49 Ә. Монтаев атындағы орта мектебінің «Ә» сынып жетекшісі Қали Гүлзаданың 2019-2020 оқу жылындағы атқарған тәрбие жұмыстарының есебі



бет1/4
Дата12.09.2020
өлшемі0,59 Mb.
#77927
  1   2   3   4
Байланысты:
тәрбие жоспары 2020 жыл


149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің 7 «Ә» сынып жетекшісі

Қали Гүлзаданың 2019-2020 оқу жылындағы атқарған тәрбие жұмыстарының
ЕСЕБІ

Сыныпта тәрбие жұмысы «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу» мақсатын басшылыққа ала отырып және ҚР «Білім туралы заңы», «Бала құқығы туралы» Конвенция, ҚР «Тіл туралы» заңы,ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы және нормативті –құқықтық құжаттардың негізінде 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспар жасалынып,бектілді.Тәрбие жұмыстары:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие

2.Рухани-адамгершілік тәрбие

3.Ұлттық тәрбие

4.Отбасы тәрбиесі

5.Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7.Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8.Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты –бағыттарына негізделіптәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде,сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылды.Жылдық жоспарға сай іс-шаралар өз уақытында өткізіліп отырды.



Қыркүйектің 1-і күні «Рухани жаңғыру-Еңселі Елорда белестері» тақырыбында алғашқы сабақ өтті.Мектепте өткізілген барлық шараларға оқушылардың барлығы белсене атсалысты.


5.10.2019 жылы «Ұстаз аты биік-әрі мәңгілік атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

10.12.2019 жылы «Менің болашақ мамандығым атты 6 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты-оқушылардың болашақта мамандық таңдауға бағыт бағдар беру.Тәрбие сағаты еркін форматта өткізіліп,тренинг жұмыстары жүргіліп.ойындар ойнатылды.

14.12.2019 жылы «Тәуелсіздік тау етер киелі ұғым» атты тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатына 6 сынып оқушылары қатысып,тәеуелсі,егеменді елді ұрпағы екенінің дәлелі ретінде өз өнерлерін ортаға салды.Қыздар би билеп,ән салды,өлең жолдары оқылды,танымды бейнероликтер көрсетілді.Тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлау,ана тілін және мемлекеттік тілді,қазақ халқының Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қаласынан келген көшпелі мұражайға таным-жорық жасалды.




Оқу жылының қорытындысы бойынша 7 «Ә» сыныбында 18 оқушы (10 ұл,8 қыз).Оқу үздіктері-2 оқушы,оқу екпінділері-8 оқушы, білім сапасы 50,5%




Алдағы оқу жылында жұмыс жасалынбай кеткен тәрбие бағыттарына аса көңіл бөлініп мән берілу,жұмысты жүйелі түрде уақытылы жүргізу міндеттемі қойылып отыр.Сонымен қатар 8-сыныпта наркобекет жоспары,құқық бұзушылық жоспары жолда жүру ережесін жаңа форматта,сабақты барынша түрлендіріп отыру керек деген мақсат қойылды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет