41. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз


-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысын талдаңыз



бет4/11
Дата22.05.2024
өлшемі145,25 Kb.
#202777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
41-46 ТАРИХ (1)

44. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысын талдаңыз
ХIХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкiмшiлiк рефор- малар бойынша қазақ халқының құқықтары тым шектелiндi. Мұның өзi қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды. Сондықтан да патша үкiметi 80–90-жылдары реформаны одан әрi жалғастыруға мәжбүр болды.
1. Торғай және Орал облыстарындағы көтерi- лiстер. Қазақтар патша үкiметiнiң реформаларына ашықтан-ашық күштi наразылық танытты. Үкiметке қарсы көтерiлiс жа- сайтын жағдай пiсiп-жетiлiп келе жатты. Көтерiлiс күтпеген жерден бұрқ ете қалып, 1868 жылдан 1869 жылға дейiн созылды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды.
Көтерiлiстiң басы-қасында iрi рубасылары жүрдi. Қазақтар үкi- меттiң жiберген комиссияларын қабылдамады. Көтерiлiсшiлер үкiмет билiгiне бағынудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерiн енгiзуге, елдi Ресей шенеунiктерiнiң басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгi ескi тәртiпке қайтып оралуды талап еттi.
Ашу қысып, зығырданы қайнаған елдi басу үшiн патша үкiметi бұрынғы ел билеген сұлтандарды араға салып көрдi. Бiрақ халық олардың сөзiне құлақ аспады. Қайта олардың өзiн елдiң көзiнше масқара еттi. Ендi үкiмет билiгi мұсылмандардың Уфа губерниясындағы дiни басшылығына қолқа салды. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртiп қазақтарды шоқындырады, әскер қатарына алып, алым-салық түрлерiн еселеп арт- тырады екен деген қауесет тарап кеттi.Жаңа ереженiң қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үстi-үстiне жiберiлiп жатқан комиссиялар оны ауызекi түрде айтып түсiндiре алмады.Әуелi Орал облысында басталған толқу бiрте-бiрте
көршiлес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың
600–700 адамнан тұратын жасақтары ауыл-ауылды
аралап, патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне бағынбауға,
басқарудың жаңа тәртiбiнен бас тартуға шақырды.
Қазақтарды бейбiт жолмен тыныштандырудың сәтi түспедi, ол ешқандай нәтиже бермедi.Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әс- кери отрядтар жiберiлдi. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бiрқатар зеңбiрек болды. Әскери қақтығыс орын алып, қантөгіске ұласты.
1868 жылдың мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдiң құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына шабуыл жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отрядты жетi күн бойы қоршап, тырп еткiзбедi. Сөйтiп, жемшөбi мен азық-түлiгi қалмаған жазалаушылар керi қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған жазалаушы әскер де Орынбор шегара шебiне шегiнiп кеттi.
1868 жылғы маусымның бас кезiнде Орал облысындағы көтерiлiс өзi- нiң шырқау шегiне жеттi. Қарапайым көшпелi халықтың ашу-ызасы ендi жергiлiктi ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ереженi қабылдауға келiсiм берген ақсүйектердiң ауылдарына шабуыл ұйымдастырылды.
Торғай мен Орал облыстарындағы көтерiлiстiң кеңiнен өрiстеуi патшалық Ресейдiң жергiлiктi әкiмшiлiктерiн ғана емес, оның орталық үкiметiнiң де мазасын кетiрiп, үрейiн ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшiн патша үкiметi Петербургтен, Мәскеуден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жiбердi. Соның iшiнде Орал облысында подполковник Рукин мен Верев- кин бастаған жазалаушы әскерлер жойқын қимыл көрсеттi. Көтеріліс біртіндеп әлсірей бастады.
2. Маңғыстаудағы көтерiлiс. Жаңа ереже енгiзiлгеннен кейiн Маң- ғыстау түбегiндегi адайларда жер мәселесi қатты шиеленiсiп кеттi.
1870 жылдың наурызында Маңғыстау приставы подполковник Рукин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбiрегi бар әскери жасағын бастап және беделдi деген рубасыларын ертiп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшiп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтерiлiске шығуына түрткi болды. Бозашы деген жерде досан Тәжiұлы, Иса Тiленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинады. Кескiлескен шайқас басталып кеттi. Көп ұзамай Рукин бастаған әскери жасақ тас-талқан болып жеңiлдi. Жаралы болған Рукин өзiн-өзi атып өлтiрдi. Бұл жеңiс көтерiлiсшiлердiң рухын көтерiп, оларды жiгерлендiре түстi.Көтерiлiс Маңғыстау түбегiн түгел қамтыды. Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық бiлдiрдi. Қайықтарды тартып әкету басталды. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерiнше флотилия құрып алды. Кейiнiрек ол флотилия Александровск фортын қоршауға қатысты. Көтерiлiске қатысушылардың саны 10 мың адамға жеттi. 1870 жылдың сәуiрінде көтерiлiсшiлер Александровск форты мен Ни- колаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын өртедi және Нижнее бекiнiсiн қиратты. Алайда зеңбiректiң үстi-үстiне жарылған сна- рядтарына шыдай алмай, кейiн шегiнуiне тура келдi. Көтерiлiс жергiлiктi отаршыл өкiмет билiгiнiң ғана емес, сонымен қатар орталық үкiметтiң де зәресiн ұшырды.
Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуiр күшейе түскен едi.
Патша үкiметi Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз
әскерiн Красноводск төңiрегiне шоғырландыра бастады. Маңғыстаудағы көтерiлiс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерiлiстi басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелдi. Сөйтiп, мамыр айының аяқ кезiнде Кавказдан Маңғыстауға әскер күшi жеткiзiлдi.
Адай-қазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтерiлiс жеңiлiске ұшырады, күштi қаруланған тұрақты әскерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлерi көтерiлiсшiлердi жазалау үшiн оларды барлық жерден тiмiскiлеп iздестiрумен болды. 1873 жылы адайлардың кезектi жаңа көтерiлiсi бұрқ ете түстi. Бұл көтеріліс те жеңіліске ұшырады.
3. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары. Көтерiлiсшiлер жеңi- лiс тапты. Өйткенi көтерiлiс жергiлiктi тар көлемдегi сипатта болды. Қазақтар түгел бас қосып, бiртұтас майдан аша алмады. Көтерiлiсшiлердiң қару-жарағы нашар едi. Олар негiзiнен қылышпен, айбалтамен, найза- мен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық жетiспедi. Оқ-дәрi де тапшы болды. Рубасыларының бiр бөлiгi көтерiлiсшiлердi қолдамады. Бұл кезде патшалық Ресей Қазақстанды барлық жағынан бiрдей әскери бекiнiстер- мен құрсап, қоршап алып үлгерген едi.
Патша үкiметiнiң әскерлерi Маңғыстауда үш ай бойы тұрып алды. Жергiлiктi өкiмет билiгi көтерiлiсшiлердi қатаң жазалады. Кавказ әскери әкiмшiлiгi Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтiн салығын және басқа да алымдарды – барлығы 58 мыңдай сомды жинап алды. Оның үстiне, адайлар 90 мың қой мөлшерiнде контрибуция (соғыс шығындарын өтеу) төлеуге мәжбүр болды.
Көтерiлiсшiлерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Реформа енгiзуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударыл- ды. Мәселен, Торғай облысының бiр өзiнен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 1890 жылы 3 мыңға жуық адам жер аударылды.
Көтерiлiстiң басшылары 1870 жылдың желтоқсанында ағайын-туыс жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтiп кеттi.
Сұлтан Ханғали Арыстанұлы бастаған 57 мыңға жуық қазақ осылай iстеуге мәжбүр болды.
Патша үкiметi орыс шаруаларын қаруландыруды
күшейтуге көштi. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға
дейiн бiр ғана Жетiсу жерiндегi орыс шаруаларына
9 мыңнан астам мылтық берiлдi. Мұның өзi жергiлiктi
халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары арасындағы қарым- қатынастың нашарлауына алып келдi.
Халық арасында жаңа толқулар туып кетедi деген қауiппен, олардың алдын алу үшiн ХIХ ғасырдың соңында патша үкiметi Қазақстанда құпия мәлiметтер жинап тұратын жалдамалы агенттер тобын құрды. «Өте сенiмдi» деген қазақтардан әр уезден екi жансыз жасырын тағайындалды. Олар жергiлiктi халықтың көңiл күйi туралы патша үкiметiне қажеттi құпия мәлiметтер жинаумен айналысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет