214
«Атырау мұнай өңдеу зауыты». Мұнайды өңдеу, анализдер жасау, жалпы көптеген мұнаймен
байланысты жұмыстар «Орталық Зауыттық зертханасында» жасалады екен. Зауыт негізінен парафині
мол ауыр мұнайларды өндіреді. Зауытта, сондай-ақ сусабындар, іштен жанатын двигательдерге
арналған «Тосол-А-50 М2» майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол»
сұйығы өндіріледі. Бұл өндірісте практикадан өткен магистранттың диссертациялық жұмыстың
тақырыбы «Мұнай негізіндегі эмульсиялардың тұрақтылығы» болатын. Осы тақырыпқа негіздей
отырып біршама зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болды. Елімізде мұнай-газ кен
орындарының басым бөлігі ашылған, дегенмен кейбір кен орындары әлі де игерілуде. 1 зертханада 10
шақты талдаулар істелінеді. Қолмен жасалынатын анализдерді, аппараттармен жасалынатын
анализдерді, хромотография сияқты жұмыстар атқарылады. Магистранттар көптеген анализдердің
жасалуымен, құрал-жабдықтарымен танысты. Суда еритін қышқылдар мен сілтілердің болуын және
шартты тұтқырлықты анықтау әдісін, хлорлы тұздардың құрамын және ағынның температурасын
анықтау әдісін, сүзу коэффициентін анықтау әдісі, фракциялық құрамды анықтау әдістері қалай
жасалатынын, қандай құрал-жабдықтар қолданылатынын көрді.
Қазақ Ұлттық ауыл шаруашылығы университетімен бірлесіп құрған «Байсерке-Агро» ғылыми-
өндірістік оқыту орталығымен кафедрадан бес магистр үшін келісім шартқа қол қойылды. «Байсерке-
Агро» ҒӨОО базасында дәнді дақылдардың жаңа сорттары, пестицидтер мен биотыңайтқыштардың
сан алуан түрі, сондай-ақ ветеринарлық препараттар шығарылады. Сондай-ақ «Байсерке-Агро»
өндірістік шаруашылығы егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен
айналысады. Магистранттар практика базасын толық аралап, зертханада көптеген зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Олардың диссертацияларының тақырыптары осы өндіріс орында атқарылатын жұмыстарға
тығыз байланысты. Тақырып таңдау кезінде екі жақ зерттеу жұмыстарын өндіріспен байланыстырып,
маңызды тақырыптарды таңдағалған болатын. Сондай-ақ ЖШС «KazConstructionCroup» БҚО, Орал
қаласында және Атырау қаласындағы полипропилендік қапшықтар шығаратын ЖШС «КасХим»
өндірісінде практикадан өтті. Магистрант экструдер аппаратына шикізат - полипропиленді салуды
бақылау. Экструдерден шыққан жіптерді лабораторияға анализге апару сынды жұмыстарды атқарды.
Зауытта «Арал Тұз», «Раменский» логотипсіз ақ қапшықтар, арнайы тапсырыспен келетін түрлі
тағамдарға арналған қапшықтар түрлері өндіріледі. ЖШС «КасХим» зауытында практикадан өткен
магистрантты үш жақты келісім шарттың негізінде ары қарай жұмысқа қабылдайтын болды.
Магистранттар өндіріс орындарында практикадан өту барысында теориялық білімдерін практикада
қолдана алды және өндіріс орындарында жұмыс істеуге құлшыныс білдіруде.
Қорыта келе Мемлекет басшысының отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және
өндіріспен ұштастыру тәжірибесі іске асып жатыр деуге болады. Өнеркәсіптің қажеттіліктеріне сай
білікті кадр дайындау, теориялық білімін өндіріс те практикадан өту арқылы шыңдау мәселесі шешіліп
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: