9) өңірлендірудің бірінші және екінші деңгейіндегі мамандарға тәуліктік консультациялық және емдік-диагностикалық көмек көрсетуді, медициналық ұйымдарға барып шұғыл түрде және жедел медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
58. Нәрестелердің жағдайына және оларға медициналық көмектің деңгейіне байланысты бөлімшелерге емдеуге жатқызуға арналған көрсеткіштер осы Стандартқа 5-қосымшада белгіленген.
59. Нәрестелерді диагностикалық қарап-тексеру перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейіне байланысты нәрестелерді диагностикалық зерттеудің ең төменгі көлеміне сәйкес осы Стандартқа 6-қосымша бойынша іске асырылады.
60. Босандыру ұйымдары көрсетілетін медициналық көмектің деңгейіне байланысты босандыру ұйымдарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі бойынша перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейіне байланысты осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес жабдықталады.