48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет174/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   295
Байланысты:
3-книга

Список литературы: 
1. Гиссин В.И. Управление качеством продукции: Учебн. пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2000. 
2. Исикава Каору Японские методы управления качеством. – М.:Издательство «Экономика» 1988. 
3. Лебедева И.М. Японский экономический феномен: роль государства// Проблемы теории и практики управления. – 1995. 
– №1. 
 
Болегенова С.А., Шортанбаева Ж.К., Нурмуханова А.З., Оспанова Ш.С., 
Куйкабаева А.А., Чигамбаева Н.Н., Бодыкбаева М.К. 
КӘСІПКЕРЛІК САЛА МАТРИЦАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН 
ҚОҒАМДА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БЕЙІМДЕУДЕГІ ОРНЫ 
 
Аңдатпа. Бұл мақала заманауи Жоғарғы оқу орындарының қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі: 
«Университет 4.0» моделіне көшуге арналады. 
Түйін сөздер: жоғарғы оқу орындары, технология, білім алу, «Университет 4.0». 
Бүгiнгi күнгi басты мiндеттердiң бiрi – төл мәдени дәстүрлерiн жақсы бiлетiн, өз халқының тарихын 
сүйетiн ұрпақ, елдiң болашағына тiрек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу. Мемлекеттiң осы тұрғыдағы 
мiндетi – жас қазақстандықтарды патриоттық рухта, халқына деген сүйiспеншiлiк рухында тәрбиелеу. 


202
Бұл мәселенi жан-жақты талқылау және тиiстi шешiм қабылдау үшiн ұзақ мерзiмдi болашаққа арналған 
жұмыс жоспарлары жасалып, оларды жүзеге асыру қолға алынып отыр. 
Белгілі көзқарастар бойынша, университет тарихында өздерінің жоспарларымен (миссияларымен) 
ерекшеленетін үш ұрпақ бар. Осылайша, Еуропаның орта ғасырларында пайда болған бірінші буын 
университеттерінің (1.0) миссиясы өткеннің мәдени тәжірибесін аудару арқылы адамның санасын 
қалыптастыру болды. XIX ғасырдың басынан бастап екінші буын университеттерінің қалыптасуы 
басталды (2.0): білім беруден басқа, олар екінші миссияны – зерттеулер арқылы ғылыми білімді өндіру.
Университет 4.0 өз алдына ұлттық технологиялық бастама концепциясының университеттер 
дамуының бір сатысын білдіреді. Университет 1.0 ол мамандарды даярлайтын оқу ошағы мен білім 
беру орындары. Университет 2.0 - қатарына ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын орындау маңызды рөл атқаратын университеттер кіреді. Университет 4.0 университеттік 
кезеніңде университеттерде кәсіпкерлік құзыреттілік дами бастайды, ғалымдардың құрастырулары 
коммерциализацияланады [1]. 
Бүгінгі таңда әлемдік экономика өсу мен даму модельдерін, іргелі ресурстарды бағалауға және 
қолдануға деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін жүйелік трансформациялануды бастан өткеріп жатыр.
«Білімділік экономикасы» - бұл жаңа тұжырымдама емес, көптеген елдер үшін, әсіресе біздің елде, 
ол әлі де гипотетикалық болашақтың ұжырымдамасы болып қала береді. Іс жүзінде бұл болашақ 
басталып кетті. Өнеркәсіптік өндіріс секторына экономиканың үстемдігі өткенге ауысып жатыр. 
Өсудің негізгі қозғаушы күші – экономиканың интеллектуалды меншікті өндіру мен басқару қабілеті 
болып отыр, ал бұл жаңашындықтың басты байланысы ретінде университеттер шығып отыр. 
Университеттер – білім экономикасының платформасы. 
«Университет 4.0» ұғымы университеттер негізінде интеграцияланған кәсіпкерлік экожүйені 
құруды білдіреді, яғни олар инновацияның негізгі жеткізушілері болып табылады. Бұл дегеніміз 
технологиялар, таланттар, нарықтар және нарықтық қызметтерді қалыптастырудың белсенді моделіне 
көшуді білдіреді, соның арқасында университеттер экономикалық кластерлерді қалалық 
қалыптастырушы орталығына айналады. Іс жүзінде, олар экономикалық агенттер, интеллектуалдық 
қызметтің нәтижелерін басқара алатын және жаңа нарықтар жұмыс істеу принциптерін түсінетін ірі 
компаниялар ретінде әрекет етуді бастайды. 
Біздің университеттеріміз 50 жыл бұрынғы парадигмамен дамып келеді, кейбір шартты «сыртқы» 
нарықтарға персонал мен технологияны жеткізушілер ретінде көрініп келеді. Олар қазіргі заманғы 
нарық құзыреттерінен мүлдем айырылған, бірақ жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз 
етеді. Сонымен қатар, әлемдік университеттер орталықтары заманауи технологиялық нарыққа – 
технологиялық кәсіпкерлерге жаңа ойыншылар классын дайындауға бағытталған. 
Қазіргі кезде ұлттық университеттер инновациялық компанияларда жұмыс істейтін мамандардың 
құзыретіне айналатын ақпарат пен білімді алуға мүмкіндік беретін жаңа оқу құралдарын қолдану 
идеясына біртіндеп көшіп келеді. Бірақ бұл болашаққа тек алғашқы қадамдардың бірі. 
Университеттің 4.0 моделіне көшу үшін біз қазақстандық жоғары оқу орындарын жаңа даму 
модельдерін қалыптастыруға және оларды жаһандық инновациялық нарыққа қатысушыларға 
айналдыруға, сонымен қатар жас дарындарға тартымды етуге бағыттауымыз керек. 
Теория және тәжірибе айналусышылары жоғары білім беру «Университет 4.0» туралы әр түрлі 
түсінік береді. Дегенмен, ұсынылған түсіндірулер жиырма жыл бұрын Б. Кларк ұсынған, кәсіпкерлік 
университеттің тұжырымдамасын негіздеп отыр [2]. Мұндай мекеменің анықтамасы қазіргі заманғы 
зерттеушілердің айтуы бойынша: «Кәсіпкерлік университеті –ішкі ортаның трансформациясы, сыртқы 
ортамен өзарақатынастағы модификациялау және жаңа саланың бастамасы жолымен білімді 
түрлендіру, білім беру, білімді тәжірибеде қолдану – тәрізді үш бағыт бойынша жүйелі түрде 
шектеулерді еңсеруге бағытталған жоғары оқу орны».
Кемшіліктердің пайда болуына әкелетін адам, қаржылық және ақпараттық ресурстары шектеулі 
болғандықтан, оны 1-кестеде келтірілген кәсіпкерлік қызметтің матрицасы арқылы түсіндіруге болады 
[3]. Университеттің кәсіпкерлік қызметінің даму деңгейін және тиімділігін үш бағыттың әрқайсысында 
және тұтастай алғанда бағалауға мүмкіндік береді. 
1 кесте – Университеттегі кәсіпкерлік саласының матрицасы 
Қызмет 
бағыттары 
Жетіспеушіліктің түрлері және оларды шешу 
Адамдық ресурстардың 
жетіспеушілігін шешу 
Қаржы ресурстары 
жетіспеушілігін шешу 
Ақпараттық 
ресурстар 
жетіспеушілігін шешу 


203
Білім 
түрлендіру 
Тәжірибеге 
бағытталған 
зерттеушілер. 
Нәтиже 
стандарт мен түріне қарағанда 
маңызды болып табылады. 
Ғылыми стандарттарға сай 
келетін білімнен қарағанда 
жұмыс істейтін білім. 
Қабылданған 
шешімдер 
қаржылық 
ресурстарға қарамайды 
Ақпараттық 
жетіспеушіліктерді адам 
түйсігі 
мен 
түсінігі 
арқылы шешу. 
Білім 
беру 
Стандартқа 
бағытталып 
оқытудан стандартты емес 
нәтижеге бағытталған оқуды 
оқыту 
Қолданбалы 
мәселелерді шешу мен 
оқытуды 
біріктіру. 
Компаниялар тарапынан 
тәлімгерлікті қолданудың 
артуы. 
Академиялық мәселені 
қоюдың 
ақпараттық 
қамтамасыз етуінен - 
қолда бар ақпараттық 
деңгейдегі 
зерттеу 
мәселелері арқылы шешу 
қабілетіне дейін ауысу. 
Білімді 
тәжірибеге 
енгізу 
«Білім 
пайда 
болды» 
нормасынан 
«біреуге 
тек 
қажетті білімді» нормасына 
ауысу 
Білімді 
қолданудан 
кейінгі 
қаржылық 
нәтижелерден 
енгізуге 
кеткен шығындарға ауысу 
Жаңа 
зерттеу 
мәселелеріне 
ақпарат 
ретінде 
тәжірибелік 
қолдану 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша: «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, 
жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, 
аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. 
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. 
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту 
керек». 
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 
жаңа оқулық» жобасын қолға алу ұлттық мәдениетті сақтаудың жолы болып табылады [4]. 
Оның мәні мынада: 
1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология 
ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. 
Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық 
кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен 
дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай 
қажет. 
2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 
100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің 
негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы 
оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз. 
3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық 
аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті 
жұмыстарға кірісе бергені жөн. 
Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз? Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық 
деңгейде білім бере бастаймыз. 
Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген 
сөз.
Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың 
негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі 
білім ордаларының аудиторияларында қаланады.
Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында 
шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ 
тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, 
таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің 
міндеті. Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік 
бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, 
кешенді түрде шешуі керек.
 
Елбасы белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру жобасы аясында қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекелестігін 


204
арттыруға бағытталған. Күтілетін фактор ол Қазақстанның бірнеше университеттерінің әлемдік 
рейтингтерге енгізілгенін көрсету болды. 
Соның мысалы ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орындары мен Қазақстанның 
ғылыми-зерттеу институттары арасында 2012-2017 жж. Scopus деректер базасына енгізілген 
жарияланымдар саны бойынша рейтингтен көруге болады (2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет