43. Бірқалыпты қауіп анықталған жағдайда оның ішінде емізуге, қосымша тамақтандыруға қатысты мәселелер, гигиеналық дағды, ойнау, қарым-қатынастағы қиындықтар және т б
40. Баланың өміріне, денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін ғмедициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптерді анықтау және төмендету, сондай-ақ қаупі жоқ отбасына міндетті бару санын азайту мақсатында жүкті әйелдерді, нәрестелер мен ерте шақтағы балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) ұсынған әмбебап-прогрессивті моделінің негізінде жасалады. Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарланған үйге барулармен қатар (әмбебап тәсілдеме) баланың өміріне, денсаулығына немесе дамуына әсері бар медициналық немесе әлеуметтік қауіптің болуына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге, нәрестелер мен балаларға арналған жеке жоспар бойынша қосымша белсенді бару енгізіледі (прогрессивті тәсілдеме).
41. Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі және жүкті әйелдерге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) босануға дейінгі 2 патронаждан, ал балаларға осы Стандарқа 2-қосымшаға сәйкес жүкті әйелдерді, нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды дәрігер/фельдшер және орта медицина қызметкері үй жағдайында және МСАК деңгейінде медициналық ұйымдарда қабылдауының жалпы бақылау сызбасы бойынша 9 рет барудан тұрады.
42. Прогрессивті тәсіл жүкті әйелдер, нәрестелер және 5 жасқа дейінгі балалар патронажының әмбебап-прогрессивті моделінің сызбасы бойынша (орта медицина қызметкерінің үйге патронаждық баруы) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өміріне, денсаулығына, дамуына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік сипаттағы қауіптер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.
43. Бірқалыпты қауіп анықталған жағдайда (оның ішінде емізуге, қосымша тамақтандыруға қатысты мәселелер, гигиеналық дағды, ойнау, қарым-қатынастағы қиындықтар және т.б.) орта медицина қызметкері оны жою бойынша өз бетінше немесе учаскелік дәрігермен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Отбасы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жоғары қауіп жағдайында (балаға қатал қарау, зорлық-зомбылық, жақтырмау, мүгедектік және т.б.) мәліметтер әлеуметтік қызметкерге, психологқа немесе қажет болған жағдайда басқа сектор өкілдеріне беріледі (білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер бөліміне, әкімдіктерге, үкіметтік емес ұйымдарға және т.б.).
44. Нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға үй жағдайында патронаждық бару кезінде фельдшер немесе мейіргер өзімен бірге балаларға арналған тонометр, өлшеуіш лента, термометр алып жүреді.