41. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз


Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметіне баға беріңіз



бет10/11
Дата22.05.2024
өлшемі145,25 Kb.
#202777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
41-46 ТАРИХ (1)

60.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметіне баға беріңіз
Дінмұхамед Қонаев ел басқарған тұста Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты, Оқушылар сарайы, Республика сарайы, Спорт және Мәдениет сарайы, "Медеу" спорт кешені, Ұлттық кітапхана, цирк ғимараты, авто, аэро және темір жол вокзалдары, "Алматы", "Достық", "Қазақстан" қонақүйлері ғимаратының салынуына мұрындық болды. Алматыда 12 ықшамауданы ашылды. 1967 жылдың күзінде "Алматинка" өзенінің жағалауындағы жартасқа зарядтар қойылып, қолдан жарылыс жасалды. Сөйтіп, селден қорғайтын бөгеттің негізі қаланды. 1973 жылы араға уақыт салып екі дүркін соққан алапат селге осы бөгет тосқауыл болды. Дінмұхамед Ахметұлы билікте болғанда елімізде 43 қала, 68 жұмысшылар кенті пайда болған.Қонаевтан сұхбат ала алмай кеткен журналистердің қатарында BBC, Washington Post сынды ақпарат құралдарының тілшілері бар. Ол журналистермен кездесуге қарсылық білдірмеген, алайда сол жылдары билік өкілдері сұхбатқа кедергі жасаған. Бұл туралы Қонаевтың өзі 80 жылдық мерейтойы кезіндегі сұхбатында айтты.Сондай-ақ Қонаев "Академик" дәрежесі үшін төленетін төлемақыдан бас тартып, оны балалар үйі мен жас ғалымдарға беріп отырған.1962 жылы Қонаев Павлодардың атауын Хрущевоград деп өзгертуге ұсыныс жасағандарға қарсылық білдірді. Ол осы жайттан кейін Мәскеуге танылды. Алпысыншы жылдардың басында Хрущев Қазақ Советтік Социалистік Республикасының астанасын Ақмолаға көшіруді және оның атауын Целиноград деп өзгертуді ойлады. Қонаев оған қарсы тұрып, Алматының статусын сақтап қалды.Қазақстан өнеркәсіптік өндірісте – 8,9 есе, ауыл шаруашылығында – 6,2 есе, құрылыс саласында – 68 есе, халық саны жөнінен – 2,5 есе өсті.Қазіргі Абылай хан – Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысындағы үш қабатты үйде тұрған Қонаевтың таңертең Үкімет үйіндегі жұмысына жаяу аяңдап бара жатқанын халық жиі көрген.1986 жылы 16 желтоқсандағы Қазақстанның КП ОК Қонаевты Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы қызметінен босату туралы шешім қабылданған пленумы 18 минутқа ғана созылған.Баға берер болсақ ел еткен қызыметі орасан.

1. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметіне баға беріңіз


Дінмұхамед Қонаев 1960—62 және 1964—86 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.


Алпысыншы жылдардың басында Хрущев Қазақ Советтік Социалистік Республикасының астанасын Ақмолаға көшіруді және оның атауын Целиноград деп өзгертуді ойлады. Қонаев оған қарсы тұрып, Алматының статусын сақтап қалды.
"Мемлекеттің астанасы - елдің көркі, сырттан келгендер соған қарап еліңді таниды" - деген Қонаев сөзіне ісі сай болды. Әрқашанда Қонаевтың сөзі мен ісі бір жерден шығатын. Оның тағы бір дәлелі Алматыны Кеңес Одағы ішіндегі ең әдемі қалалардың бірден-бір бірегейі қылуы еді. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, «Медеу» спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт жəне мəдениет Сарайы, Республика алаңы, Қазақстан, Жетісу, Алматы, Алатау мейманханалары, Цирк, Аэровокзал, əуежай жəне көптеген ірі ғимараттар Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды. Ел астанасының көркеюіне жұрттың бəрі мүдделі десек те, сол кезде оны жүзеге асыру қиын еді. Үлкен құрылысты салу үшін Мəскеу жақтың рұқсаты керек. Ал ондағылар басқа жақта, əсіресе мəдени-ұлттық нысандардың бой көтергеніне онша жақтыра бермейтін. Алматыда біраз нысандардың бой көтеруіне Д.А.Қонаевтың беделі, тіпті тапқырлығы көмектесті.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев халқының әл-ауқатының жағдайына қатты мән беретін. Алматы да жүрсе Шымкентке, Қарағандыға, Ақмолаға және тағы басқа қалаларға телефон шалып: "Азық-түлік бағасы қалай, нан қымбаттамады ма, не жетіспейді?" деп ай сайын жиі қоңырау шалып тұраптын болған. Димаш Қонаевтың басшылық еткен халықтың әл-ауқаты көтеріліп, экономикасы 7 есеге дейін өсті
Қонаев халық демографиясын да назардан тыс қалдырған жоқ. Ол халықтың әлеуметтік жағдайын көтере отырып, демографиясын арттырды. Халықтың санын екі есеге арттырды. Және елдің инфрақұрылымындағы өсу тұрақтылығын сақтады. Мысалға айтар болсақ - өнеркәсіп өндірісі 8,9 есе, ауыл шаруашылығы 6,2 есеге, құрылыс 8 есеге өсті. Қазіргі Қазақстанда осындай қарқын бар ма? Жоқ, әрине. Қазыр жастардың көбі ауылдан қашады. Себебі ауылда жұмыс аз және ауыл шаруашылығы мықты деңгейде емес әрі кеңінен қамтылмаған. Димаш Қонаев болса ауыл шаруашылығын 6,2 есеге өсірді.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев - КСРО Жоғарғы билігіне қалтқысыз бағынғанымен олардың қазаққа істелініп жаткан әділетсіздікке бағынбаған. Көз жұмбаған. Ол қазақ халқының талантты өкілдерін қамқорлығына алып, шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал жасап отырды.
1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды.

2. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз


Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.


Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кен-ттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауын-шы қаласының атымен аталған. Бүл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. І мың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.


Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің та-рихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған


3. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихының негізі кезеңдерін көрсетіңіз


Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған.
Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған.
Ғұн мемлекеті б.з.д. III ғасырда көшпенді ғұн тайпаларын біріктірген Мөде хан кезінде Еуразиядағы ең мықты мемлекет болды. Тарихи деректерде, б.з.д 209 жылы Мөде хан әкесін өлтіріп, таққа өзі отырған делінеді. Мөде хан билікке келгелі ғұндар қатты күшейіп, аумағын кеңейте бастайды. Халық саны 300 мыңға жетті. Ғұндар Хан әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188-жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп тұруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.
Ғұндар 24 руға бөлінген және оларды бекзадалар билеген. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Барлық бекзадалар аспанға, жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін жылына үш рет шаньюйдің алдында ақсақалдар кеңесіне жиналған. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын. Олар мемлекеттік істерді талқылайтын. Мемлекеттің ішкі-сыртқы күрделі мәселелерін шешуде олар әскер күшіне сүйенді. Әскерилер түмендерге бөлініп, әр түменде 10 мың атты әскерден болды. Әр түмен мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді. Мемлекетте әскери шен жүйесі құрылды: бас қолбасшы, қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы, азаматтардың бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуы міндетті болды, шақырылғандар әскери бастықтарына сөзсіз бағынды, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін жүйелі әскери жаттығулар жүргізіліп тұрды. Олар соғыс кезінде тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолданған.
Ғұн мемлекеті б.з.б. І ғасырдың ортасында оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.
Оңтүстік ғұндар өздерінің тәуелсіздігінен айырылып, Хан әулетінің қол астына түсті. Солтүстік ғұндар Чжи-Чжи басқаруымен жаңа елдерді бағындыру үшін батысқа қарай жылжыды. Олар оңтүстік Қазақстандағы қаңлылармен бейбіт келісімге келіп, Талас өзенінің шығыс жағында көшіп-қонуға мүмкіндік алады.
Ғұндар бұл жерде біржола тұрақтап қала алмады. Олар жылжи отырып Дунайға дейін жетіп, Ғұн деген атпен Венгрияға қоныстанды.

Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл құбылысты Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды. Аттила (Еділ) (400-453 жж.) – ғұн билеушісі. Батыс ғұн ұлысы – ғұндардың б.з.V ғасырдың ортасына қарай Еуропада құрған мемлекеті.


Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Еділ билігі тұсында ғұндарда әскери-демократиялық құрылыс нығайды. Батыс ғұн ұлысының негізі ІІ ғасырда Каспий теңізінің жағалауында, қазіргі қазақ жерінде қаланды.
Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпалардың басын біріктіріп, әскери соғыс қуаты күшті мемлекетке айналды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, ел шегарасын кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. 451-жылы Галлиядағы Каталаун даласында Аттила жауынгерлері римдіктердің, франктердің т.б. біріккен күштерімен шайқасты. 453-жылы Аттила қайтыс болған соң Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.

4. Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар туралы баяндаңыз


Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә.Марғұлан мен К.Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қола дәуірін кезеңге бөлуде зерттеушілер арасында әр алуан пікірлер бар. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, белгілі бір еңбек саласына маманданудың күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді.
А.М. Оразбаевтың 7 еңбегінде
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің
екі ірі обалары - Елшібек пен Беласар
туралы деректер кездеседі. Сондай -
ақ Ә.Марғұлан, К.А.Акишев, М.К.
Қадырбаев, А.М.Оразбаев 2
еңбектерінде
Орталық Қазақстанға жүргізілген
археологиялық зерртеулердің нәтижелері көрсетілген
, Бұл еңбек екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлім- қола дәуірінің
ескерткіштеріне арналған. Бөлімде
андронов мәдениеті мен беғазы
мәдениетінің обалары мен
қоныстарына сипаттамалары беріліп,
кезеңдеу
жасалынады. Сонымен қатар
жергілікті тайпалардың шаруашылығы,
тұрмысы, діни
наным - сенімдері баяндалады.
Қазақстанның қола дәуіріне қатысты
мәліметтерді М.К.Қадырбаев пен Ж.
Құрманқұловтың 1 еңбектерінен
кездестіреміз. Олар археологиялық
қазба жұмыстары барысында алынған
материалдар бойынша тұрғын
жайлардың классификациясына,
шаруашылық
құрылыстарына баса көңіл аударған.
Орталық Қазақстандағы қола дәуіріне
байланысты құнды дерек -
Ә.Х.Марғұланның 3 монографиялық
еңбегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет