Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен жақын таныстыру ; ата-аналардың мектепке деген көзқарасын анықтау. Сыныптағы парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер,, үшбұрыш, ирек ), қағаз, қалам. Әр ата-ана сыныпқа кірерде өзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме , ата-аналар! Бүгінгі жиналысымызды педагогикалық шеберхана түрінде өткізбекпін. Педагогикалық шеберхана – бұл ата-ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеу әдісі. Ендеше бүгін бәріміз бірге шеберханада жұмыс жасайтын боламыз.
Алдымен таңдаған фигураларыңыз бойынша мінездемелерін оқиын:
Шаршы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді. Үшбұрыш- өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады. Шеңбер– адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады. Ирек – шығармашыл, ерекшелігі көрініп тұрады. Оны күнделікті жағдай тез шаршатады, сондықтан да ол жаңа, өзгеше бір нәрсемен шұғылдану қажет. Егер де оның алдына қандай да бір міндет қойса, оның алдында жаңа идеялар , жаңа жобалар дайын тұрады.
Бүгінгі жиналысты мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті. Біздің балаларымыз мектептен жақсы білім алып, жақсы азамат болып өсуі біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол - бір-бірімізбен жақын танысып, бірігіп жұмыыс жасау.
ІІ. Амандасу Алдымен бір- бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, ирек бас изеу арқылы бір -бірімізбен амандасып алайық.
ІІІ. Ассоциация жазу. Қазір сіздер ақ қағаз бетіне «Оқу» деген сөзге 5 ассоциация жазуларыңыз керек. Бұл топтық жұмыс, сондықтан да әр топ мүшелері бірлесе отырып жазасыздар. Ассоциация. Жазғандары бойынша әр топтан бир лидер шығып, жауап береді. (1 мин)
Озат оқушы – 6, оқу екпіндісі – 19. Үлгермеушілер – жоқ.
Табельге қол қойғызу.
Әр тоқсан аяғында тест алынып отырады (мектепшілік бақылау). 22-23-24 желтоқсан аралығында өтеді. Ашық тест түрінде өтеді. Яғни жауаптың үш нұсқасы беріледі.
Тест сұрақтарын мұғалімер құрастырады, әкімшілік тексереді. Алдын-ала тест сұрақтары ата-аналарға, оқушыларға таратылып беріледі. Ата-ана уйде баласын дайындайды. Тоқсандық баға тест пен бақылау, диктанттан алған бағасымен салыстырылып, ортақ баға қойылады.
2) Бастауыш онкүндігі 08.12.15 - 15.12.15аралығында өтеді. Әр сынып ашық сабақ және сыныптан тыс іс-шара өткізеді.
2) Демалыс күндері: 30 желтоқсаннан 8 қаңтар аралығы. 9 қаңтарда сабақ басталады.( 3-тоқсан)
5) Мектеп формасы (аяқ киім, шаш үлгісі, гигиеналық талаптар)
6) Күнделіктің, дәптердің жүргізілуі, оқулықтарды жыл соңына дейін сақтау.
7) Жаңа Жылға дайындық. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. 25-желтоқсан –Шырша мерекесі. Сыйлықтар берілмеуі мүмкін. Сондықтан сыйлықты ата-аналар өздері жасайды.
Шырша мерекесіне актерлер жалдайды.
Ата-аналар шырша мерекесіне кірмейді. Балаларын күтіп, біткеннен кейін алып кетеді. Өйткені зал тар, оқушылар көп, сыймайды.
«Түлектер» Бірнеше жылдан кейін сіздің балаңыз мектеп бітіреді. Сіз өз балаңызды қандай болғанын көргіңіз келеді? (ата-аналар сөйлейді) Барлығыңыз да балаңыздың дені сау болғанын қалайсыздар екен. Сондықтан да қазірден бастап осы мақсатта жұмыстану қажет. Балаңыз сізге бере алмайтынын одан сұраудың қажеті жоқ. Барлық бала бірдей емес, бәрінің озат болуы мүмкін емес. Өмірде бағаның маңызы жоқ. Мен мектепте баланың ата-анасының күтетін бағасын ала алмағанда қатты күйзелетінін байқаймын. Ол ата-анасынан қорқып үйіне асықпайды. Әрине , бұл дұрыс емес. Баланың төмен баға алғанына қарап, оған ұрыспай, басқа жолдарын қарастыру қажет. Себебі баланың қабылдауы әртүрлі. Осы жөнінде қандай ойларыңыз бар? (ата-аналар пікірі) Бұл жөнінде статистика не дейді екен? «Мектептен не күтесіз?» деген сұраққа ата-аналар былай деп жауап берген: 1.Білім берудің жоғары деңгейі-89% 2.Баланың физиологиялық және психологиялық саулығын сақтау – 76% 3. Мәдениетті көтеру – 43% Менің сынып жетекші ретіндегі міндетім сіздің пікірлеріңізбен сәйкес келеді екен. Сондықтан да сіздермен бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.
V. «Менің ұсынысым» Алдарыңызда қиылған алақанның суреттері бар. Соған сыныпта нені өзгерткіңіз келетінін жазыңыз. Маған қол ұшын бергеніңіз деп есептеймін. Өз пікір-ұсынысыңызға атыңызды жазуға да жазбауға да болады. ҮІІІ. Әртүрлі ІХ. Қорытындылау Сонымен бүгінгі жиналысымыз аяқталып қалды. Бір-бірімізге жақын болдық деп қорытындылауға болатын сияқты. Ата –ананың, ұстаздың міндеті – баланың өзі жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Осы мақсатта барлығымыз бір бағытта жүруіміз керек.