43. Бірқалыпты қауіп анықталған жағдайда оның ішінде емізуге, қосымша тамақтандыруға қатысты мәселелер, гигиеналық дағды, ойнау, қарым-қатынастағы қиындықтар және т б


Туғаннан кейін бірден диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес нәрестенің жай-күйін бағалау жүргізіледі



бет15/18
Дата02.02.2022
өлшемі25,8 Kb.
#116981
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
61. Туғаннан кейін бірден диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес нәрестенің жай-күйін бағалау жүргізіледі.

      62. Дені сау нәрестеге "жылылық тізбесін" сақтай отырып гипотермияның алдын алуды, анасына денесімен жанасу немесе "денені денеге" жанастыруды, туылғаннан кейін бір сағаттың ішінде емізуді ерте бастауды (нәресте емуге дайын болған жағдайда), ауруханаішілік инфекцияның алдын алуды қамтитын негізгі күтім жасалады.

      63. Дені сау нәрестенің антропометриясы, оны толық тексеру және басқа іс-шаралар туғаннан бастап 2 сағат өткеннен кейін жүзеге асырылады, себебі осы аралықта бала анасының кеудесінде жатады және емшекпен қоректендіріледі.

      64. Дәрігер неонатолог нәрестеден бұзылыстарды анықтаған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, көрсетілімдері бойынша қарқынды емдеу немесе нәрестелерді реанимация бөлімшесіне ауыстырады.

      65. Жедел босандырудан (кесарь тілігі) кейін медицина қызметкері баланы алғаш кеудесіне қойғанда анасы жауап қата бастаған сәттен бастап, анасының немесе баланың жағдайы ауыр болған кездерден басқа жағдайларда, кемінде 30 минут баланы анасының денесіне жанастыру арқылы анаға практикалық көмек көрсетеді. Анасының жағдайына байланысты баланы анасының кеудесіне алғаш қою мүмкін болмаған жағдайда нәрестені босану кезіндегі серіктесінің кеудесіне жатқызады.

      66. Қарқынды емдеу бөлімшесінде жатқан нәрестенің ата-анасына, заңды өкіліне және отбасы мүшелеріне баланы кеудесіне басуына және күтім жасауға қатысуына мүмкіндік беріледі.

     

Достарыңызбен бөлісу:

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет