Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Жаттығулар және олардың жіктелуі №14 таблица



бет26/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Жаттығулар және олардың жіктелуі №14 таблица

Реті

Жіктемелер

Жаттығулар

1

Мақсатына қарай

Тілдік, сөйлеу, рецептивтік, репродуктивтік, аспектілік, кешенді, оқу, табиғи-коммуникативтік, жаттықтыру, бақылау жаттыулары

2

Оқу материалы табиғатына қарай

Диалогтық тілдегі, монологтық тілдегі жаттығулар

3

Орындалу тәсіліне қарай

Ауызша, жазбаша, бір тілдік, екі тілдік, механикалық, шығармашылық, сыныптық, үйде орындайтын, индивидуалдық, екі-екіден, топтық жаттығулар

4

Сөйлеу қызметі түріне қарай

Айтылым (говорение), айту-тыңдау ( аудирование), оқылым ( чтение), жазылым (письмо) жаттығулары

5

Сөйлеу формасына қарай

Ауызекі сөйлеу тілі, жазбаша тіл жаттығулары

6

Тілдің аспектілеріне қарай

Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синаксистік

Сөз тіркесін дамыта оқытуда жаттығулардың мынадай түрлері қолданылады:

  1. Аспектілік жаттығулар – жаттығудың қолдану мақсатына қарай ерекше типі. Аспектілік жаттығуларды орындау барысында оқушылар сөз тіркесінің жекелеген құбылыстарын анықтап, соларды тануға, талдауға арнайы түрде жаттығады (105).

  2. Қостілдік жаттығулар – аударма және екі тілдің фактілерін салыстыру барысында тілді саналы меңгеруге тиімді саналатын жаттығулар ( Лингвистикалық есептер деңгейінде қолданылады) (106).

  3. Үй жаттығулары – сыныпта берілген сөз тіркесі туралы материалды өз бетімен талдауға жаттықтыратын, оқушының теориялық ойлауы мен тілін дамыту жаттығуы.

  4. Сынып жаттығулары - мұғалімнің басшылығымен сыныпта орындалатын, оқушыны сөз тіркесі туралы жаңа грамматикалық оқу материалын меңгеруге жаттықтыратын, теориялық ойлауы мен тілді дамытуға арналған жаттығу.

  5. Коммуникативтік (қатысым) жаттығулар – оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын және сөз тіркесі синтаксисін практикалық тұрғыдан биік деңгейлерде меңгеруіне жетелейтін шығармашылық жаттығулар түрі (107).

  6. Комплекстік (кешенді) жаттығулар – сөз тіркесінің жекелеген белгілері мен қасиетін танып – білуде қолданылады, оқушы сөз тіркесінің алдыңғыда меңгерген қасиеттері мен заңдылықтарын қоса қамтып талдау жүргізетін жатығу түрлері (108).

  7. Бақылау жаттығулары – оқушылардың сөз тіркесінің жекелеген белгілері мен қасиеттерін, заңдылықтарын қалай меңгергендігін, сөз тіркесін талдау әдістерін қолдануға қалай машықтанғанын, сөз тіркесі туралы өз бетімен ізденімдік – зерттеу жұмыстарын қалай жүргізуге дағдыланғандығын тексеретін жаттығулар түрі.

  8. Механикалық жаттығулар – мән – мағынасына терең түсініп жатпай жаттауға дағдыландыратын жаттығу, оның маңызы тек оқушының ауызекі сөйлеу темпі мен есту моторларының дамуында алатын орнына байланысты анықталады (109).

  9. Бір тілдік жаттығулар – оқушының ерекше тілдік сезімі мен тілдік қабілетін дамытуға арналған, ана тілінің фактілеріне мүлде сүйенбей, интуициясына, ассоцияциялау қабілетіне сүйенетін жаттығулар түрі ( Лингвистикалық есептер деңгейінде қолданылады) (1І0).

  10. Жазба жаттығулар – оқушының қимыл анализаторлары (қол қимылы мен ішкі сөйлеу артикуляциясы) негізгі роль атқаратын жазбаша фиксациялау процесі; бақылау ретінде көру не есту анализаторлары қызмет етеді. Сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту барысында оқушының ой операцияларын орындауына жеңілдіктер беріп, өз бетімен жұмыс жасауында кең мүмкіндіктер жасайды.

  11. Тілдік жаттығулар – сөз тіркесі бірлігімен жасалатын операциялардан тұратын және соларды орындату арқылы қарапайым (эмпирикалық) дағдылары қалыптастырушы жаттығулар (111).

  12. Орнына қойғызу ( подстановочные) жаттығулары – оқушылар сөз тіркесінің схемалары мен конструкцияларына қажетті сөзді қойып, сөз тіркесін жасайды, дәптерге көшіреді, сөз тіркесінің символдық және графикалық модельдерін қолдануға дағдыландырады (112).

  13. Мәтіндік жаттығулар ( мәтінге дейінгі, мәтіндік, мәтін соңынан орындалатын) – фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік жаттығулардан өзгешелігі жекелеген тіл бірліктерін талдауға емес, тұтас мәтінде сөйлеу қызметінің нәтижесі ретінде қарайтын, сол тұрғыдан талдайтын жаттығулар түрі (113).

  14. Трансформациялық жаттығулар – сөз тіркесінің бір құрылымын екінші құрылымға өзгертуге мүмкіндіктер туғызып, соның нәтижесінде сөйлеу мақсатына орай сөз тіркесінің пардигмасының таңдалу ерекшелігін түсіндіретін жаттығулар түрі (114).

  15. Ауызша жаттығулар – оқушының моторлық және есту анализаторларына сүйенетін, тілдік материалды меңгеру барысында ауызша берілген теория мен тілдік фактілерді қабылдауға дағдыландыратын жаттығулар түрі.

  16. Оқу жаттығулар – сөз тіркесін меңгеруге бағытталған барлық жаттығулар.

  17. Жаттықтырушы жаттығулар – оқушыларға сөз тіркесі туралы тілдік материалды меңгеру барысында қалыптасқан машықтары мен дағдылары негізінде қолдануға, сөз тіркесң туралы алған теориялық білімі мен игерген теориялы әдістерін өмірде пайдалана алуға үйрететін жаттығулар (115).

Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының кешенділігі онда өзара тығыз байланысқан элементтер мен бірқатар дидактикалық талаптар мен шарттардың міндетті түрде орындалуын талап етуімен ерекшеленеді. Дамыта оқыту жүйесінің басты элементтері мыналар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет