54. Екінші деңгейдегі медициналық ұйымдарда нәрестелерге медициналық көмек көрсету:
1) нәрестеге алғашқы реанимациялық көмек пен күтімді;
2) орталық венаға және перифериялық тамырларға катетерлеуді;
3) туа біткен ақауды диагностикалау және емдеу, жатырішілік дамудың кідірісі, нәрестелар гипогликемиясын, гипербилирубинемияны, неонаталдық сепсисті, орталық жүйке жүйесінің зақымдануын, респираторлық дистресс-синдромды, пневмотораксті, некроздық энтероколитті және басқа неонаталдық кезеңдегі патологиялық жағдайларды;
4) өмірлік маңызы бар функцияларды (тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, метаболизмдік бұзылыстарды) түзетуді қамтитын қарқынды ем жүргізуді, инвазивті немесе инвазивті емес респираторлық терапияны, инфузиялық терапия және парентеральдық қоректендіруді;