Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында текспен жұмыс жасау әдістері



бет18/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында текспен жұмыс жасау әдістері

Текст – тіл бірліктерінің үлкен түтастығын танытатын ерекше бірлік. Тексттің өң бойында дыбыстан бастап, құрмалас сөйлемнің күрделі түріне дейін қызмет етіп, өзінің үлкен жүйені құраушы болмысын танытып тұрады. Осынысымен де текст сөз тіркесін оқытуда оқушылардың ойлауы мен тілін, грамматикалық автоматизмін қалыптастырып, дамытуда үлкен орын алады. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамытуда сөз тіркесінің түрлі белгілері мен түрліше қызметтерін тек сыртқы фактілерді көру арқылы ғана емес, терең тынысты байланыстарды түйсіну арқылы да танылуы қажет. Ол үшін, сөз тіркесінің түрлі өзгерістерге түсуін, сөз, сөз тіркесі, сөйлеммен салыстырғандағы өзіндік айрықша белгілері текстің өқраында танытылуы тиімді болмақ. Сөздердің тіркесу қабілеті – олардың өздерінен үлкен тіл бірлігін жасау қызметінен танылады. Жеке сөз келесі жеке сөзбен интонация, орын тәртібі, жалғау, шылау арқылы байланысқа түсе келе, байланыстың белгілі бір түрін туғызады (қиысу, қабысу, жанасу, меңгеру, матасу). Осылай байланысқан сөздер айтылмақ ойдың синтаксистік схемасына барып еніп, тіл бірлігінің кедесі жоғары түрін – сөйлемді туғызады. Алдыңғы басыңқы, бағыныңқы формада келген сөз тіркестерінің компоненттері енді сөйлемнің құрамында басқа қызметке, яғни сөйлем мүшелері қызметін атқаруға кіріседі. Сөйтіп, ол мүшелер басқа, бұрынғыдан үлкен деңгейдегі байланыстар мен қатынастардың түрлерін анықтауға кіріседі. Тұтастықтың бір түрінен екінші түріне ене отырып, сөз тіркесі де түрлі деңгейде түрліше қызмет атқара алатын ішкі « бейімділіктерін» аша береді. Бұл бейімділік болса, тіл бірліктерінің түрлі икемделіш қасиеттері мен көп қырлы заңдылықтарынан туындап жатады. Бұлардың барлығын оқушыға таныту – олардың ойлауының динамикалы, дамулы күйде келуіне үлкен әсер етеді. Ал дәстүрлі оқытудағы қатып қалған ереже түрінде оқытатын әдіс арқылы танылған тіл құбылыстарын күнде сөйлеуде қолданып жүрген арзан құрал ретінде ғана деп емес, құдіретті құрал ретінде бағалауға жеткізу қиын болмақ.


Сөз тіркесін оқытуда тексті қолдануда дидактикалық негізінде көрсетілгеніндей, мынадай формулалар қолданылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет