Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет1/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ТІЛ КОМИТЕТІ


МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


Н.Ж.ҚҰРМАНОВА

ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ




АСТАНА - 2007
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. – Монография. - Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007 . - 160 бет.
Пікір жазушылар:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
C.Р.Рахметова

Қырғызстан Республикасы,


педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А.О.Осмонкулов


ISBN
Қазақ тілін жаңа оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру - заман талабы. Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің ойлауын дамытудың сан салалы жолы бар. Монографияда қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту барысында тіл үйренушілердің лингвистикалық ойлауын дамыту, шығармашылық ойлауын дамыту, продуктивтік ойлауын дамытудың теориялық негіздері мен практикалық әдістері қарастырылады. Кітап осы саладағы ғалымдарға, ізденушілерге, студенттерге, мұғалімдер мен тіл үйретушілерге арналады.


ISBN
©Мемлекеттік тілді
жеделдете оқыту
республикалық орталығы
© Құрманова Н.Ж.

Кіріспе


Білім беруді Қазақстан Республикасы мен қазақ халқының даму жолындағы үлкен стратегиялық резерв, маңызды қор деп тану қазақ тілін оқыту процесі мен мазмұндық болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан келуді талап етеді. Жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді қажет деп атап көрсетеді және оқытудың жаңа технологияларының табиғатын терең танып, оларды оқыту процесіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқытудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді.
Соңғы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Лиссабон конвенциясы, Болондық меморандум сияқты білім беру саласында негізгі деп саналатын халықаралық «Білім беру – жалпыға» келісімдерге қосылды. Сонымен бірге, Қазақстанның Әлемдік Сауда Ұйымына (ВТО) қосылу мүмкіндіктері қарастырылуда. Орта мектептердегі білім беру барысы кең түрдегі ғылыми талқылауға түсіп, түрлі прогрессивті көзқарастар мен жетекшілік етер идеялар ұсынылып ,оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына қызмет ететін жаңа технологиялар жасалуда. Онымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттар да қарастырылды.Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы,негізінен, «Қазақстан-2030» стратегиялық құжаттарында «Білім беру» бөлімінде көрсетілді (1). Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Білім Заңында (2) және «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2003 жылғы даму Концепциясында» (3) білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің эканомикалық та дамуының негізі ретінде танылған. Мұндай мақсатқа жетуде білім беру жүйесі, оның ішінде орта білім беру жүйесі үлкен орын алады.Үкіметіміздің елді дамытудағы перспективалық қызметі мен қазіргі мектепте білім беру арасында қайшылықтар пайда болып отырғанын қазіргі кезде мектеп жүйесін басқарушы органдар да, білім беру жүйесінде қызмет ететін әдіскер- ғалымдар да, мұғалімдер де, ата-аналар да айқын сезінуде.
Қазақстандық білім беру аясында бүгінгі күні вариативтік принцип кең орын алып отыр. Бұл принцип бойынша оқу орындары қандай оқыту технологиясын таңдауға да құқылы. Бұл-білім берудегі прогресс деп танылады. Мұндай мүмкіндікті оқушының дамуы үшін қолдануда мектеп ұжымдары, мұғалімдер жаңа оқыту технологияларымен терң таныс болып, олардың әрбірінің көздеген мақсатымен, идеясымен, бағытымен таныс болуы қажеттігі белгілі.
Жаңа оқыту технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады.Оқушыны білім беру процесінің обьектісі емес, сол процеске қатысушы маңызды субьект деп санап, сол субьектінің ойлауы мен тілін дамытып, оқу барысында қалыптастырылған машық-дағдыларын, алған білімін өмірде қолдана алатын дәрежеге жеткізетін білім берудің жаңа технологияларын жасаушылар уақыт талабымен санаса отырып, келер заманның талабын айқындылықпен болжап отыруы тиіс. Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады. Дамыта оқыту теориясы өз бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен алады.Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты қалыптасты. Осы ретте Л.С.Выготский идеясын әдіснамалық , дидактикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан дамытқан Л.В.Занков, Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, З.И.Калмыкова, В.В.Репкин, Г.К.Селевко, Г.А.Цукерман, В.Д.Шадриков,И.С.Якиманская, Н.Ф.Талызина, Н.В.Кузьмина,М.М.Мукомбаева,В.В.Краевский,И.Я.Лернер, В.П.Беспалько, Е.Н.Кабанова- Меллер, Р.Бернс, В.С.Виблер, Н.Н.Верницкая, Ю.А.Грибов, С.И.Архангельский, А.В.Мудрик, В.А.Сластенин,Б.Т.Лихачев, В.В.Гузеев, В.И.Загвязинский, Н.М.Зверев, М.В.Кларин, В.М.Монахов, В.Ю.Питюков, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова, Эрдниев, Н.А.Менчинская, В.П.Лебедева, М.Қараев, М.М.Жанпейісова т.б. ғылымдарды атаймыз.Қазіргі қазақстандық мектептердегі дәстүрлі білім беру жүйесінің оқушының ойлауы мен өзіндік шешімдер қабылдауда,осынау күрмеуі тым күрделеніп бара жатқан өмірде өзінің алған білім қорын қолдана алуында қажетті машық-дағдыларды дұрыс қалыптастыра алмай отырғандығы, он-он бір жыл мектепте өткерген білімінің тұтас дүниетанымдық құралға айналмауы-білім беру жүйесінің кемшін тұсынын молайып бара жатқанын, сонысымен де жаңа заман ағымына үйлесе алмайтындығын айқын дәлелдеп отыр.
Қазақстандық мектептердің, оның ішінде қазақ мектептерінің басынан кешіп отырған осындай күйінің бір қырын зерттеу және қазақ мектебінде қазақ тілінің синтаксис саласын (сөз тіркесін) дамыта оқыту арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту негізінде оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту негізінде оқушылардың теориялық санасы мен ойлауын қалыптастыру, дамыту-жұмысымыздың зерттеу мақсатын танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет