Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет14/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
+

_

_

Үй іші

_

+

_

Әуе жолы

_

_

+

М.Балақаев былай дейді: «Біздіңше, ілік септіктің жалғаулы, жалғаусыз болуы жалғанатын сөздің айтушыға, тыңдаушыға белгілі не белгісіз (неопределенный) емес, меншіктілік (тән болу) қатынасты ерекше білдіру не білдірмеумен байланысты: егер тәуелдеулі заттың қай затқа меншікті, қатысты екенін әдейілеп, арнап көрсету керекболғанда, ілік септігіндегі сөз жалғаулы болады. Ал мұндай құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне заттық сапа ретінде жұмсалса, ол жалғаусыз болады» (48). Қ. Жұбановтың айтуынша, екі сөз тіркескенде, араларына басқа сөз кіріктерде жасырын тұрған жалғау көрініс береді: Ташкент кетті Ташкентке кеше кетті (28). Осыған жақын пікірді Р.Әміров те айтады: Матаса баиланыскан сөз тіркесінде граматикалық амалдар толымсыз құрамда жұмсалғанда, тіркестегі сөздердіңарасындағы қатынас, негізінен, басыңқы компоненттің тәуелдік формасынан көрінеді.Бірақ мұнда анықтауыш компонент басыңқы сөзден жұбын жазбай қатар тұруға тиіс» (49).Сөз тіркесіне оппозицмялық талдау жасау синтаксистік мағынадан басталады.В.И.Лебедев «мағына» дегенге, «басыңқы сөз бен бағыңқы сөздің мәнділік қатынасын» атайды (50). Сөз тіркесінің мағыналарын талдау белгілерді жүиелеуден басталады:
. Басыңқы сөз затты білдіріп, бағыңқы сөз сол заттың белгісін білдірсе, олардың арасындағы қатынас анықтауыштық қатынас деп аталады: қызық кітап, сұлу қыз, терең көл т.б
. Басыңқы сөз әрекетті білдіріп, бағыңқы сөз затты білдірсе, олардың арасындағы қатынас объектілік- толықтауыштық қатынас деп аталады: егін егу,сабақ жазу т.б
. Басыңқы сөз әрекетті білдіріп, бағыңқы сөз сол әрекетті түрлі жағынан пысықтаса, олардың арасындағы қатынас пысықтауыштық қатынас деп аталады: таңертеңгісін келу, жақсы сөйлеу, т.б.
Оппозициялық талдаудың тағы бір үлгісін осы айтылғандармен байланысты жүргізу жолы оқушыларға үйретіледі.

Сөз тіркесі белгілерінің оппозициясы


№5 таблица

Мысалдар


Б е л г і л е р і



1

2

3

4

5

6

6

6

Зат+белгі

әрекет+обьект

әрекет+оны пысықтау

Жақсы адам

+

+

+

+

+

+

_

_

Өмірді сүю

+

+

+

+

+

_

+

_

Ертемен келу

+

+

+

+

+

_

_

+

Орыс тілін оқыту әдіскер ғалымы Л.П.Федоренконыңпікірінше, сөз тіркесі компоненттерінің кірігу дәрежесінде оппозицияық талдау жүргізе отырып, соның нәтижесінде «еркін» және «еркін емес» сөз тіркестерін айыруға болады.Егер сөздер тіркесіміндегі мағынаны жалғыз сөз арқылы білдіруге болатын болса (мысалы, келісім беру- келісу), мұндай тіркес «еркін емес» болып табылады.Ал егер екі сөз өзара грамматикалық қатынаста болса, бағыныңөылыө сипат алып, біріксе, ондай тіркес «еркін» деп саналады(51). Біздің ойымызша, бұл жерде еркін сөз тіркесімен күрделі сөздің жасалуы арасындағы ерекше бір тілдік механизм өмір сүруі мүмкін.Сөз тіркесі өзінің еркін тіркес қасиетінен біртіндеп айырылып, ендігі бетте күрделі сөз қатарына өтер сәттегі тілдік механизмнің бірін біз осы матасудың ішкі түрлерінен тани алумыз мүмкін. Бірақ бұл теориялық лингвистика мәселесі болғандықтан, қолданбалы лингвистика саласы ретінде оқыту технологиясында тек осындай ойлардың өркеніне бастау ғана жасап өтуіміз керек.
Лингвистикалық эксперимент әдісі. Түрлі лингвистикалық әдістердің қзара үйлесімді қолданылуы арқылы оқушылардың тіл теориясын меңгеру барысын тиімді ұйымдастыру және оның нәтижелерінің жақсы көрсеткіштерге ие болуын мүмкін етуге болады. Лингвистикалық эксперимент тіл және тілді оқыту әдістемесінде қлданылатын әдіс.А.А.Леонтьев лингвистикалық экспериментті лингвист өзі жасаған моделін айқын түрде таңбалауы үшін қажетті тәсіл деп атайды. Лингвистикалық экспериментті қолдану барысында модельдің танымдық құндылығы арта түседі,сөйтіп, ұсынылып, жасалып отырған теориялық құндылығы да айқындала түседі. «Языковую модель мы понимае как всякое достаточно правильное, т.е удовлетворяющее определенным требованиям к адекватности, описание языка»,- дейді ғалым.() Лингвистикалық экспериментті педагогикалық процесте қолдануда таза тілдіктен гөрі дидактикалық заңдылықтарға бейімделеді.
Лингвистикалық эксперименттің психолингвистикалық қыры туралы мынаны айтуға болады. Лингвистикалық эксперимент- альтернативтік эксперимент болып табылады. Оқушыларға кескінділер ұсынып, берілген мазмұнның оқушылар ойымен сәйкес келуі не келмеуі анықталады.Оқушының тілдік санасын тірек етсе де, оған тікелей әсер етпей-ақ, табиғи түрдегі әңгімелесу жүргізіп, соның барысында сөйлеушінің тілдік жүйесі заңдылықтарын қолдануы мен тіл заңдылықтарын қалай танып білетіндігі және қалай үйреніп жатқандығын анықтауға болады.Негізінде, лингвистикалық эксперименттің мақсаты-тіл жүйесінің заңдылықтары мен мүмкіншіліктерін сөйлеушілердің қалай қолдануын анықтау.Сонда, сөйлеу барысын қызмет деп тани отырып, сөйлеу қызметінің ерекшеліктері тұрғысынан танылатын заңдылықтарды тілдік норманың мүмкіншіліктері деп анықтай аламыз. Бұл- лингвистикалық эксперименттің қарапайым емес, көпқабаттылығын қажет ететін процесс.Жеке сөйлеушінің қолданысы арқылы байқалатын тілдік фактілер сөйлеушінің тідік санасындағы семантикалық топтардың тілдегі жалпы топтармен әр уақытта біркелкі болып үйлесе бермейтіндігі туралы Л.В.Сахарный сөзжасамның психолингвистикалық мәселелерін зерттеу барысында атап көрсетеді (53).Мұндай танылған фактілер тілге деген көз қарастың бұрынғы дәстүрлі саламен кетпейтінін, сонымен бірге тілді оқытуда да дәстүрлі әдістер көп орын ала бермейтіндігін көрсетіп отыр деп айта аламыз. Өйткені, тіл жүйесінің заңдылықтары тілдің сөйлеу процесіндегі болмысын және сөйлеушінің «тілдік қабілетін» ескере отырып зерделегенде ғана неғұрлым шынайылығын тануға жақындата түседі.
Сөйлеуші өз ойын сыртқа шығаруда көпқабатты тілдің мүмкіншіліктері көріне бастайды.Оның ең арғы бастау көзін психолингвисттер «түпкі ой» (замысел) деп таниды (Л.С.Выготский (54), А.Р.Лурия(55), А.Н.Леонтьев (56), М.М.Мұқанов(57),Т.В.Рябова (58) т.б.). Түпкі ой- сөйлеушіде неғырлым компрессияланған, сөйлеудің жинақталған бағдарламасы.Ішкі мәнді білдіретін бағдарламаның қалай жасалып, қалай орналасатыны туралы мәлімет сөйлеушінің санасында айқын анылмайды, сондықтан да оған тікелей бақылау жасау мүмкін емес. Ол психологиялық зерттеулер,көп ретте, лингвистикалық эксперименттер жүргізіле отырып, мәселені тануға мүмкіндік беретінкейбір әдістерді анықтайды.Адамның «ішкі тілі» (54) сөздің семантикасымен, мәнді қырымен операциялар жасайды. Сөздің семантикалық мәні-сөздің мағынасынан гөрі әрі кең, әрі өзгермелі, қозғалмалы, динамикалық болмысы айқын болып келеді.Осындай ерекше қасиеттерінің арқасында сөздердің семантикасы, Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, мәндердің біріне екіншісінің еніп кетуіне, нығыздала түсуіне мүмкіндік береді(54).Бұл- тіл экаомикасының табиғатынан туындайтын заңдылықтар болса керек. Сонда, сыртқа сығымдалып, нығыздалып шығарылған тілдік формалар, шын мәнінде, ішкі, кең түрдегі жаылмалы, логикалық операцмялар нәтижесінде ерекше күйге түскен семантиканың болмысын білдіріп тұрады.
Лингвистикалық эксперимент жүргізуде оқушыларың үйретудің, әрине, сақталуға тиісті белгілі бір талаптары да, олармен байланысты қиыншылығы да бар.Мұғалім, алдымен, оқушылардың ішінен тілдік сезімі жақсы дамыған оқушылармен жасалатын жұмыс жүйесін құрады.Одан соң қарапайым формадағы лингвистикалық эксперименттерді орташа қабілетті оқушыларға орындатады. Лингвистикалық эксперимент сөз тіркесін оқытатын барлық сабақта қолданылмайды.Біз осы әдісті «Сөздердің байланысу тәсілдері» , «Сөз тіркесінің тест құраушылық қызметі» деген тақырыптарды өтуде қолдандық. Лингвистикалық эксперименттің түрлері мен қолдану жолдары төмендегідей (59).

  1. Ассоциацялық эксперимент. Оқушыларға бір сөз беріп, оны тіркесетін сөздерін неғұрлым көп табу. Ол үшін мынадай опрациялар орындатылады:

А)берілген сөз басыңқы орында тұрсын;
Б)берілген сөз бағыныңқы орында тұрсын;

  1. Салыстыру. Оқушыларға қазақ тілі мен өздері оқып үйреніп жүрген орысжәне ағылшын тілдерінде «тамаша ән» және «ән салу» деген сөз тіркестерін салыстырғызу: байланысу тәсілері жағынан, байланысу түрлері жағына, айырмашлықтары мн ортақ қасиеттерін анықтау. Мұндағы көзделетін мақсат-оқушыда тілдіғ универсализмдер туралы түсінік қалыптастыру.

  2. Семантикалық синтаксис. Оқушыларға екі-екіден орындайтын тапсырма беріледі: бірінші оқушыға сөз тіркестері беріліп, ол оның мағынасын екінші оқушыға ыммен түсіндіруге тырысады.Екінші оқушы болса, ымнан түсінгенінсөз тіркесі етіп дәптеріне жазады.Келесі де екі оқушы алмастырып орындайды. Мақсат-грамматика заңдылықтарының сөйлеуді ұйымдастырудағы тәсілдері мен ойдың сыртқа шығу мүмкіншіліктерін бақылау.

  3. Сөйлеу жағдайларын тану.Оқушыларға бірнеше сөз тіркесі беріліп,олардың қандай сөйлеу жағдайларында қолданылатынына түсініктеме беру тапсырылады. Мақсат- оқушыларға түпкі ой (замысел) туралы білім минимумын меңгерту; сөз тіркестерінің қолдану мотивациясын түйсінуге дағдыландыру.

  4. Текспен жұмыс.Оқушыға қысқаша текст беріліп, алғашқы екі сөйлемін дауыстап оқытып, қалғанын жауып қойып, оқушының өзі ауызша жалғастыруы тапсырылады. Мақсат- оқушылардың текстінмазмұнын түсіну дәрежесін анықтау және оқушының ойлауы мен тілін дамыту.

  5. Текспен жұмыс.Текст құрамындағы әр сөйлемнен ойдың негізін құрайтын қызмет атқарып тұрған сөз тіркестерін іріктеп тергізу.Сонан соң оларды бір тізбекке орналастырып, жаңа мазмұндағы текстті құратқызу. Мақсат-тексттің байланысын орнатудағы сөйлемнің ғана емес, сөз тіркесінің де маңызды қызметі болатынын дәлелдеу.

Оқушының текстті түсінуі дегеніміз-текстті құрауға қарама қарсы жүретін процесс. Егер оқушы текстті құрау барысында оның санасында «ой текст» бағытындағы қызмет жүретін болса, текстті қабылдауда (тыңдау не оқу) «текст ой» бағытындағы қызмет жүреді.Текстті оқушының қабылдауы дегеніміз белгілі бір текстің айтылуы мен тыңдалуынан басталмайды. Тексті оқушы қабылдау үшін, оның өмірлік тәжірибесі, сөздің түрлі мағынасын түсіну дағдысы қалыптасқан болуы керек. Оқушының санасына қабылданып текст, шындығында, оқушының тілдік санасында «өзіндік тілге аударылып» жатады.Оқушының сөздік қоры, граматикалық түрлі тәсілдерді өз тілінде қолдана алу тәжірибесі, сөйлеу мәнері т.ббарлығы тексті тыңдау процесінде «жанданып», сыртқы информацияны ішкі тілге байланысты жинақтай бастайды. Оқушыға, бұл ретте, диалог тест беріп, оған авторлық коментарий (түсініктеме) жазу ұсынылғанда, класс оқушыларының ішіндегі тек үздіктері ғана тапсырманы орындай алды.Ал қалған оқушыларға кең түрдегі түсініктер беріліп, үлгілер қайта қайта орындатылды. Осындай әдіс арқылы оқушылардың тексті қабылдау мен тексті құрауды үйренуі –оқушыда дамытылмаған мүмкіндіктердің өскіні бар екенін дәлелдей алады. Лингвистикалық эксперимент әдісін қолдануда оқушылардың графикалық шкалаларды қолдану дағдысы қалыптастырылып, математика пәндерімен байланысты үйренген машық дағдылары жетіле түседі. Графикалық шкалалар арқылы қажетті сөз тіркестерін табу және орналастыру тапсырмасын орындатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет