Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет22/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тірек сөз-тексті талдауда жайылма текстің барынша компрессияланған түрін анықтай аламыз. Мысалы: - Тәйт!

  • Тұр былай!

  • Қағыл!

  • Аулақ! – десіп, қалың топты отаудың екі жақ босағасына қақ жарып, екі сап қып қойды (М.Әуезов. Абай жолы). Мұнда автор үлкен бір тексті тірек сөздер арқылы суреттеп өткенін көріп отырмыз. Яғни үлкен қарбалас, жиылған топ, оны бөліп-жарып келе жатқан жиынды өткізіп, басқарушы адамдар т.б. суреттер танылады.

Бір сөзді емес – текст туралы тоқталайық. Мұндай текстердің қызметі тұтас ойды білдіруде, белгілі бір оқиға не құбылыстың болмысын көрсетуде ерекше айқындала түседі. Мысалы:

  • Қарашығым, қоңыр қозым.

  • Абай, жаным.

  • Айналайын, Телғара, - деп, мойнынан құшақтап бетінен сүйді (М.Әуезов).

  • Ұйқыны қояйық!

  • Отын-су ерте қамдалсын!

  • Қымыз! Қымыз кешікпесін! Бар үйдің сабалары сарқылып қалды.

  • Ұйқыны қойып, тез қам қылайық! - десіп, келесі күнің қамына жұмылды. (М.Ә).

М.Әуезов осындай бір сөзді емес текстерді адамның ішкі сезімін беруде де шебер қолданған. Мысалы, Абайдың Құдайбердімен қоштасар сәтін алайық: « - Адам болар ма? Болар ма? Інілерің міне. кім боларын... Не көрерін... Қайдан білейін...» (М.Ә).
Енді түрліше күрделіліктегі сөйлем текстерге тоқталамыз. Біз оқушыларға текстңғ бұл туралы айтқанда, көбіне қанатты, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданып үлгі еттік. Көрнекті психолог М.М.Мұқановтың айтуынша, « Мақал-мәтелдер психикалықтың өзі емес, сол процестердің іріктеліп, сраланып қалыптасқан жемісі» болып табылады. Біз М.М.Мұқановтың ізімен жүре отырып, мақал – конкретті ( нақты) жағдайдың өзін емес, мазмұнның мәнін топтап білдіреді деп санаймыз. Ал топтап бідіру үшін, ондағы мазмұн көптеген ұғымдардың болғанын қажет ететіні белгілі. Кейін сол жекелеген ұғымдар жинақтала келе, жаңа әрі сапасы жағынан жекеден гөрі биік дәрежедегі күйде компрессияланады. (Әрине, бұл жерде біз мақалдың көптеген мәселелерін қозңаймыз. Ол мақсатымызға кірмейді де. Тек мақалды текстің ерекше түрі ретінде қарастыру – текст лингвистикасына жаңалықтар алып келуі мүмкін деп ойлаймыз).
Оқушыларға көптеген мақал-мәтелдер талдауңа ұсынылып, текстің құралуы мен жинақталуы, компрессияланған текстің кері жайылыңқылануы процесін бақылау жасатылады. Тек тілдік талдау ғана емес, қазақтың мақал-мәтелдері арқылы ұлттық ойлау және ұлттық дүниетаным, ұлттық сөйлеу тілі ерекшеліктері туралы білім берілуі де мақсатымызға енді. М.М.Мұқанов былай деген: « Мысалы, қазақтың бұрыннан келе жатқан « Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жеткізер» деген мақалын талдап көрейік. Бұл мақал дүниені көзбен, яғни тікелей сезіммен танып-білу жіне соны сөзбен (абстракты оймен) танып-білу деген мағынаны білдіреді. Бұл мақал Үнді – Еуропа тілдерде сөйлейтін елдің бірінде кездеспейді. Әрине, олар да дүниені
көзбен танып білуді ажыратады. Дегенмен, бұл қағиданың өзі сол тілдерге философтардың зерттеуі арқылы енген» (98). Орыстың белгілі әдіскер – ғалымы Н.М.Шанский тексті тілді оқытуда қолдануға үлкен мән береді: «Придание тексту статуса основной единицы содержания обучения усиливает образовательные и воспитательные возможности языка как предмет обучения. Ведь в тексте как речевом произведении отражаются факты и особенности национальной культуры. В этом смысле можно сказать, что текст- зеркало национальной культуры. Особенно ярко проявляется в художественных текстах: поскольку художественный текст выступает не столько как носитель и источник объективной информации ( как зеркало культуры в широком смысле слова), но и как носитель и источник собственно языковой, интерлингвистической информации: текст- языковая форма отражения и фиксации национальной культуры» (99).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет