Байланысты: Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
.оқушының сөз тіркесін танып-білудегі әрекеттерінің міндетін мұғалім арқылы анықтауы;
. оқушының сөз тіркесін танып-білу міндетін өз бетімен анықтауы;
. оқушының сөз тіркесінің түрлі сипат белгілеріне байланысты жаттығулар талаптарын өзгерте отырып.сөз тіркесі туралы жалпы заңдылықтарды іздеп табуы;
.сөз тіркесінің символдық әріптер арқылы құрылымдық-мағыналық моделін жасауы;
. сөз тіркесінің ішкі байланыстары мен қатынастарын графикалық модельдеуі;
. сөз тіркесінің белгілі бір моделін трансформациялау арқылы келесі модельге өзгертуі (секретарда құлақ екеу болса- секретардың құлағы екеу болса);
.жаттығулардың сипатына байланысты жүйелік заңдалықты анықтау;
.әрбір алдыңғы орындап өткен жаттығу не тапсырмаларын бақылап отыру;
.әр жаттығу мен тапсырманы орындаған сайын нендей машық пен дағдыға толық ие болып, қандай әдісті толық меңгергеніне баға беріп отыру, сонда сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының дамытушылық мақсатына теориялық материалдар және түрлі қиындық деңгейдегі жаттығулар жүйесі арқылы қол жеткізіледі деп санай аламыз.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының бағалылығы қандай болмақ деген мәселе де маңызды болып табылады.Дәстүрлі технологияда мұғалім дүниеде танылған заңдылықтарды өзі көрсетіп, өзі талдап, өзі соның түйінің жасап береді.Ал дамыта оқыту технологиясында оқу қызметінің бағасы оқушының субьетивтік мүмкіншіліктерін дамыту мақсатымен артады.
Оқушының оқу қызметі өзінің болмысында бар тыным мүмкіншіліктерін дамыта отырып ұйымдастырылады.Оқушы өзінің бар мүмкіндігін танып- біліп, белгілі бір міндетті шешу барысында сол мүмкіндігін барынша қолдана алатын мүмкіндіктер қалыптастырса,ондай оқу процесі, міндетті түрде, жақсы бағаланады. Өйткені, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ғылыми білім алу барысында аша алған оқушы енді келесі даму сатысына ене алады, сол бағыттағы танымдық материалды өзі де ізденетін болады.Сондықтан бұл жердегі мұғалімнің ұстайтын бағыты- оқушыға дайын материалды «жұтуға дайындап» беру емес, сол «жан азығы» болатын материалды оқушының өзіне таңдатып, өзіне танытып, өзі меңгеретіндей әдістерді жүйелеп ұсынып отыру.Ал оқушының ұстанатын бағыты- таным құштарлығын дамытып отыратын әдістерді қолдана отырып, өзінің дүниетанушы субьект екендігін толық мойындау және өзін-өзі дамыту тәсілдерін тани алу.Бұл айтылғандардың негізінде мынадай түйіндер жасауға болады:
Сөз тіркесін дамыта оқытудың диагностикалық мақсаттарының қойылымы анықталуы керек.
Сөз тіркесін дамыта оқытуды жоспарлауда көзделіп отырған деңгейге сәйкес деп тану үшін оқушылар орындайтын әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру мен бақылауға алу қажет.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда оқушылар мен мұғалімдерге алдын ала тест жүргізу .Мұнда, біріншіден, алға қойылып отырған мақсатымыз,яғни сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту мақсаты нақтылана түседі, екіншіден, оқушылар мен мұғалімдердің сол,яғни теориялық деңгейде оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіншіліктері анықталады.
Сөз тіркесін дамыта оқыту барысының көзделіп отырған мақсаттарға қарай бейімделуі негіз ретінде ұстанады.Сол бейімделу барысы оперативті кері байланыс пен оқыту процесіне қажетті түзетулер енгізіп отырумен анықталатынын да баса ескеру керек.
Сөз тіркесін дамыта оқыту бағдарламасын жасауда көзделген мақсаттарға сәйкес блоктарға бөлу қажет.
Сөз тіркесін дамыта оқыту барысын толығымен мұғалім басқып отыратын болуы да аса маңызды.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда күтілетін түпкі нәтиже-оқушылардың теориялық әдістерді меңгеріп,ол әдістерді басқа пәндерді оқуда ғана емес, практикалық өмір қажеттіліктерінде де (тұрмыста) қолдана алатын деңгейге жетуі.