Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
10 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
1.Фотоэффектінің қызыл шекарасы деп нені айтамыз?
2.Электрондардың металдан шығу жұмысы дегеніміз не?
3.Фотоэффектінің қызыл шекарасын қалай анықтаймыз?
4.Фотоэффект үшін Энштейннің теңдеуін жазып .оған кіретін әрбір шаманың нені білдіретінін айтып беріңдер.
Жаңа сабақ
1895 жылы В. Рентген ашқан.
Рентген сәулелері - жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10-12-10-9) электромагниттік сәулелер.
Рентгендік сәулелердің тууын классикалық электромагниттік теория негізінде түсіндіру
Жылдам электрондар металл атомдарымен соғылғанда, олардың ядроларының кулондық өрістерімен өзара әрекеттесуі салдарынан тежеледі. Тежелу барысында жылдам электрондар біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:
∆Е=Е1-Е2
Е1,Е2 -электронның әр түрлі күйлеріндегі кинетикалық энергиялары,
∆Е – электронның жоғалтқан энергиясы.
Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді:
∆Е=hν
Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.
|