Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3 топқа бөлу
Ынтымақтастық ортасын құру
Үй тапсырмасымен жұмыс.
Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары
Ауырлық күші деп қандай күшті айтады?
Еркін түсу үдеуі қандай шамаларға тәуелді?
Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
Еркін түсу үдеуінің дене массасына тәуелді еместігін қалай дәлелдеуге болады?
Полюсте және экваторда бір денеге әрекет ететін ауырлық күшінің мәндері бірдей бола ма?
Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.
Мағынаны тану
«Импульс» гректің «impulses»деген сөзінен шыққан, оның сөбе сөз аудармасы «соққы» дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі шаманы: күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.
Ой толғау әдісі бойынша топтар жаңа тақырыпты оқып, топта талқылап, қорғайды
Дене импульсі дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама = m
Р дене импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем бірлігі секундына килограмм метр [кг · м/с]
Масса – скалярлық шама, ал жылдамдық векторлық шама.
Дене импульсінің векторының бағытыда жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама.
|