Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет20/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
Текст­ үзінді: «Есентай ­кесек мұрынды, маңдайы тайқылау келген, зор басты, бітік көзді, зіл салмақты адамның бірі. Оразбайға жасы да тақау.Елде Сармырза деген рудың аса сотқар, жуан бел атқамінерлердің бірі. Бірі ғана емес, бірдің өзі. Ол Оразбайдың әр пәледе, әр кесір әлекте ұдайы қасынан табылатын үзеңгі жолдасы. Жасырақ шақтарында бұлар ұрлықты бірге істескен дейтін сыбыс бар ­ ды. Ол өте аз сөйлейді. Оразбай сапылдап: ашуын да, боқтығын да, шешен тілді қар боратқан дауын, жаласын да аласапыран айта жөнелгіш кісі. Ал Есентайдан сондайда Оразбайды бес­алты рет ақтарылта сөйлетіп алмайынша, үн шықпайды. Тегі, әр жиынның ең артқы сөзін айтуды өзіне тәсіл ететін. Әуелі сөзге сараң, онан соң айтса, неңылса біреуді соқтырып,өшіктіре, қиян ­ кескі қиталастыра сөйлемесе, іші кебетіндей болған. Пәлесіз, үлкен ылаңсыз, алыс­ұлыссыз аяқтайтын сөздәі тұсында Есентай көбінше тіл бермей, үн қатпай, жым­жырт қалатын. Әсіресе, даңғойлау, есерсоқ, аңғалдау адамдар болса, Есентайдың қолына түссін. Ол бітік көзін жұма беіп, маңғаз, биік бойдағы сырын сездірместен сызданып отырып алады. Бір де бір езу тартып, жылы жүз беріп келген, жылыған, жібіген ажар көрсетпейді. Сырт қалпында адамды алдар деген титтей белгі болмайды. Бірақ сөйте отырып, талайларды алдап соғады, мысқыл етеді, мазақ қып кетеді» (М.Әуезов).
Бұл текстің атын оқушыларға шартты түрде «Есентайдың арам бейнесі» деп алуды ұсындық. Тексті іштей үш бөлікке бөліп әрқайсысына тақырып бердік:
І тақырыпша ­ Есентайдың сыртқы бейнесі
ІІ тақырыпша ­ Есентайдың ішкі дүниесінің бейнесі
ІІІ тақырыпша ­ Есентайдың әрекетінің бейнесі
Бұл тақырыптардың байланысуында сөз тіркестерінің де үлкен рөль атқарып тұрғанын көруге болады.
І тақырыпшадан ІІ тақырыпшаға желі тартқан сөз тіркесі ­ Оразбайдың жолдасы, үзеңгі жолдасы.
ІІ тақырыпшадан ІІІ тақырыпшаға қарай өтетін жолды біз біреуді біреуге соқтыру, іші кебу, қиталастыра сөйлеу деген сөз тіркестері арқылы көрсетуге болады деп санаймыз.
ІІІ тақырыпшадағы үзінді текстің шешімін талайларды алдау, мысқыл ету, мазақ қылу деген сөз тіркестері арқылы көре аламыз.
Сонда, сөз тіркестерінің өзі сөйлемнің құраушысы материалы болғанымен, шын мәнінде, өздерінің орналасу жүйесі арқылы текстің құраушы материалына айналып тұратыны айқын танылады. Сөйтіп, «Есентай» деп басталған текст, алдымен оның сыртқы бейнесі, одан ішкі дүниесін, ең соңында зұлым адамның тұтас бейнесін суреттеп аяқталып түр. Осы яғни сөз тіркестерінің орналасқан логикалық желісін біз оқушыларға былайша да көрсетуге олады деп ойлаймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет