Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Дамыта оқыту технологиясының болмысы



бет2/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Дамыта оқыту технологиясының болмысы

Педагогикалық технология ұғымы бүгінгі күні оқыту аясына тұрақты еніп болды. «Педагогикалық технология» деген ұғымның эволюциясы туралы мынаны айтуға болады. Алғашқы кезең –ғасырдың 40-50 жылдарын қамтиды.Мұнда «Білім беру технологиясы» термині, негінен,оқыту барысында қолданылатын көру-есту құралдарын білдірді. Екінші кезең- осы ғасырдың 50-60 жылдары десе болады.Бұл кезеңдегі «білім беру технологияы» дегеніміз программалап оқытуды танытатын еді. Үшінші кезең- ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин алдын ала Айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін болды. Төртінші кезең- ғасырдың 80 жылдарынан бастап, осы кездегі «білім беру технологиясы» дегеніміз оқыту процесінде компьютер мен ақпараттық құралдарды пайдалану барысын танытады (4).


«Педагогикалық технология» терминінің мағынасының қазіргі кезде дамып, кеңейіп отырғанын мына дәлелдер арқылы көре аламыз. Біріншіден, «педагогикалық технология» деп, техникалық құралдарды оқыту процесінде қолдану мүмкіншіліктері айтылады. Екіншіден, «педагогикалық технология» деп, оқыту процесінің өзін жүйе ретінде құру мен басқару, диагностикалық мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру барысында танылады. Біздің ұстанатын бағытымыз- осы соңғы айтылғанмен тығыз байланысты. Бұлбағыттың ерекшелігі сонда, мұның түпнегізі-оқыту процесінің жалпы заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіріп тану және нақты оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді.Бұл жерде білім берудің екіжақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы танылып, жүйеленуі тиіс.Оның бір жағы- берілетін білім мазмұнының теориялық деңгейде оқу мақсатына лайық жүйеленуі болса, екінші жағы- соны оқыту процесін жүйелеп тану болмақ. Осымен де байланысты, сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясы,негізінен, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов ұсынған дамыта оқыту технологиясын басты нысана етіп ұстанады(5).
Дамыта оқыту- шынайы өмірдегі,болмыстағы д а м у ды ң заңдылықтарын негіз етіп алатын процесс. «Даму- мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың дамуболатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында..... қозғалыс әрқашан бір нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы (бағытталған), яғни басталуы мен аяқталуы бар әртүрлі заттардың, процестердің және басқалардың қозғалысыретінде өмір сүреді... Органикалық емес жүйенің,жануарлар дүниесінің,қоғамның дамуы диалектиканың жалпы заңдарына бағынады. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және керісінше өрбиді» (6).
Дамыта оқыту технологиясының негізінде теориялық білім басты орында болуы керек деген болжам жатыр.Оқушының біліктілігін (интелект) қалыптастыруда теориялық білім мен соны оқыту барысында мазмұндық топтастыру жасай алу қабілетін дамыту үлкен орынға ие бола алады.Яғни, оқушының оқу процесі, дәстүрлі оқытудағы эмпирикалық- индуктивтік типтен қызығушылығын дамытып отыратын теориялық- дедуктивтік типке қарай өседі. Олай болу үшін, осы мақсатқа сәйкестендіріліп арнайы жасалған білім мазмұны болуы керек және ол білім мазмұнын оқытуды дәстүрліден тыс арнайы әдістер арқылы ұйымдастырылуы керек. Соның негізінде ғана оқушылардың теориялық ойлауы дамиды.Осылай ұйымдастырылған оқыту процесі арқылы оқушыларға тек жалаң білім мазмұны хабарланбайды, оның есесіне, оқушылардың мазмұндық топтастырулар жасау қабілетін дамытатын әдістер арнайы жүйеленеді.
Дамыта оқыту технологиясында оқушыға жаңа ғылыми ұғымды меңгерту мынадай кезеңдерге бөлінеді: 1) мұғалім жаңа лингвистикалық жағдайлар жасап, соны таныстырады, соған бағытталған міндеттерді шешу керектігін белгілейді; 2) берілген лингвистикалық материалға түрше өзгерту, өңдеу жасалады, соның негізінде оқушы осы лингвистикалық материалдың бойындағы маңызды, негізгі белгілерді анықтайды; 3) танылған жаңа байланыстар мен қатынастарды ерекше таңбалармен ( алдын ала келісілген таңбамен) модельдейді; 4) алдыңғы кезекте алға қойылған міндетті шешуге қажетті болып тұрған негізгі байланыстар мен қатынастарға жалпы сипаттама беріп, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын анықтайды. В.В.Давыдовтың айтуынша, оның осы ұсынып отырған технологиясы оқушының ақыл-ойын дамытуда жайлы мүмкіндіктерді мол-мол танып танытып береді(7).
Дамыта оқыту технологиясының жалпы болмысы мынадай белгілермен танылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет