Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет11/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Синтагмалық талдау. Синтагма – (гректің syntagma тура мағынасында бірігіп құрылған, біріккен деген мағынаны білдіретін сөзінен жасалған) екі не одан да көп тіл бірліктерінің бірізділікпен мағыналы орналасуын білдіреді. Мысалы:
.Фонемдер синтагмасы: а + н + а; ә + к + е; б + а + л + а т. б.
. Морфемдар синтагмасы: үй + шік, су + шы т. б.
. Сөз тіркесі компоненттерінің орналасуы: Үй + салдық; Екі + үй + салдық; Екі + үйді + биыл + салдық т. б.
.Құрмалас сөйлем компоненттерінің тізбектеле орналасуы: Жаңбыр жауды + да + жер беті тыныс алғандай болды; Ғылымның түпкі мәнісін түсінбегендіктен, + жалған ғалым деген атты шендей көріп жүретіндер көп қой т. б.
Әрине, текст құрамындағы абзацтардың синтагмасы туралы да айтуға болады. Бірақ, негізінен сөз тіркесіне қатысты мәселеге ғана тоқталып өтеміз. Синтагмалық тізбекте келген сөз тіркесінің мүшелері бір мағыналық қатынас түріне негізделеді. Мысалы: *ақ қағаз* - анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі. Синтагма туралы ілімнің бастауы Фердинанд де Соссюрдің* Жалпы лингвистика курсынан*алынатыны белгілі (38). Сөздер белгілі бір байланысу тәсілі арқылы өзара байланысқа түсіп, одан синтаксистік қатынас туындатады. Мұның барлығы синтагмалық тізбекке енген сөз тіркесінің өзіндік бір жүйе сияқты құрылатынын көрсетеді. Жүйені үйлесімді орналасқан бөлшектердің өзінен жоғары деңгейдегі тұтастық құрауы деп танитын болсақ, онда формасы мен мағынасы жағынан үйлескен екі сөздің синтагмалық тізбекке еніп, сөз тіркесі деген жаңа деңгейдегі тұтастық құруы соның дәлелі болады. Мысалы: көк аспан сөз тіркесін қарастырайық.
-Мұндағы синтагмалық тізбекте екі сөз орналасқан: көк + аспан.
-Олардың байланысу тәсілі- орын тәртібі.
-Байланысу түрі- қабысу.
- Туындайтын мағыналық қатынасы - анықтауыштық. Өйткені, басыңқы мүше –не?- аспан, бағыныңқы мүше- қандай?- көк. Бұл түстің аспанға тән болатыны белгілі. Ендеше мағыналық байланыс бар, формалық жағынан жалғаусыз, қабыса байланысып тұр. Жүйенің жасалуындағы қойылатын талаптар, негізінен дерлік, сақталған, ендеше, синтагмалық тізбектің өзі белгілі бір дәрежедегі жүйе болып танылуы керек деп санаймыз
«Синтагма» деген ұғыммен қатар танылатын «парадигма» деген де ұғым бар. Парадигма дегеніміз - ортақ бір қасиеті болғандықтан, бірақ әрқайсысының дербес қасиеті бойында бар болып келетін сөздердің тобы. Синтагма түзелерд, тізбекке парадигмадағы бір ғана мүше түсе алады. Бірақ, сөйлеу қажеттілігіне орай, бір ғана сөз емес, адамның тілдік жадысында бірнеше сөз вертикалдық түрде орналасады. Ал синтагма горизонталды түрде, уақытпен және кеңістікпен байланысты болғандықтан, парадигмада тұрған, тілдік сананың қажетті деп іріктеген бір сөзді алып сойлеу арқылы сыртқа шығарады. Мысалы, көл және көлшік деген сөздерді алайық.Осы сөздерге сын есім тіркестіріп сөз тіркесін жасарда адам санасында осы екі сөз білдіріп тұрған нәрсенің түрлі сапалық белгілерірін білдіретін сөздер белгілі бір тәртіппен іріктеле бастайды, бпсқаша айтсақ, сананың ішкі тіл арқылы , тілдік сезімді іске қоса отырып, селекциялық процесті жүргізеді. Соның нәтижесінде сөз тіркесі жасалады.Егер сөз тіркесі дұрыс құрылмаса, тыңдаушы баға береді: бұл айтушы қазақ тілін дұрыс білмейтін шетелдік немесе адамның тілдік жадысы мен тілдік сезімінде әлі де дамыылмаған өркендер бар.
Мысалға алынған екі сөздің сындық белгілері өте көп, ол белгілер санына, көлеміне, сапасына, түсіне, түріне т.б. байанысты топтала бөлінеді.Ал әрбір топтың ішінде бірнеше сөздер болады. Сонда, парадигманың өзі іштей біршама ұяшықтарға бөлініп тұрады.Бір ғана сөз тіркесінің ойлап жасалуында қаншама сөйлеу механизмдері іске қосылып, қаншаа қызмет атқарылып жататынын осындай қысқаша талдаудан көреміз.

№3 таблица. Сөздердің тіркесім қабілетінің аясы



Сын есім сөздер

терең

тайыз

дария

Шалқар

Үлкен

Балықты

Айнадай

Тұнық

Кол зат есімі

+

+

+

+

+

+

+

+

Колшік зат есімі

_

+

_

_

_

+

+

+

Көрсетілген графикалық модель арқылы мысалға алынған екі сөздің синагмалық тізбекке ену алдындғы іріктеу процесін көрсетеміз.Екінші жағынан әрбір сөздің семантикалық болмысы өзінің мазмұн байлығын белгілерінің молдығы арқылы таныта алатынын оқушыларға айтылады.Бұл туралы сөз тіркесінің психолингвистикалық табиғатын сипаттағанда айтылып өттік. Синтагмалық тадауды қолдануға үйретудің барысында оқушыларға «тізбек», «синтагма», «ситагмалық тізбек» деген ұғымдардың мазмұны түсіндіріледі. Содан келіп, сөз тіркесінің синтагмалық ерекшелігіне тоқталынады. Тіл мен ойлаудың , тіл мен сөйлеудің байланысы мен ерекшеліктері туралымәлімет берііп өтіледі.Қазақ тіліндегі сөздедің тіркесуі-ұлттық тілдің ғана емес, ұлттық дүниетанымның, ойлаудың ерекшелігін танытатын белгі екендігіне де оқушылар үйреніп жүрген тілдерде мысалдар алына отырып назар аудару қажет.
Валенттілік талдау. Валенттілік талдауды біз етістікті сөз тіркесін оқытумен байланысты үйрету керек деп санадық. Етістікті басқа сөздермен тіркесуі, сондай қабілетінің үлкен дәрежеде болуы-етістіктің маңызды дистритутивтік белгісі. Ондай белгі етістік сөздердің өзіндік ерекшк лексика-семантикалық топ құруының да негізгі шарты болып табылады.Етістіктің валенттілігі- оның синтаксистік қасиеті,яғни етістіктің айналасына түрлі лексика семантикалық топтағы сөздердің синтаксемалық жағынан «үйірілуі» деп түсініледі. Синтаксистік бірліктердің етістіктің айналсына , әсіресе, жіктік жалғауы етістіктің айналасына «үйірілуі», Л.Теньердің айтуынша, оларды синтаксистік семантикалық «тасушылары» деп анықтауға мүмкіндік береді.Бұл жағдайда лексемалардан тұратын лексикалық конструкциялар емес, негізгі нысанға құрамында снинтаксемалары бар синтаксистік конструкциялар алынып отыр.Сонда, етістіктің валенттілігідегенде, жай лексикалық бірліктердің және түрлі варианттарда келуі мүмкін жай синтаксистік бірліктердің аа қатынасының анықталуы айтылады.
Л.Теньер сөйлемге құрылымдық талдау жасауда етістікті негізгі тірек деп санайды. Сөйлемнің құрылымындағы бсқа мүшелер, Л.Теньердің пікірінше, «актанттар» мен «сирконстанттар» етістікке тікелей тәуелді болып келеді. Соның ішінде, әсіресе, актанттың саны етістікке тікелей байланысты.Етістіктен болған сөйлем мүшесі қанша актантқа орын беру керектігін өз «шешеді», яғни сол орындарды етістік сөйлемге өзі алып келеді.Мысалы: «Самолетпен келді» деген сөйлемді латын болсақ, мұнда «ол», «бір жерге», «бір жерден», «бір уақытта» деген актанттарға орын беріліп тұрғанын көру қиын емес.
Етістіктің осындай яғни актанттардың белгілі бір санын сөйлемде өз айналасына «үйіріп тұратын» қасиетін химиялық атомдардың қасиетімен салыстырып, Л.Теньер 40- жылдары бұл тілдік иқұбылысты «валенттілік» деген теминмен атауды лингвистикаға енгізген болатын (38).Валенттілік теориясын одан әрі қарай дамытқан ғалымдар біртіндеп көбейді, олардың қатарында С.Д.Кацнельсон (39), М.Д,Степанова (40 ), Т.П.Ломтев ( 41), Б.М.Лейкина (42 ), т.б ғалымдар бар. Олар Л.Теньердің теориясын дамытумен қатар, кейбір жетіспестіктерді де көрсетеді. Сөз тіркесінің валетті байланыстағы мүшелерімен еркін қатынастағы мүшелердің арасындағы айырмашылықты тану мәселесі көбірек сөз етілуде.М.Д.Степанова бұл туралы кейбір сөздер өз айналасында белгілі бір «ашық позицияларға» ие болып тұрса да, олардың толтырылуын ас қажет етпейді (кей жағдайларда), сондықтан да валенттіліктің «облигаторы» және «факультативті» түрлерін ажырата тануды ұсынады () . Л.Теньердің айтуынша, етістік – валенттіліктің негізгі тасушысы (). Етістіктің валенттіліктің тасушы болуы мынадай болып келеді:
. Актив валентті орталықтан периферияға қарай тараушы валенттілік.
Актив валенттілік моделі
№3 сурет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет