48 беттің -сі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі0,95 Mb.
#32600
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Әлеуметтiк педагогтың жеке басына қойылатын талаптар қандай?

2.Әлеуметтiк педагог қызметiнiң жүйесi және мазмұны неден тұрады?

3.Әлеуметтiк педагог қызметi барысында қолданылатын әдiс-тәсiлдер мен құралдарды сипаттап беріңіз.

4.Әлеуметтiк педагогтың кәсiби бiлiмдiлiгiн түсiндiрiңiз.

5.Әлеуметтiк педагог қызметiнiң құрылымы және оны iске асыру әдiстемесi тиімді ұйымдастырылуы үшін қандай шарттарды ұсынасыз? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

6.Әлеуметтік педагогтың міндеттері тәрбиешіден, сынып жетекші міндеттерінен несімен ерекшеленеді?

7.Қандай тұлғалық қасиеттер, білімдер мен дағдылар әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінде қажет болып саналады?

8.Қалыпты отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық көмек қажет болады деп ойлайсыз ба?

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших. уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с.

2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000

3. Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: Академический Проект, Екатеринбург: Деловая книга, 2003. -528 с.

4.Атемова Қ. Т. Педагогика негіздері. - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. -118 б.
Модуль 2. Тұлғаны әлеуметтік қалыптастыру

Дәріс 6. Әлеуметтендіру процесіндегі жеке адам және оның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлар

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтендіру жүйесіндегі жеке адам туралы түсінік

2. Әлеуметтену үрдісіндегі ықпал етуші факторлар және оларға сипаттама

3. Әлеуметтендіру факторлары мен тәрбие факторлары арасындағы байланыс және ерекшеліктер

«Әлеуметтендірудің міндеті - қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э. Дюркгейм мен Т. Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру - бұл отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi.

Бүгінде әлеуметтену процесінің әрбір кезеңіндегі үш топтың міндеттері төмендегідей анықталған:



1.Мәдени-жаратылыстану міндеті - бұл дене және жыныстық дамудың белгілі бір деңгейге жетуiмен сипатталады;

2.Әлеуметтік-мәдени міндеті - танымдық, адамгершілік-моральдық, құндылық қасиеттердiң әртүрлі жастағы адамдарға тән болуымен сипатталады.

Адамның әлеуметтік-мәдени міндеті:

а) институттар мен басқа да жоғары оқу орнындағы тәрбиелік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

ә) ол адамның өз практикасынан, өмірдегі көрген-білгенінен тұрады.



3.Әлеуметтік-психологиялық міндеті - жеке адамның өзін-өзі танып білуi немес өз идеяларын болашақта жүзеге асыруға қабілетті бола білуi арқылы анықталады.

Жеке адам туралы ой-пiкiрлер ерте кездегi шығыс ғұламалары, атап айтқанда М. Қашғари, Қайқаус, Қ. Иассауи және т.б. еңбектерiнде кеңiнен орын алған. Мәселен, Қайқаус өзiнiң «Қабуснама» атты еңбегiнде: «Адамдықты бiлдiретiн үш қасиет бар, соның бiрi - жәуанмәртлiк. Жәуәнмәрт болам десең көзiңдi жаман қараудан, тiлiңдi жаман сөзден, қолыңды жаман iстен сақта» деп көрсетедi.

Баланың дамуы күрделi қайшылықтары бар процесс болып табылады. Бұған негiзгi педагогикалық үш фактор әсер етедi.

1.Тұқымқуалаушылық

2. Орта

3. Тәрбие.



1. Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауыса алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп аталады. И.П.Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым-қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.

1.Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық орта, үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып бөлiнедi. Мысалы солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез-құлқы мен әрекетiнде өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның температурасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигiзедi.

Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. Тiптi бiрдей ортадағы әртүрлi отбасыларында тәрбие алған балалар әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi:

- отбасының құрамы;

- отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың отбасындағы туылу реті (тұңғышы, кенжесі секілді);

- отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай;

- отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас;

- отбасында қолданылатын салт-дәстүрлер.

2.Тәрбие - баланың дамуына ықпал ететiн негiзгi әрi шешушi фактор болып табылады. Тәрбиенiң басқа факторлардан айырмашылығы - ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал етуi.

Әлеуметтену процесiне бiрнеше негiзгi факторлар әсер етедi. Олар: мегофакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және микрофакторлар (1-Сурет).



Мегофакторларға (мего - өте үлкен, жалпы деген мағынаны бiлдiредi) космос, планета, әлем және т.б. жатқызуға болады.

Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін.

Мезофактор (мезо - орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi) - бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. Әлеуметтендірудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады.

Бұқаралық қарым-қатынас құралдарының негізгі қызметтерін қарастырайық:

1. Ақпараттық қызмет. Теледидардағы бағдарламалар, радио, газеттердегі хабарлар және т.б. арқылы адам өзінің ақпараттық әлемін қалыптастырады.

2. Рекреативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдары көп жағдайда топтық немесе жеке-дара адамдардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін айқындайды. Бұл қызмет барлық адамдарды күнделікті тұрмыстық күйбелеңнен біршама ауытқытып, сергітеді.

3. Релаксациялық қызмет. Қоршаған әлеуметтік ортамен немесе басқа да өмір құбылыстарындағы қарым-қатынаста қиындық көріп отырған жастар мен жасөспірімдер үшін бұл қызмет ерекше сипатқа ие.

4. Нормативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдарын пайдалану барлық жас ерекшеліктеріндегі адамдардың белгілі бір нормалар спектрін игеруіне ықпал етеді.

Мезофакторлардың жекелеген адамдарға әсері арқылы төртiншi топ факторы анықталады. Оны микрофактор деп атаймыз (микро - кiшi деген мағынаны бiлдiредi).

Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие институттары, құрдастар тобы, микроорта, ұйымдар (соның ішінде діни ұйымдар да) жатады.



Тәрбие институттары - нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға немесе нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты да жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйымТәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өмірде нақтылы қызметті қамтиды. Олар мыналар:

  • мақсатты бағытталған жағдайды жасау арқылы қоғамның мүшесін дайындау мен дамыту мәселесі тек тәрбие процесі арқылы ғана жүзеге асырылады;

  • қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуді мәдениетті қолға алу және оны жаңартып, қолдануға ыңғайлы ету арқылы жүзеге асыру;

  • қоғам мүшелерінің қарым-қатынасы мен іс-әрекетін және талпынысын иинтеграциялау.



Тұжырым:

1.Жеке адам әлеуметтендiру процесiнiң объектiсi әрi субъектiсi ретiнде көрiнедi. Нақтырақ айтқанда, жеке адамды қоғамның бүгiнгi талаптарына сай бейiмдеп тәрбиелеуде адам әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қарастырылса, өзiнiң қоғаммен тығыз байланысы арқылы бiртiндеп қоғамға енуi және оның мiнез-құлық ережелерiнiң қалыптасуы әлеуметтендiру процесiнiң субъектiсi ретiнде көрiнедi.



2.Жеке адамның дамуы қоғамнан тыс болуы мүмкiн емес. Олай болса жеке адам бойындағы кемшiлiктер мен ауытқулар да қоғам ықпалынан туындайды.

3.Жеке адамды әлеуметтендiрудегі тәрбие үрдісінде әлеуметтендірудің: мего, макро, мезо және микрофакторлары әсер етедi.

Жеке адамның қалыптасуындағы кездесетiн ауытқулар жеке дара кездесуi мүмкiн емес. Олар: әлеуметтiк ауытқу, психикалық ауытқу, дене жағынан ауытқу және педагогикалық ауытқулар болып мiндеттi түрде бір-бiрiмен байланыста дамиды.

4.Бүгiнгi күнгi педагогика ғылымында тәрбие ұғымының мәнi мен мазмұны әлеуметтендiру түсiнiгiнiң қоғамдық мәнiмен пара-пар анағұрлым ауқымды қолданылып келедi. Өйткенi баланы жан-жақты тәрбиелеу түсiнiгiнiң өзi оны сол баланың өмiр сүретiн

қоғамының азаматы етiп бейiмдеумен, яғни әлеуметтендiрумен тiкелей байланыста жүзеге асырылмақ.

5.Діни ұстанымдар мен сенімдер баланы қоғамға ену мен қоғамда дұрыс өмір сүруге бейімдеудің негізгі құралы ретінде қызмет атқарады.

6.Діни еңбектердегі тәрбие ұстанымдары ғылыми педагогика теориясы мен практикасында ұсынылатын тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыру талаптарын толықтыра түседі және өзара сабақтасып байланысады.

7.Діни еңбектердің мазмұнындағы тұлғаны өз қоғамында өмір сүру талаптарына байланысты ұсыныстарды отбасындағы, мектептегі тәрбие үрдісінде пайдалану әлеуметтендіру үрдісін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Адамның өзі өмір сүретін қоғамындағы объектілік және субъектілік рөлін ажыратып түсіндіріңіз.

2. Әлеуметтендiру процесiнiң құрбаны дегендi қалай түсiндiресiз? Қандай ішкі қайшылықтар адамды әлеуметтенудің құрбаны болуға итермелейді.

3. Әлеуметтендiру процесiне әсер етушi факторларды атаңыз.

4. Тұлғаның әлеуметтену процесiндегi ұлттық менталитеттiң алатын орны қандай? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

5. Діни түсініктердің адамның қоғамдық талаптарға сай бейімделуі мен әлеуметтенуіне ықпалын түсіндіріңіз.

6.Діни түсініктердегі қарым-қатынастың қоғамдық қатынастар талаптарына сай келуіне салыстырмалы сипаттама жасаңыз.

7. Дiни тәрбиенiң деңгейлеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, қазіргі қоғамдағы баланы әлеуметтендіру үрдісінде басым көрінетін құбылысын сипаттап көрсетіңіз.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших. уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. - 416 с.

2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000

3.Мустаева Ф.А. Социальная педагогика .–М.: Академический Проект, Екатеринбург:Деловая книга,2003.-528 с.

4.Атемова Қ. Т. Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы. Монография. -Алматы: Қазақ университеті. 2009. -328 б.

5.Педагогика. Дәріс курсы. −Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б.

6.Кiшiбеков Б. Қазақ менталитетi: кеше, бүгiн, ертең. -Алматы: Ғылым, - 1999. - 200 б.

7.Сахих хадистер. /Ред. басқарған Мыңбаев М. Г. Таңдамалы бiрiншi кiтап. - Алматы, 2003. - 224 б.


Дәріс 7. Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші институты

Дәріс жоспары:

1.Отбасы және оның баланы әлеуметтендіру институты ретіндегі қоғамдық мәні

2.Отбасының әлеуметтендірушілік белгiлерi мен әлеуметтендірушілік ықпалы

3.Отбасы типтері және ондағы әрекеттер сферасы

4.Отбасының әлеуметтендірушілік қызметі

5.Толық емес отбасылардағы тәрбие мен әлдеуметтендіру үрдісінің жүргізілу мүмкіндіктері


Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады.

Отбасындағы адамдардың бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық және эгалитарлық деп бөлдi. Авторитарлық отбасы өзiнiң қарым-қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйел ерiне бағынышты немесе ерi әйелiнен аса алмайды және балалары ата-аналарының дегенiнен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсiнiстiк пен сыйластыққа негiзделедi. Мұнда отбасы мүшелерiнiң үйiшiлiк қызметтерi қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне қарай тең бөлiнген, отбасындағы әрекеттердi ұйымдастыру мен атқаруға бәрi жұмыла қатысып отырады. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердiң тең құқылығымен ерекшеленедi. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшiн отбасы проблемаларына қарағанда жеке басының проблемалары бiрiншi орында тұрады. Мысалы, жұмыстағы жетiстiктер және т.б. Мұндай отбасыларында үйiшiлiк жұмыстар тең бөлiнген, барлығы ұжым болып жабыла кiрiсiп атқарады және шешiм қабылдайды. Бос уақытты да бiрге өткiзуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың кемшiлiгi отбасы проблемаларын шешуде кейбiрiнiң жеке мүддесi немесе қызығушылығы ескерiлмесе, кикiлжiң тууы мүмкiн.

Енді осы қарастырылған отбасыларының ішіндегі бірқатар отбасы типтеріне сипаттама беріп, тоқталып өтейік:

Жас отбасы. Бұл отбасылар жұбайлық өмір дамуының алғашқы сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір-бірін енді танып біліп, мінез-құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру салтынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді.

Орташа жастағы жұбайлар отбасы. Қарым-қатынастарына қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән. Көптеген жұбайлар бұл жас кезеңінде тек сөз ғана емес, отбасындағы іс-әрекет пен ерлі-зайыптылық өнегесінің тәрбиелік ықпалын қолданатын өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйенеді.

Ересек жұбайлар отбасы. Мұндай отбасыларына өздері жеке немесе ересек балаларымен және немерелерімен тұратын жұбайлар отбасы жатады. Оларға зейнеткерлікке шыққан жұбайлар жатады. Мұндай отбасыларының мәселелеріне олар жаңа мекенжайға

көшкенде бейімделудің қиындығы, жұмыс орнын ауыстыруға байланысты туындаған қиыншылықтар және т.б. жатады.



Баласыз отбасылары. Әдетте мұндай отбасыларына он жылдан бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана баланың болмауын ажырасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі көрсетпейді екен.

Көп балалы отбасы. Мұндай отбасыларына төрт баласы бар отбасылар кіреді. Мұндай отбасылары өздерінің ауызбіршілігімен ерекшеленеді және ажырасу көрсеткіштері де салыстырмалы төмен болады.

Аз балалы отбасы. Бұл қазіргі кезде ең көп тараған отбасылар, оларға екіден немесе жалғыз баласы бар отбасылар жатады.

Күрделі отбасы. Бұл бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын толық отбасыларын, тіпті бірнеше некелік отбасыларын қамтитын ұжым. Оны жұбайлардың ата-аналары, жұбайлардың өздері және олардың балалары құрайды. Жыл өткен сайын мұндай отбасыларының саны азайып барады.

Қолайлы отбасы. Мұндай отбасыларына жас отбасылар, орташа жастағы, ересек жастағы жұбайлар отбасы және т.б. кіреді. Сонымен қатар, мұндай отбасыларына баласыз, көп балалы, күрделі отбасылар және т.б. да енеді.

Қолайсыз отбасы. Қолайсыз отбасыларына нақтылы бір уақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық қалыптастырып келген ықпалдарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасыларын жатқызамыз.

Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы. Бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды. Мұндай отбасыларын Ресей ғалымдары үш түрге бөледі (Ф. А. Мустаева):

  1. Балалы әйелдің баласыз еркекке тұрмысқа шығуы;

  2. Балалы еркектің баласыз әйелге үйленуі;

  3. Балалы еркек пен балалы әйелдің ортақ отбасылық тұрмыс құруы.

Некесіз отбасы. Бұл өз қарым-қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы. Бұған некеге дейінгі жастардың ұзақ уақыт бойы бірге тұрған келісімді ортақ одағы жатуы мүмкін, көп жағдайда мұндай отбасыларында өмірге сәбидің келуімен заңды некеге тұру қажеттілігі орын алады.

Толық емес отбасы. Бұл көбінде ажырасудан кейнгі отбасылары немесе ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап алуынан пайда болған отбасылары болып табылады.

«Аналық» отбасы. Бұл толық емес отбасыларының бір түрі десек те болады. Ата-анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады.

Ажырасудың нәтижесінде пайда болған толық емес отбасы. Ажырасудан кейінгі отбасы көп уақытқа дейін осындай көңіл-күйді басынан кешіреді. Ажырасқан отбасыларының үштен бір бөлігі ғана қайта толық отбасы жағдайына ие болады.

Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық емес отбасы. Бұл отбасыларында ата-ана рөлін ана немесе әке орындайтын болады.

Әйел (немесе еркек) тарапынан бала асырап алу негізінде қалыптасқан отбасы. Мұндай отбасыларына өмірге деген құлшынысының жоғары болуы тән.

Дистанттық отбасы. Мұндай отбасыларына қалыпты отбасыларын жатқызамыз. Оларға ерлі-зайыптылардың бірінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек өткізетін баласыз отбасылары, аз балалы және көп балалы отбасылары кіруі мүмкін.

Әртүрлі деңгейлі отбасы. Мұндай отбасыларындағы жұбайлардың кәсіби бағыты мен білімі әртүрлі деңгейде болады.

Аралас ұлтты отбасы. Бұл ата-аналарының әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын адамдар некесі, мұнда тіпті олардан туылған балаларының өзі кәмелет жасына толғанда ата-аналарының бірінің ұлтын таңдауға құқылы болады. Содан әр ұлтты отбасы болып шыға келеді.

Бала тәрбиесiне деген ата-аналар көзқарасының әртүрлiлiгi және отбасындағы тәрбие жұмысының жүйесiз әдiстерiнiң қолданылуы, ата-аналар мiнез-құлқының жиi өзгерiп отыруы, баланың мiнез-құлқынан тыс мадақтау мен жазалау тәсiлдерiнiң сәйкессiз қолданылуы (ата-аналардың мiнез-құлқына қарай) отбасындағы баланың мiнезiнiң терiс қалыптасуына әсер етедi.

Толық емес отбасыларындағы балалар тәрбиесi де өзiндiк ерекшелiкке ие. Көптеген зерттеу жұмыстары толық емес отбасыларындағы жалғыз ананың бала тәрбиесiнде әкенiң орнын толтыра алмайтындығын, яғни бiр сөзбен айтқанда баланың толыққанды әлеуметтенуiн қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Соған қарамастан көп жағдайда толық емес отбасыларында ана баланың кезiнде ала алмаған әке қамқорлығын беруге тырысады. Осы мақсатта ана балаға қамқоршы болу, қорғаушы, бақылаушылық позицияны ұстанады.

Тұжырым:

1.Отбасы-қоғамның бір бөлшегі бола отырып, баланың қоғамға енуін қамтамасыз ететін әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады.

2.Отбасының әлеуметтендірушілік қызметінің сипаты оның қоғаммен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасқан отбасылық құндылықтарына байланысты анықталады.

3.Отбасы типтеріне байланысты отбасының баланы әлеуметтендірушілік ықпалы да әртүрлі болады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Бала тұлғасын әлеуметтендiруде отбасының рөлi қалай көрiнедi?

2.Әлеуметтік педагогтар тарапынан ұсынылып жүрген отбасылық қарым-қатынастың типтерiн бөлiп көрсетіңіз. Олардағы тәрбие мен әлеуметтендіру ерекшеліктерін сипаттаңыз.

3.Отбасына берiлген әртүрлi анықтамаларды салыстырыңыз. Олардың қайсысы отбасының сипатының мәнiн толық ашады?

4.Отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыра отырып, сипаттаңыз.

5.Қолайлы емес отбасының типологиясын және ондағы қарым-қатынасты реттеудiң мүмкiн болатын жолдарын өзiңiздiң тұжырымыңыз бойынша ұсыныңыз.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. - Алматы: Ғылым, 1975. - 305 б.

2.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с.

3.Атемова Қ. Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектептің рөлі. –Алматы: Ғылым. 2002.-118 б.

4.Торохтий В. С. Психология социальной работы с семьей. –М.:ЦСП РАО, 1996. -218 с.

5.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга, 2003.-528с.




Дәріс 8. Мектеп - әлеуметтендіру институты және әлеуметтік- педагогикалық жүйе ретiнде

Дәріс жоспары:

1.Мектептің әлеуметтендіру институты ретіндегі мәні мен мүмкіндіктері

2.Мектептің баланы әлеуметтендірушілік қызметі

3.Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен типтері

4.Мектептегі баланы әлеуметтендіру шараларының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Тәрбие бүгiнге дейiн бiр орында тұрған емес. Ол сан құбылып, сан өзгерiске ұшырап, қоғаммен бiрге жаңарып келедi.

Қоғамға нарықтық экономиканың келуiне байланысты балалар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қажеттiлiкке айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық заманына сай қасиеттердi қалыптастыру тәрбие мақсатына айналды. Осы тұста ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар өздерінің «Педагогика» кітабында тәрбие ұғымына былайша анықтама бередi: «Тәрбие дегенiмiз - жастарды қоғамда өмiр сүруге және еңбек етуге бейiмдеу». Бұл нағыз нарық талабын ескеріп, адам тәрбиесін қоғам талабына сай жүзеге асыруды көздеген анықтама болатын.

Бүгiнгi таңда «тәрбие» ұғымының ауқымы әлеуметтендiру ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi бүгiнгi тәрбие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп тәрбиелеумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде де қолданылып келедi.

Сапалы бiлiм алған адам өмiрде міндетті түрде тәрбиелi әрi қоғамдық істерге жан-жақты дайын болады деп саналды. Бiрақ тарихи тәжiрибелерге талдаулар жасау мен практика мұның дұрыс емес екендiгiн көрсетiп бердi. Бүгiнгi жағдайда мектептiң

әлеуметтiк-қалыптастырушылық, тәрбиелеушiлiк мiндетi елеулi түрде күшейтiлуде. Әсiресе, тұрғындардың елеулi бөлiгiнiң әлеуметтiк орнықтырушылығы отбасындағылардың әлеуметтiк-психологиялық қиыншылықтардан басымдығы бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк ортаның қатаң әсерiнiң күшеюi бүгiнгi бiлiм беру мен тәрбиенiң дәстүрлi қызметiнiң көкейкестiлiгiн арттырып, тереңдете түсуге алып келдi. Олар:


  1. Әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк тұрақтандыру қызметi. Ол әрбiр оқушыда реалды әлеуметтiк қарым-қатынасқа түсудi, тұлғаның әлеуметтiк даралығын қалыптастыруды, әрбiр мектеп бiтiрушiсi үшiн өмiрлiк перспективаларды ашуға, әлеуметтiк кикілжіңдер мен әлеуметтiк қысымдарды шешуді қамтамасыз ету;

  2. Әлеуметтiк қайта құрылушылық қызмет. Бұл қызмет тез өзгеретiн өмiрлiк жағдаяттардың, нарық қатынасы мен демократиялық-құқықтық қоғамның қалыптасуы жағдайында адамдардың сапалы өмiр сүруге бейiмделуiн қамтамасыз етедi;

  3. Әлеуметтiк-қорғаушылық қызмет. Ол балалардың өмiрi мен дамуына қалыпты жағдай жасай алмайтын отбасылары мен қоғамдағы балаларға қамқорлық жасаумен байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды қамтиды;

  4. Денсаулықты сақтаушылық және нығайтушылық қызмет. Ол бiлiм берудiң бағасы шектен тыс жоғары болғанда немесе бiлiм беру денсаулықты жоғалтуға алып келетiн жағдайдағы балалардың денсаулығының катастрофалық құлдырауымен байланысты болады. Мысалы, компьютерде ұзақ отыру көзге, мидың шаршауына алып келедi.

  5. Мәдени және мәдени-шаруашылық қызмет. Бiлiм берудi кең мағынада мәдениетпен қарым-қатынас ретiнде түсiнуден келiп шығады немесе көпшiлiк хабар құралдары, мәдениет мекемелерi, микроорта әзiрге бұл процестi қамтамасыз етуге қабiлетсiз болып отыр.

Нақтылы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптары бар мектептер. Бұл мектепетерде бір немесе екі пән тереңдетіліп оқытылады. Мысалы, шетел тілі мен математика секілді т.б

Гимназия мектептері - оқу орнының бағытына байланысты бастапқы білім берудің вариативтілігін қамтамасыз ететін, оқушылардың таңдауына байланысты профильдік курстар мен пәндердің ғылыми негіздерін тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін оқу орны.

Лицей – нақтылы бір профиль бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін оқу орны. Оның гимназия мектептерінен айырмашылығы олар кең бағытты қамтымай, нақтылы техникалық-математикалық, бологиялық-химиялық және т.б. секілді бағыттарды қамтитындығында.

Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен доминантты ядросы бойынша оларды мынадай типтерге бөлуге болады:

- Бейiмделу мектебi. Мұндай мектептерде жетекшi идея әрбiр баланың дара психофизиологиялық ерекшелiгi мен қызығушылығын және даму деңгейiн ескере отырып, оның тұлғалық дамуы мен әлеуметтенудiң толық мүмкiндiктерiне қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталады.

- Сауықтыру мектептерi. Мұндай мектептердiң базалық бағдары - денсаулықты сақтау мен нығайту, бiлiм берудiң нәтижесi ретiнде денсаулық пен тәрбиелiлiктiң және бейiмдiлiктiң гармониялы мүмкiндiктерiн iздестiредi.

- Оқушылардың қызығушылығы бойынша елеулi сабақтар жүргiзетiн мектептер - олар мектеп-клубтар. Мұнда ұжымдық қызмет шығармашылық жұмыстар әдiстемесiне негiзделедi. Ұжым мүшелерi көңiлдегi әрекеттерiмен шұғылданады.

- Үй типтi мектептер. Мұндай модель негiзiнен халықтың бiрден-бiр әлеуметтiк-мәдени орталығы болып табылатын шағын ауыл мектептерi үшiн өте қолайлы.

- Академиялық мектептер. Оларға гимназия, лицей, профильдi мектептер жатады. Ондағы әлеуметтiк бағдар орта және жоғары кәсiби оқу орындарымен, ғылыми

мекемелермен, ғылыми өндiрiстермен, шығармашылық одақтармен, мамандармен, ғалымдармен, шығармашылық зиялылары өкiлдерiмен байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады.

- Оқу-өндiрiстiк мектептер. Ол да профильдi мектеп, бiрақ негiзгi мақсаты еңбекке, қолөнердi меңгеруге бағытталған мектеп. Мұндай мектептер негiзiнен оқу-өндiрiстiк комбинаттар болып табылады.

- Ашық мектептер - мектеп қабырғасынан тыс жерде оқу, оқудан тыс әрекеттердiң бөлiгiн жүзеге асыратын оқу орны. Бұл лабораториялардағы және өндiрiстер мен мәдениет мекемелерiндегi сабақтар және т.б.

Бүгінгі жалпы білім беретін мектептер тәрбие институты ретінде мынадай әлеуметтендіру мекемелерінің рөлін атқарады:



  • оқушыларды оқыту арқылы тәрбие берушілік қызмет іске асырылатын білім және тәрбие беру мекемелерінің рөлі;

  • мектептегі оқудан тыс жұмыстар негізінде педагогтардың ұйымдастыруымен өткізілетін шаралар арқылы оқушылардың өмірге бейімділігін қалыптастыру мақсат еткен ұйымның рөлі;

  • оқушылардың өмірін мақсатты түрде оқушылардың бос уақыттарындағы өзара қарым-қатынастары арқылы ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық топ рөлін атқарады.

Жалпы алғанда мектеп әлеуметтендірудің ашық жүйесі ретінде мыналарды білдіреді:

  • мектептің отбасыларымен әлеуметтік байланысының күшеюі;

  • мектептің қосымша білім беру, мәдени мекемелерімен және әлеуметтендірудің басқа да институттарымен өзара байланысты жұмыстарының жүргізілуі;

  • педагогтардың мектеп түлектері, ардагерлер, мәдени қызметкерлер, спорт саласындағы қоғамдық орталармен тығыз байланысының болуы;

  • педагогикалық және балалар ұжымының әртүрлі шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастығының болуы;

  • сабақ пен сабақтан тыс оқытулардың мектептен тыс жерлерде өткізілуі: шеберханаларда, лабораторияларда, табиғатта және т.б.

Ата-аналар жиналысы - бұл мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы нәтиже береді.

Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, балалар бойында ұнамды қасиеттерді қалыптастыруда ата-аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата-аналарға арналған іс-шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ.



Тұжырым:

1.Мектеп-мақсатты құрылған тәрбие үрдісін ұйымдастыру мекемесі ретінде баланы әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады.

2.Әртүрлі мектептің типтеріндегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыру міндеті бірдей болғанымен, оларды әлеуметтендіру жолдары әртүрлі жүзеге асырылады.

3.Мектеп тұлғаны әлеуметтендіруде қоғамдық ұйымдармен, отбасымен байланыста жұмыс жүргізгенде ғана әлеуметтендіру міндетін тиімді шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет