейiн алдын ала төленген ақы сомасына тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс. Шартта сатушының осы соманы алған күннен бастап алдын ала ақы төлеу сомасына тұрақсыздық айыбын төлеу мiндетi көзделуі мүмкiн.

441-бап. Кредитке сатылған тауарға ақы төлеу

1. Шартта сатып алушыға тауар берiлген соң белгiлi бiр уақыттан кейiн оған ақы төлеу (тауарды кредитке сату) көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көзделген мерзiмде, ал егер шартта мерзiм көзделмесе, осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде төлеуге тиiс.  

2. Сатушы тауар беру жөнiндегi мiндеттi орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 284-бабында көзделген ережелер қолданылады.  

3. Тауарды алған сатып алушы оның ақысын төлеу мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайларда сатушы берiлген тауарға ақы төлеудi немесе ақы төленбеген тауарларды қайтаруды талап етуге құқылы.  

Сатып алушы берiлген тауарға ақы төлеу жөнiндегi мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған және осы Кодекс пен шартта өзгеше көзделмеген жағдайларда мерзiмi өткiзiлген сомаға осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес, сатып алушы тауарға ақы төлеуге тиiс болған күннен бастап, оның тауарға ақы төлеген күнiне дейiн тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс.  

4. Шартта сатушының тауар берген күнiнен бастап, тауардың бағасына сәйкес келетiн сомаға сатып алушының тұрақсыздық айыбын төлеу мiндетi көзделуі мүмкiн.  

5. Кредитке тауар сату оның сатылған күнiнде қолданылған бағасы бойынша жүргiзiледi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, кредитке сатылған тауардың бағасында кейiннен жасалған өзгеріс қайта есеп айырысуға әкеп соқпайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет