48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет189/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: кәсіпкерлік, кәсіпкерлік университеттер, ұлттық қоғамдық сыйлығы, 
қайырымдылық қорлар. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамда 
болып жатқан материалды және рухани бағыттағы жобалардың дамуына түрткі болатыны сөзсіз. Осы 
мақала, қайырымдылық пен кәсіпкерлік бағыттағы білім жүйесінің дамуының жаңа лебі деп айтсам 
болады. Еліміздің өркендеуі – ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымыз бен дәстүрлерімізді жаңғырумен 
тікелей байланысты деп ойлаймын. 
«ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры 
неде? 
Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен 
өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған 
қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады [1]. 
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру 
дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. 
Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа 
сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын 
әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық [1]. 
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. 
Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды 


218
алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, 
ол адасуға бастайды. 
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра 
алатын құдіретімен маңызды [1]. 
Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді 
сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» [1]. 
Дәстүрлі университеттің кәсіпкерлік университетке трансформациялануы қазақстандық 
экономикаға игі әсерін беретіні сөзсіз.
Білім мен ғылымның даумына мемлекет тарапынан қаржыландырудың азаюы кәсіпкерлік 
университеттердің бірден-бір мақсаты. Ол ішкі және халықаралық нарықтық бәсекенің артуына алып 
келеді. Бизнес-қоғамдастықтың отандық әрі шетел нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды 
дайындауды еліміздің білім саласындағы өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазіргі таңда еліміздің университеттерінің трансформациясына кәсіпкерліктің экожүйесінің 
қалыптаспауы, білім ордалардың автономиялық тәуелсіздігінің, академиялық бостандығының 
жоқтығы, заңнамалардың дамымауы, инновациялық инфрақұрылымның жоқтығы, технологиялар 
трансферы бойынша білікті мамандардың тапшылығы кедергі болып отыр. 
Отандық жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру, сапалы мамандар қатарын көбейту, 
университеттерді нарыққа бейімдеу – адам капиталын жақсартудың бірден бір жолы. «Enterpreneurial 
Universitу» ұғымы, яғни кәсіпкерлік білім беру тәжірибесі әлемнің жетекші мемлекеттерінде кеңінен 
таралған [3,4]. 
Дүние жүзі бойынша кәсіпкерлік білім беру бағытында жоғары оқу орындар жүйесі құрылған, олар 
әдетте мемлекет қолдауынсыз, дербес жұмыс істеп отырған университеттер. Көп мемлекеттер жоғары 
оқу орындарын қаржыландыруды азайтып жатыр. Бұл тенденция оқу орындардың тәуелсіздігін ғана 
қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамға қажетті, нарықта сұранысы бар білікті мамандар дайындауда 
таптырмас формула. Білікті мамандар сапалы адам капиталын қалыптастырады, ал білікті жастар ұлт 
болашағы [3]. 
Кәсіпкерлік университеті дегенде экономика саласында қызмет ететін, кәсіпкерлік негіздерін 
оқытатын, болашақ бизнесмендерді қалыптастыратын оқу орны деген түсінік қалыптасатыны рас. 
Ендеше бұл университеттің экономикалық факультеттер мен университеттерден айырмашылығы 
қандай болуы мүмкін деу де орынды. Алайда кәсіпкерлік университтетің атауына байланысты атқарар 
функциясы терең әрі бағыты да басқа. 
Кәсіпкерлік университет дегініміз не деген сұраққа жауап бермес бұрын жаңа бағытқа жалпылама 
түсінік берейік. Қоғам дамыған сайын адамдар негізгі институттарды да өзгерткіс келеді. Әр оқу орны 
әр түрлі даму жолын өткеріп жатыр, олардың жаңашылдықты сіңіру жылдамдығы да әр түрлі. Осы 
көштің ішінде анағұрлым тез дамып жатқан – бизнес институттары. Осы инститтутар ішінде білім беру 
жүйесі (университеттер) ескі қалыпта, консервативті жағдайда қалып қойғандай. 
Ал өскелең ұрпақтың саналы өмірі, маман болып қалыптасуы кезең білім ордалары өтеді. Демек 
инновациялық технологияларды дайындайтын болашақ атқамінерлер мен ғалымдар, білікті 
инженерлер мен бизнесмендер ескірген, өзектілігі жоғалған оқу үдерісімен білім алады. Сонда жастар 
қайдан және қалай замануи технологиялар мен әдістерді сусындау керек? 
Кәсіпкерлік университеттер дегеніміз – зияткерлік пен дербес қаржылық қуаты жоғары заманауи 
білім ордасы. 
Кәсіпкерлік университет студенттерді сауда-саттыққа, кәсіпкерлікті қалай бастауға үйрететін 
мектеп деп тар түсінікте қабылданбауы керек. Кәсіпкерлік университет коммерциялық әлемнің 
әдістері мен құндылықтарын жапппай енгізуді де көздемейді. 
Кәсіпкерлік университет жаңа компанияларды құратын конвейер. Айталық, өзекті мәселелерді 
шешу жолында тиімділігі жоғары зерттеулер келешегі зор кәсіпорындардың пайда болуына әкеледі. 
Дегенмен, жұмыстың басым бөлігі академиялық сағаттарда емес, стартаптарды жетілдіруге 
жұмсалады. Сонымен қатар кәсіпкерлік университеттер экономикалық дамудың органы болып 
табылмайды. Өйткені, академиктер дамудың жаңа саласын табу, ескі саланы жандандыру, 
технологиялық орталықтарды құрумен айналыспайды [4]. 
Кәсіпкерлік білім беруде үш деңгейлі спирал әдісін ХХІ ғасыр басында Г.Ицковиц пен Л. 
Лейдесдорф ғалымдары ойлап тапқан. Бұл модель үш институт – ғылым (яғни, университет)- 
мемлекет-бизнестің инновациялық технологяиаларды дамытудағы ұйымаралық өзара әрекеттесуін 
сипаттайды. 
Аталмыш әдіс жекелеген мемлекеттер мен Ресей Федерациясы білім беру жүйесінде сыналып 
жатыр. Алайда бұл мемлекет те кәсіпкерлік университеттерді енгізуді енді қолға алып отыр. Қандай да 


219
бір нәтиже мен ресейлік тәжірибе туралы айтуға әлі ерте. 
АҚШ гуманитарлық білім беру жүйесі америкалық инновацияларды қалыптастыруға азық беріп 
отыр. Халықараралық университеттер мен америкалық университеттер айырмашылығы білім берудің 
сан алуандығында. Дүние жүзінің білім ордалары АҚШ-тың либералды өнері моделін пайдалануға 
талпынады. Бүгінде инновациялық технологиялар әлемнің ең өзекті мәселелерін шешіп отыр. Осы 
бағытта даму – заман талабы. Осы ретте адам жанын түсіну, адам капиталын арттыру маңызды. АҚШ 
оқу орындарында гуминарлық, әлеуметтік ғылымдарды зерттей келе өмір мәнін түсіну, адам 
қажеттілігін сезінуді қолға алған. Осы әдіс кез келген салада еңбектеніп жатқан табысты кәсіпкерлерге 
арналады. Көп сарапшылар бұл әдістің ЖОО-дың коммерциялық белсенділігін түсіріп, тез дамитын 
кәсіпорындардың легін азайтады деп топшылайды. Ал америкалық мамандар либералдық өнерлерді 
дамыта отырып институттық келешекті бекемдейді. 
Қазақстанда университтерге бөлінетін мемлекеттік қолдау жыл өте келе қысқаратын болады. 
Осыдан бірнеше жыл бұрын министрлік ЖОО-лардың автономды режимге көшу мәселесін көтерген 
болатын. Ол кезде бұл үдеріс қалай жүзеге асады, нобайы қандай болатыны жайлы нақтылық болмады. 
Ал қазір білім ордалардың дербестігін іске асыратын жол бар – ол кәсіпкерлік білім беру бағыты. 
Сондықтан отандық білім ордалары өзін-өзі «баға алатын» бәсекеге төзімді болуы қажет. Бизнес-
қоғамдастыққа кәсіпкерлер легін дайындайтын әрі өзі кәсіпкерлік бағытта дамитын жоғары оқу орны 
қалыптасуы жөн. Елімізде «Назарбаев Универиситеті» кәсіпкерлік университтердің бірден-бір үлгісі 
деп ойлаймын. Себебі, көптеген отандық және шет елдік кәсіпорындармен тығыз байланыс орната 
отырып, студенттерді оқу орынының қабырғасында кәсіптік бағытқа баулиды.
Білім берудің жаңа бағыты Қазақстанға да жетті. Мамандар мен ғалымдар инновациялық 
технологияларды замануи ғылыми база керек екенін айтады. Осы бағытта 2017 жылдың наурыз айында 
«Атамекен» ҰКП алаңында Қазақстанның кәсіпкерлік білім беру қауымдастығы құрылды. 
Қауымдастық кәсіпкерлік білім беруді дамытуға, кәсіпкерлік университеттерді қолдауға ықпал етеді. 
Қазақстанның кәсіпкерлік білім беру қауымдастығының бастамасымен алдымен экономикалық, 
техникалық университеттер сыналатын болады. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп 
Қауымдастық кәсіпкерлік білім беру тұжырымдамасын әзірледі. 
Отандық білім беру жүйесіне енгізілмек дамудың жаңа бағыты бір күннің жұмысы емес. Бұл бағыт, 
тұжырымдама қалыптасып, сіңу үшін уақыт керек. Дегенмен, кәсіпкерлік бағытта жұмыс істеуге дайын 
бірнеше жоғары оқу орны бар. Олар өз базаларын сынауға дайын. ҚР Білім және ғылым министрлігімен 
бірлесіп әзірге экономикалық, техникалық, технологиялық оқу орындары негізінде тәжірибелік оқу 
процессін енгізуді жоспарлап отырмыз. Қандай университеттер кәсіпкерлік білім беруге дайын деген 
сауалға келсек, бұл критерийлерге Назарбаев университет пен алматылық AlmаU университеті базасы 
толығымен дайын. Университеттер экономика негіздерін, маркетинг пен менеджентті оқытады әрі 
дербес жұмыс істейді, яғни білім ордалар кәсіпкерлік білім беру концепциясына сай жұмыс істеуге 
дайын. 
Алайда кез келген жекеменшік университетті кәсіпкерлік университет деп қабылдау қате пікір. 
Коммерциялық бағыт кәсіпкерлік білім берудің мазмұнын ашпайды [4]. 
Кәсіпкерлік университеттер біріншіден ғылыми негізделген инновациялық өндірісті құратын 
болады. Демек, кәсіпкерлік университеттер қаржылық жағынан пайда әкеліп қана қоймай, қоғамдға 
маңызды – әлеуметтік-экономикалық даму, инновацияларды әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз ететін 
болады. Экономикасы негізінен шикізат есебінен дамып жатқан Қазақстан үшін инновациялық 
дамудың жаңа жолдары қажет. Ал инновация ең алдымен ғылымнан бастау алатыны белгілі. 
Дүниежүзі білім беру кеңістігінде кәсіпкерлік білім беру жүйесі қалыптасып келеді. Бұл көште біреу 
алдында, бірі енді ілесіп келеді. Бүгінде кәсіпкерлік білім берудің нақты жүйесі мен әдісі бар деу – 
қателік. Қазақстан өзінің бірегей білім жүйесі секілді кәсіпкерлік білім берудің де өзіндік әдісін 
қалыптастырады [3,4]. 
Елімізде кәсіпкерліктің дамуымен қатар қайырымдылық, мұқтаж адамдарға көмек көрсету дәстүрі 
де дамып, алға қарай бағыт алуда. «Алтын Жүрек» – сыйлығын Қазақстандағы ең қайырымды марапат 
деп атауға болады. Өзгеге мейірбандылықпен қарап, қол ұшын соза білетін атымтай жандырды 
марапаттайтын сыйлық өмірге 2007 жылы дүниеге келді. «Бауыржан» қайырымдылық қорының 
ұйымдаструымен жанданған бұл жоба жыл санап өз мәртебесі мен деңгейін жоғалтпай келеді. Содан 
бері 27 қазан еліміз бойынша қайырымдылар бір жерде жиналып, мейірімділік тоғыстырған ортаға 
жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет