331
Сонымен бірге, ойлау өнерінің кілті – әр студенттің ic-әрекетін шыңдау (делегирование). Әр
студенттің шама-шарқына лайықты жұмыс беріп, оның үнемі шыңдалуына басшылық жасау басты
мақсат. Кафедрада оқыту үдерісінің жолдары (мотив) даму жүйесін қамтамасыз ететін «Мына студент
жұмысын нәтижелі орындауы үшін не icтeyiміз қажет?» деген сұраққа іздеу барысындағы
ынтымақтастық істің нәтижесіне жетелейді. Бұл жолдың төмендегідей eкi амалы бар: студенттің үнемі
еңбекке өзін мәжбүр eтyi, егер адам өз мақсатын дұрыс түсінсе, ешбір сыртқы бақылаусыз, өз-өзін
басқару, бақылау негізіндегі еңбекке деген құлшынысын оятуы.
Әлбетте, студенттердің бipiншi орында әлеуметтік-тұрмыстық хал ахуалдары, екінші орында
шығармашылық ынтасы, үшінші орында кәсіптік шеберліктің шыңына жету ықыласы байқалады,
сараланады. Практика барысында студенттердің келесі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді: өз-өзін
таныту (когнитив), қауіпсіздік қажеттілікке бағдар жасау, өзін мойындату, әлеуметтік қажеттілікке
мойын ұсыну, алынған нәтижеге қорытынды жаңаша философиялық көзқараспен құра білу. Ал
жұмысты бақылау төмендегідей кезеңдерге жіктеледі:
I кезең. Қалыпты айқындау (мақсат, міндет, кеңістік, уақыт).
II кезең. Қол жеткен табысты басқа сапаға айналдыру.
III кезең. Мүмкін болар нәтижені бұрынғы қол жеткен табыстармен салыстыру.
IV кезең. Өзекті мәселені шешу.
Осы қасиеттерді бойына сіңіре білген нәтижеге қол жеткізген студент диплом қорғап, жақсы маман
бола алады, ал нәтижеге қол жеткізбейтін әлсіз студенттерге көмек көрсетуге тура келеді. Осы жерде
сұранысқа ие болатын үш тілді, белсенді студенттермен қоса әлсіз топтағы көмек қажет ететін
студенттерде болады. Сол көмек керек студенттерге негізінен қосымша өздерінің иекемі бар жұмыс
түрлерін ұсыну керек деп ойлаймыз. Бұл жерде биологтар үшін гүл өсіруші (флорист) немесе қаланы
гулмен безендіруші секілді жұмыстармен қамтамасыз ету керек сияқты.
Сонымен, халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануға қабілетті, еңбек нарығын
қанағаттандыратындай жоғары генетик мамандарды дайындау үшін көптілді білім беруде оқу –
әдістемелік, материалдық-техникалық базаларды дамыту қажеттілігі бар. Сонда ғана қазіргі кезде
еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие генетик мамандарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
болады. Жоғары дәрежедегі «Генетик» мамандарды дайындау үшін тілдік курстарды тегін оқытуға жол
салу керек және оқытушыларды арнайы шетел елге іс – сапармен тәжірибе алмастыруға жіберген жөн.
Ғылыми институтармен байланысты нығайту мен бірге университеттегі зертханалардың материалдық-
техникалық базасын нығайту абзал.
Достарыңызбен бөлісу: