Педагог-шебер
Жоғары санат
Педагог-зерттеуші
Бірінші санат
Педагог-сарапшы
Екінші санат
Педагог-модератор
Санатсыз
Педагог
Қазіргі қолданыстағы санаттар
Берілетін санаттар
! Жоғары, бірінші, екінші біліктілік санаттары бар педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың осы Ережелермен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік деңгейлеріне қойылған талаптарына сәйкес біліктілік санаттарының біреуіне ие болуға құқығы бар. Санатсыз педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар «педагог» біліктілік категориясына теңестіріледі..
Педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау үшін тиісті деңгейлерге сәйкес аттестаттау комиссиялары құрылады: Педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау үшін тиісті деңгейлерге сәйкес аттестаттау комиссиялары құрылады: - Білім беру ұйымдарында,
- Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде
- Облыстық білім басқармаларында.
АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛУЫ
Аттестаттау комиссиясының құрамы мемлекеттік орган, білім басқармасы, қалалық/аудандық білім бөлімі, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны тақ саннан тұрады
Аттестаттау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары комиссия мүшелері құрамынан сайланады. Хатшы аттестаттау комиссия мүшесі болып табылмайды.
АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Тиісті деңгейдегі Аттестаттау комиссиясы осы Ережеге сәйкес 12 қосымшаның нысаны негізінде аттестатталушылар портфолиосының жинақталуын жүзеге асырап, ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 2 желтоқсанына дейін қабылдау-беру актісі бойынша тиісті деңгейдің сараптамалық кеңесіне жібереді.
Осы Ережеде берілген 2, 3 қосымшаларға сай білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы аттестатталушылардың кезекті және мерзімінен бұрын, ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерінің жиналуын жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |