№46 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Боханова Орынкүлдің 2013-2014 оқу жлындағы дарынды оқушылармен жүргізген жұмысының талдауы
Қыркүйек айында Әуелі мектеп психологы, ата-аналарға арналған әдістеме арқылы оқушылар туралы керекті мәліметтерді жинақтадым.Жұмыс жоспарын құрып,бекіттірдім. Балалардың интеллектуалдық потенциалын зерттеу арқылы дарынды оқушыларды анықтадым. Анықталған оқушыларды тілдер апталығына қатыстырдым.
Қазан айында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тестпен, өзіндік жұмыстармен жұмыс жасаттым. Ізденушілігін арттыру мақсатында өзіндік тапсырмалар орындаттым. Өткен тақырыптарға қайталаулар жасаттым. Қалалық, пәндік олимпиадаға материал жинақтап, оқушыларды дайындадым.
Қараша айында Мектепшілік пәндік олимпиадаға оқушыларды қатыстырдым. Қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға оқушылар дайындадым. Қалалық пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындадым.