Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың аттестатталуы
1 тармақ. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.
3 тармақ. Педагог қызметкер:
6 т.т.) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;
ҚР «Білім туралы» Заңы Нормативті-құқықтық құжаттар тізімі 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы. ҚР Білім және ғылым министрінің 12.04.2018 № 152. ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2018 № 316. (толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі туралы). 3. Мемлекеттік қызмет стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы». ҚР Білім және ғылым министрі 2015 жылғы 9 қарашадағы №632 бұйрығы. Стандарт ҚР БжҒМ 2018ж.11.01. №13 бұйрығының редакциялауында