Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет19/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
«Сөз→сөз тіркесі→сөйлем→текст»;

  • «Текст→сөйлем→сөз тіркесі→сөз»;

    сөз (сөзформа) Сөйлем

    1. Т(сөйлеу)=грамматикалық байланыс

    Текст –ішкі күрделі құрылымға ие жүйе. Текст құрамындағы сөйлемдердің өзара байланысы текст құрауға негізделеді. Текстті құраушылардың арасындағы байланыстар жасалуын қамтамасыз ететін элементтер, О.Р.Каменскаяның айтуынша, коннектор деп аталады (93). ал сөз тіркесініңде белгілі бір дәрежеде коннекторлық болмысқа ие екендігін анықтауға болады ма? Ол үшін біз тексттің сегменттелуін сөйлемнен де әрірек жүргізіп көрдік. Сөз тіркесі текст ішіндегі құрылымдық- семантикалық байланыстылығы жағынан тек бір сөйлемнің ішінде қалып қоймайды. Бір сөйлемнің мағынасын құрауға қатысқан сөз тіркесі тұтас сөйлем мағынасының кіші бөлшегі бола отырып, келесі сөйлемге мағыналық жағынан тізбектеледі. Сөйтіп, бір сөйлемнен келесі сөйлемге, одан үшінші сөйлемге т.б, ұласпалылық арқылы сөз тіркесі тұтас тексттің мағынасын жасауда белгілі бір дәрежеде коннекторлық қызмет атқарып тұрғаны байқалады. Жалпы, сөз тіркесінің мағыналық жағынан текст ішінде өзара байланысуы – ортақ тақырыпқа сай бір өріске ұйыса бірігу процесі негізінде өтеді. Белгілі бір ойлау актысының көрсеткіші ретінде қызмет ете отырып, сөз тіркестері де өзара « үндесе» орналасады. Б.Шалабаевтың айтуынша, сөйлеушінің не жазушының өмірлік тәжірибесі, белгілі бір тексті құрауда қолданылған мотиві (уәжі), мақсаты, жағдайы тілдік құралдар мен тілдік тәсілдерді таңдауда көп басшылық етеді(94).
    Адамның жадысында(ДВП – долговременная память) сақталған тілдік қоры, көбінесе, ойды мақсатқа сай сыртқа шығаруға келе де, көне де бермейтіні белгілі. Қазақ халқы бұл туралы « Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда көркі кетеді» дейді. Ғылымда мұндай жағдай «конфликт» деп аталады(95). Оны біз мынадай текст­үзіндіні талдау арқылы тексеріп көруге тырыстық. Бұл, яғни М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан алынған үзінді­текстегі сөз тіркестерінің текстқұрашылық қызметі мен тексттің тұтас мазмұнын ашудағы барынша орайласа, тізбектеле, кезеңділікке бағына орналасу сипаты талданды. Талдау барысында қызықты фактілер анықталды. Текстегі әрбір сөз тіркесінің келесі сөз тіркесімен байланысқан сипаты үй кірпіштерінің көпөлшемдліктің әдемі болмысын көрсеткендей.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет