48 беттің -сі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет5/6
Дата15.09.2017
өлшемі0,95 Mb.
#32600
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Девиантты мiнез-құлық және оның түрлеріне сипаттама беріңіз.

2.Девиантты мiнез-құлықтың пайда болу себептерi қандай?

3.Девиантты, деликвенттi, криминалды мiнез-құлықтардың ерекшелiгi неде?

4.Девиантты мiнез-құлықтың пайда болуына әсер етушi факторларды атаңыз.

5.Қазақ халқында мінез-құлқы қалыпты талапқа сай келмейтін адамдардың әрекетін қандай әдістер арқылы алдын алған? Тәжірибелерден мысалдар келтіріңіз.

6.Нұрмұхамбетова Т. Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –Шымкент:Нұрлы бейне. 2006. -188 б.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. – Алматы:Дарын. 2005.-191 б.

2.Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. - Алматы: Ғылым, 1975. - 305 б.

3.Баласағұн Жүсiп. Құтадғу бiлiк /баспаға дайындаған Әбжан Құрышжанұлы. - Түркiстан: Тұран, 2004. - 555 б.

4.Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. –М.: ЭКСМО-Пресс. 2000. -304 с.

5. Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. –М.:1992.

6.Кон И. С. Психология старшеклассника. – М.:Просвещение. 1987. -196 с.
Дәріс 12. Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет

Дәріс жоспары:

1.Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары

2. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің концептуалдық келістері

3. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі профилактикалық жұмыстар

4. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау
Девиантты мінез-құлықты балалар санының артуы қоғам алдына әлеуметтік педагогтар даярлау мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін қойды. Сондықтан бүгінгі қоғамда девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық (алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру – басты міндет.

Профилактика – жеткіншектердің мінез-құлқында әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы.

Әлеуметтік педагогикадағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:

- әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының алдын алу;

- баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;

- баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу.

Әлеуметтік ауытқу әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа бөлуге болады:


  • бейтараптандырушылық;

  • теңестірушілік;

  • әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туындауын ескертушілік;

  • келеңсіз жағдайларды жоюшылық;

  • профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін бақылаушылық.

Профилактикалық шаралардың өтуі жоғары тиімділікті болуы үшін белгілі бір шарттарды ескеру маңызды. Ондай шарттарды ғалымдар мынадай құрамда көрсетеді:

- баланың әлеуметтік ортада, табиғатта өзін қолайсыз сезінуіне әсер етіп тұрған көздерді болдырмау. Сонымен қатар, өмірінде кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды өздігінен шешуге қажетті тәжірибені меңгеруіне жағдай туғызу;

- баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа дағдыларды үйренуге оқыту;

- әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және олардың пайда болуының алдын алу.



Әлеуметтік-профилактикалық тұрғыдан келудің негізгі мақсаты әртүрлі негативті құбылыстарды қалыптастыратын себептер мен жағдайларды айқындау, кейіннен жоюды қарастырады.

Әлеуметтік-педагогикалық келіс. Ол девиантты мінез-құлықты баланың тұлғалық қасиеттерін, әсіресе, тұлғаның адамгершіліктік және еріктік қасиеттерін коррекциялау және қайта қалпына келтірумен байланысты сипатталады.

Бірінші кезең - жекелеген еріктік сапалардың мәнін ашу, олардың мысалдарын көрнекілік тұрғысында дұрыс жеткізу;

Екінші кезең - жеткіншектердің еріктік сапалары туралы көзқарастарын қорыту, батырлық пен тәкаппарлық, бірбеткейлік пен қырсықтық, өз бетінше еңбектенуге қабілеттілік пен өзгелер пікіріне деген құрметтің төмендігі түсініктері арасындағы айырмашылықтарды айқындау.

Үшінші кезең - жоспарлы түрде өз кемшілігін іздеу, оны түзетудің жолдарын қарастыру және өзін-өзі тәрбиелеу кезеңі. Бұл кезеңде әлеуметтік педагог жеткіншектің қалыптасуында өзіне дұрыс баға бере білуіне, жеке кемшіліктеріне төзбеу сезімін оятуға көмектесуі тиіс.

Төртінші кезең - өзін-өзі тәрбиелеудің саналы түрдегі жүру процесі, өзін-өзі дәлелдеу мен өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігін іске асыру кезеңі.

Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің келесі түрі –қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балаларды әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау. Реабилитацияны кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған, бала бойында қарапайым дағдыларды қалыптастырудан адамды қоғаммен толық интеграциялауға дейінгі шаралардың жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Реабилитация дегеніміз - баланы қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қайтаруды мақсат еткен шаралардың жүйесі деуге болады. Реабилитацияның бірнеше түрлері анықталған. Олар: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық.

Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді өмірге қайта бейімдеу реабилитациялық орталықтар деп аталатын мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады. Мұндай мекемелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:



  • балалар мен жеткіншектердің қараусыз қалуының, қаңғыбас және әлеуметтік ортаға бейімделмеген болуының алдын алу;

  • ата-аналарының кесірінен немесе экстремалдық жағдайлардың салдарынан қиын өмірлік жағдайларға тап болған (соның ішінде дене жағынан және психикалық тұрғыдан қысым көрген, қауіпті жағдайда өмір сүретіндер және т.б.) балаларға медициналық-психологиялық көмек көрсету;

  • қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас жасау дағдысы мен жағымды мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибелерін қалыптастыру;

  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар мен өмір сүру жағдайы жоқ балаларға қамқорлық көрсету қызметін орындау;

  • тұлғаны дағдарыстық жағдайынан шығаруға мүмкіндік беретін психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету;

  • отбасына қайта оралу үшін ықпал ету;

  • білім алуға, қалыпты дамуға мүмкіндікті қамтамасыз ету;

  • алдағы уақытта тұрмыстық және кәсіби орналасуға қамқорлық жасап тұру.

Диагностика кәмелетке толмаған баланың эмоционалдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді.

Реабилитациялық бағдарлама әрбір бала үшін жеке жасалады, ол құрамында: мақсаты, міндеттері, әдістері, формалары, құралдары мен қызметтің кезеңдері секілді негізгі элементтерді қамтиды. Реабилитациялық бағдарламаның негізгі мақсаты баланың қоғамдағы коммуникативтік дағдыларын жинақтауына көмектесу және адамгершіліктік құндылықтарын коррекциялау мен қалыптастыру болып табылады.

Реабилитациялаудан кейінгі қорғаушылық баланың реабилитациялық орталықтан шыққаннан кейін туындаған кикілжіңдерді коррекциялау мен жүйелі бақылауға алу арқылы отбасымен, достарымен және мектеп ұжымымен үйлесімді қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге көмектесуді көздейді.

Тұжырым:

  • девиантты мінез-құлықты балалардың қоғамда болуы әртүрлі әлеуметтік ықпалдардың және тәрбие институттарының қызметіндегі олқылықтардың нәтижесінде пайда болады;

  • девиантты мінез-құлықты балалардың дені өтпелі кезеңге сәйкес келетіндігі олардың азаматтық қалыптасуында әлеуметтік орта тарапынан болған мұқтаждықтарына көмектің дер кезінде көрсетілмеуінен туындайды;

  • кез- келген қайта тәрбиеленетін немесе қайта әлеуметтік ортаға қайтарылған бала реабилитациялық қамқорлықты қажетсінеді.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Девиантты мінез-құлықты балалармен қандай бағыттарда жұмыс жүргізіледі?

2. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізуді концептуалдық тұрғыда зерттеген ғалымдар көзқарастарын сипаттап айтыңыз.

3. Әлеуметтік қараусыз қалған балаларды өмірге қайта бейімдеу жұмыстарына қандай қызметтер енеді?

4. Реабилитациялық орталықтарда қандай әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі?

5. Қазақстанда девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізіп жатқан қандай реабилитациялық орталықтардың жұмысының оң нәтижелері туралы айта аласыз?



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. –Алматы:Дарын. 2005.-191 б.

2.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с.

3. Мудрик А. В. «Социальная педагогика». учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000.

4. Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. –М.: ЭКСМО-Пресс. 2000. -304 с.

5.Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. –М.:1992.


Модуль 4. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясы

Дәріс 13. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы түсінігі

2.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы ұғымдарының өзара байланысы мен ерекшеліктері

3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүргізу технологиясының практикасы

4.Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы басқа ғылымдар теориясы мен практикасының қажеттілігі
Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең алдымен қызмет түрлерімен танысады. Мысалы, физика пәнінің маманы болу үшін ол алдымен физиканың заңдылықтарын оқып үйренеді, ал балалар дәрігері болып шығу үшін анатомия, физиология ғылымдарын меңгереді.

Мұндай сұрақтарға әдістеме мен технология жауап береді.

Алдымен «әдістеме» және «технология» ұғымдарының мәнін түсініп алайық.

«Әдістеме» - бұл қандай да бір жұмысты орындауға мақсатты бағытталған әдістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы. Біз әлеуметтік-педагогикалық зерттеу мәселесін қарастырған кезімізде «әдіс» ұғымымен таныс болдық. Бұл ұғым өте кең көлемде қолданылады. Атап айтқанда, психологияда, әлеуметтануда, педагогикада және т.б.

«Әдістер» - бұл баланың әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік тәжірибелердің жинақталуына мүмкіндік туғызатын бала мен әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі.

Әлеуметтік-педагогикалық технологияның «классикалық» технологиядан ерекшеленетін нақтылы сипаттарын Ресей ғалымы Е.И.Холостова мынадай құрамда сипаттап көрсетеді:



1. Концептуалдылық технология, яғни бұл, әлеуметтік педагогикалық қызметте философиялық, психологиялық, дидактикалық және басқа да білім берудің ғылыми концепциялары енген нақтылы технологияларға сүйену арқылы әлеуметтік педагогикалық қызметті ұйымдастыруды көздейді.

2. Жүйелілік технологиясы, бұл, процестің логикасы, әлеуметтік педагогикалық процестің барлық бөліктерінің өзара байланысы, кешенділігі секілді жүйенің барлық көрсеткіштерін игеру арқылы көрініс табады.

3. Үнемділік технологиясы, яғни бұл технологияны пайдалану жұмыс уақытының резервтерін жасау есебінен әлеуметтік педагогтың қызметін оптимальдандыруға мүмкіндік туғызады.

4. Салыстырмалы түрдегі алгоритмделу технологиясы. Негізінде әлеуметтік педагогикалық технологияда қызметтің жалпы процесін бөліп қарастыру шектелген.

5. Іс-әрекеттің коррекциялануы технологиясы, бұл әлеуметтік педагогикалық процесті іске асыруда үнемі тұрақты кері байланыстың орын алу мүмкіндігінің болуымен айқындалады.

6. Әлеуметтік педагогикалық технологияның қайта жаңғыртылуы тікелей алгоритмделу дәрежесіне байланысты болады, яғни технологияның қаншалықты дәрежеде қайта жаңғыртылуы мүмкіндігімен, сонымен қатар, басқа да ғылым салаларындағы әрекеттердің әлеуметтік педагогикада қолданылуы мүмкіндігі арқылы сипатталады.

Әлеуметтік педагогикалық технологияның екі негізгі формасы ғылымда ұсынылады:

Біріншіден, әлеуметтік педагогикалық қызметтің нақтылы операциялары мен процедураларын қамтитын бағдарламалар түрінде;

Екіншіден, осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған қызметтің өзі түрінде.

Әлеуметтік педагогикалық технологиялар бірнеше деңгейде көрінеді. Олар:

1. Индивидуалдық немесе авторлық деңгей. Мұнда әлеуметтік педагогикалық қызмет әлеуметтік педагогикалық міндеттерді шешу бойынша бірізді, нақтылы әрекеттерді өзіндік ерекшелікпен іске асырумен байланысты айқындалады.

2. Топтық немесе профильдік деңгей. Мұнда әлеуметтік педагогикалық міндеттерді іске асыру нақтылы әлеуметтік институттар саласында аталмыш институттар типіне тән технологияларды таңдау арқылы атқарылады.

3. Басқарушылық немесе территориялық деңгей. Мұнда нақтылы бір әлеуметтік педагогикалық міндет нақтылы бір территория шеңберінде әлеуметтік институттар қызметі мен байланысын қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған технологиялар әрекетінің деңгейлеріне сәйкес жалпы, жеке және арнайы әлеуметтік педагогикалық технологияларды бөліп көрсетуге болады.



Жалпы әлеуметтік педагогикалық технологиялар маманның баламен өзара ықпал ету заңдылықтарын және осы әрекеттің компоненттерін сақтауды жүзеге асырады. Жалпы әлеуметтік педагогикалық технологиялар жүйесі өзінің құрамында диагностикалауды, профилактикалауды, адаптациялау, реабилитациялауды, коррекциялауды, әлеуметтік терапияны, әлеуметтік экспертизаны, прогностикалауды, делдалдықты, кеңес берушілікті және т.б. қамтиды.

Жеке әлеуметтік педагогикалық технологиялар өзінің негізіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж болған нақтылы адамдар категориясы мен әлеуметтік сатыға көмек көрсету бойынша технологиялық процедураларды ендіреді.

Арнайы әлеуметтік педагогикалық технологиялар мамандандырылған мекемелер мен орталықтардағы әлеуметтік процестерді оптималдандыруға арналады.

Әлеуметтік педагогикалық қызмет барысында қолданылатын кейбір жекелеген технологиялар мен технологиялық процестерді практикада пайдалануда әлеуметтік педагог көптеген шаралардың кешенін қолдана алады. Мүндай шаралардың кешені технологияландырылу деп айтылады. Әлеуметтік педагогикалық әрекетті технологияландыру процесі мынадай бірнеше кезеңдерде іске асырылады:



    1. Теориялық кезең – мақсатты технологиялық әрекеттің нысанын негіздеу, құрамдас компоненттерге бөліп қарастыру және олардың арасындағы өзара байланысты көрсету.

2. Әдістемелік кезең – бұл кезең іс-әрекеттің әдіс - тәсілдері мен құралдарын таңдаумен, ақпараттарды жинақтау және өңдеумен, оған талдау жасаумен, жеке практикалық қызметті жобалау мен жоспарлаудан; аланған нәтижелердің мазмұндық интерпретациялауға мүмкіндік беретін диагностикалау жүйелерін іріктеумен, нтижелерді трансформациялау принциптерін таңдаумен және іс-әрекетті жүзеге асыру процесінде кездесуі мүмкін болған қиыншылықтардың алдын алу жүйелерін жасаумен байланысты айқындалады.

3. Процедуралық кезең – бұл кезеңде нақтылы әлеуметтік - педагогикалық әрекет жүзеге асырылады.

«Құрал» - анағұрлым кең мағыналы түсінік. Құрал - әлеуметтік педагогтың алдына қойған мақсатына жетуде қолданатын материалдық, эмоционалдық және интелектуалдық шарттарының жиынтығы болып табылады.

Көз жеткізу - бұл баланың ішкі адамгершілік туралы білімдері мен іс-әрекеттерінің дұрыс екендігiне сенімінің қалаптасуы.



Сұхбат - бұл көз жеткізудің сұрақ-жауап әдісі. Әлеуметтік педагогтың шеберлігі ол қандай сұрақтарды таңдап алуы керек екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады.

Жаттығу әдісі оқушыларда нақтылы бір адамгершілік қасиеттер мен дағдыларды қалыптастырумен байланысты. Тәрбиелі дағдыны әдетке айналдыру үшін көптеген

жаттығулар орындауға тура келеді. Мысалы, бала әдемі әрі сауатты жаза білу үшін ол көп уақыт жазып жаттығады.

Осы тұста ұлы ғұлама әл-Фараби баланы іс-әрекетке баулып, тәрбиелегенде оның жас ерекшелігімен қатар дара ерекшелігін және қызығушылығын да ескеруге кеңес береді. Бұл жөнінде ол: «Әрбір балаға өзінің ерекшелігіне қарай бір жұмыс белгіленуі тиіс. Өйткенi,

- біріншіден, әрбір адам кез келген жұмысқа және кез келген кәсіпке жарамды бола бермейді. Және басқа адам емес, кейде тек сол адам, басқа бірер жұмысқа емес, тек сол жұмысқа жарамдырақ болады;

- екіншіден, бір жұмыспен немесе кәсіппен шұғылданатын әрбір адам бұл жұмысты неғұрлым жетік, білгір және шебер атқарып, бұл жұмыстың білгірі болып шығады, өйткені ол өзін осы жұмысқа жастайынан үйретеді;

- үшіншіден, көп жұмыстарды бір мезгілде орындап шығу көп уақыт алады. Сондықтан баланы жұмыспен баулуда әртүрлі жұмыстарды қатар орындауды талап етпей, бір жұмысты тиянақты орындап бітіруді талап еткен абзал», - деп балаларды еңбекке тәрбиелеудің тиімді шарттарын көрсетеді.

Осылайша, ғұлама баланың жас және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы жаттығу тапсырмаларын іріктеу, таңдау жасауда ескеру маңыздылығын айтады.

Көз жеткізу әдісі мен жаттығу әдістері бір-бірімен тығыз байланысты.

Әлеуметтік-педагогикалық әдістер арасындағы ерекше тобына жататыны коррекциялау әдісі болып табылады. Оған мадақтау, көтермелеу мен жазалау әдістерін жатқызамыз.

Тұжырым:


  1. Педагогикалық процесс қашанда оқытушылардың басшылығымен ұйымдастырылып, оқушылардың өзара iс-әрекеттерi негiзiнде жүзеге асырылады. Сондықтан әлеуметтік педагогикалық қызмет те педагогикалық процестен тыс болуы мүмкін емес.

  2. Тұтас әлеуметтік-педагогикалық процесс әлеуметтік педагог әрекетiн ұйымдастыруда педагог пен ата-аналардың және т.б. қатысуымен мақсатқа жетуін қамтиды.

  3. Әлеуметтік-педагогикалық процесс екi жақты сипатқа ие болады

  4. Әлеуметтік-педагогикалық процестiң мақсаты мен мiндеттерi қашанда қоғам мақсатын және мiндетiн қоғамдық тапсырыс ретiнде жүзеге асыру арқылы анықталады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиялардан ерекшелігі неге?

2. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы ұғымдарының өзара байланысы мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы қандай міндеттерді қамтиды?

4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүргізу технологиясының практикасын логикалық байланыста сипаттаңыз.

5. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы басқа ғылымдар теориясы мен практикасының қажеттілігі неде?

6. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруда өзіңіз тарапынан қандай дәстүрлі емес әдістерді ұсынар едіңіз?

7. Әлеуметтік педагогикалық әдістеме мен технология арасындағы ерекшелікті сипаттап түсіндіріңіз.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга,2003.-528 с.

2. Педагогика. − Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б.

3.Әл-Фараби. Мемлекет қайтаркерлерiнiң нақыл сөздерi. Әлеуметтiк-этикалық трактаттарында. - Алматы: Ғылым, 1975. – С.5- 28.

4. Макаренко А. С. Педагогическая поэма. - М.: Педагогика, 1984. −3 т. - 512 с.

5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002.

6. Василькова Ю. В., Василькова Т. А. Социальная педагогика. Уч.пособие.-М.:1999.
Дәріс 14. Әлеуметтiк педагогтің ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалармен жүргiзетiн жұмысы

Дәріс жоспары:

1 «Қамқорлық», «жетім», «әлеуметтік жетім» ұғымдары туралы түсінік және олардың сипаттамасы

2 Ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларды қамқорлыққа алу мекемелері, олардың түрлері

3 Ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларды қамқорлыққа алу мекемелеріндегі жұмыстың мазмұны, сипаты

4 Жетiм балаларды қамқорлыққа алудың жолдары

5 Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық қызметтің түрлері және кезеңдері


«Қамқорлық» - қорғансыз балалардың (ата-аналарынан айырылған балалар, жас сәбилер және т.б.) жеке басының және мүлкiнiң құқықтарын қорғау. Сонымен қатар, әлеуметтiк педагогикада «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдары жиі қолданылады. Сонымен, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға:

- ата-анасы қайтыс болған;

- ата-анасы бала тәрбиелеу құқығынан айрылған;

- ата-аналық құқығы шектелген;

- түзету колониясында кiнәсiн өтеп жүрген ата-аналардың балалары;

- қылмысына байланысты тәртiп сақтау органдары бақылауында жүрген ата-аналардың балалары;

- балаларын емханалардан, әлеуметтiк мекемелерден алып кетуден бас тартып жүрген ата-аналардың балалары жатады.

Отбасы - адамдықтың алғашқы әліппесінің негізін қалайтын баланың алтын бесігі. Сондықтан да салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптаспақ. Қоғамның болашағын құрайтын жастар тәрбиесінде бәсекелестікке қабілеттілікті отбасынан бастаған маңызды. Ол үшін рухы мықты жастарды қалыптастыру, ал олардың ынтымағы жарасқан ата-ана тәрбиесінен өнеге алған ортадан шығуы қажеттілік.

Жетiм қалған балаларды қамқорлыққа алу екi жолмен жүзеге асырылады.


  1. Асырап алу;

  2. Мемлекет қамқорлығына беру.

Асырап алу - баланы қорғаудың арнайы шарасы. Онда ерлi-зайыптылардың баламен туыстық байланысы заң жүзiнде тiркеледi.

Мемлекеттiк қамқорлыққа алу - арнайы мекемелерге орналастыру жолымен асырап алынбаған балалардың тәрбиесi мен дамуына қалыпты жағдай туғызу. Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық қызметтің мазмұны көп қырлы. Солардың бірізді жүйесіне сипаттама беріп өтейік. Асырап алынған бала әртүрлi типтi отбасыларына түсуi мүмкiн. Олар қамқорлыққа алған отбасы немесе асырап алушы отбасы деп аталады. Бұл екеуiнiң айырмашылығы:

- қамқорлыққа алған отбасының баламен туыстық байланысы болады;

- асырап алушы отбасының баламен ешқандай туыстық байланысы болмайды.

Әртүрлi бала асырап алатын отбасылары мен олардың қызметтерiне қарамай олармен жұмыс жүргiзудi, яғни әлеуметтiк-педагогикалық қызметтi мынадай етiп бөлiп көрсетуге болады:

- отбасыларын iрiктеу;

- ата-аналарды анықтау;

- балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерi бойынша олардың әрекеттерiн жаттықтыру.

Әлеуметтiк педагогтың қызметi қашан да осы іске қатысы бар басқа да мамандар қызметiмен байланыста жүзеге асырылады. Олар әлеуметтiк қызметкерлер, дәрiгерлер, психологтар, дефектологтар және т.б.

Әлеуметтік педагог баланы қамқорлыққа алуда өзінің қызметтік функцияларын сәтті жүзеге асыру үшін балалықты қорғау бойынша заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттарды, әлеметтік педагогиканың негіздерін, әдістері мен формаларын; балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық дамуының негізгі заңдылықтарын, олардың сұраныстарының, қызығушылықтары мен мотивтерінің ерекшеліктерін және оларды қанағаттандырудың дәрежесін; әлеуметтік саладағы жұмыстың ерекшелігін; отбасыларымен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын, формалары мен әдістерін; әлеуметтік педагог қызметі мен аталмыш мекеменің функциялары мен құқықтарын және нормативтік құжаттарын; еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын; отбасын диагностикалық зерттеу жүргізудің әдістемелерін, тұлғаның дамуын; өз жұмысын бағдарламалау мен талдау жасаудың әдістерін білуі тиіс.

Әлеуметтік педагог жұмысты өзіне бектіліп берілген микроучаскені зерттеуден бастауы тиіс. Микроучаскені зерттеу екі бөліктен тұрады:

1. Педагогқа бекітілген учаске мен мектеп орналасқан мөлтек ауданның құрылымын зерттеу. Әлеуметтік- педагогикалық қызметті ұйымдастыру бойынша кәсіби байланыстарды орнату. Мектеп орналасқан микроауданның әлеуметтік паспортын зерттеу.

2. Мемлекет тарапынан қамқорлық пен әлеуметтік педагогикалық көмекке мұқтаж балалары бар әлеуметтік қауіпті отбасыларының тобын айқындау.

Әлеуметтік педагогтардың тәрбиеленушілерімен жүргізетін жұмыстарын ұйымдастырудың формалары әртүрлі. Шартты түрде оларды мынадай үш түрге бөліп көрсетуге болады:

1. Әлеуметтік педагогтың келушілермен жеке жара жұмыс жүргізу формасы (сұхбат, кеңес беру, бақылау, қарым- қатынасты реттеу, коррекциялық жұмыстартар жүргізу және т.б.);

2. Реабилитациялық мекемелердегі, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі, жалпы және қосымша білім беру ұйымдарындағы, клубтық және басқа да мекемелердегі мамандармен кешенді әлеуметтік педагогикалық және басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында жүргізілетін бірлескен жұмыстары.

3. Кооперативтік жұмыс формасы - бұл, әлеуметтік педагогтардың, қараусыз қалған балалармен және наркомандармен және т.б. күресу, кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында ұйымдастырылатын көпшілік шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу үшін құрылғын әртүрлі мекемлер мен ұйымдардың мамандары мен басшыларының бірлестіктері.

Әлеуметтік педагогтың жұмыс формалары анағұрлым көпқырлы. Олардың барлығы дерлік адамдарға өмірлік жолдарында кездескен қиыншылықтарды жеңуге көмек көрсетуге бағытталған.



Тұжырым:

1. Жетім, әлеуметтік жетім.балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу қоғамның адам тәрбиесіне және адам мен қоғамдық қатынастарды ізгілендіру ұстанымдарынан туындаған мәселе.

2. Жетім балалардың қоғамға енуі мен қоғамның адам тәрбиесіне қойып отырған талаптарын орындаудың бірден бір шарты немесе жолы- ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу арқылы әлеуметтендіру болмақ.

3. Бала асырап алу мен қамқорлыққа алу - баланы әлеуметтендірудің ең тиімді жолы.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет