Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет25/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
Сөз тіркесін дамыта оқыту
технологиясындағы жаттығулар жүйесі және
оның ерекшеліктері
Тіл пәнінен оқушылар орындайтын жаттығулар әдістемелік еңбектерде былайша анықталады: «...- оқушылардың оқу «әрекетінің түрлері, оқушылар жаттығуды орындау барысында алынған білімдерін түрлі жағдайлар мен түрліше байланыстарда бірнеше рет және варияциялармен қолданады. Жаттығудың орындауы процесінде оқушы әрдайым ізденіс үстінде болып, алдына қойылған міндеттер мен мәселелерді шешудің өзіне таныс жолдарына сүйене отырып, жаңа жолдар табуға ұмтылысын қалыптастырады» (101). Екінші әдістемелік сөздікте жаттығуды «оқу материалын меңгертуді ұйымдастырғанда, оқу процесінде қолданылатын әдістемелік жүйенің құрылымдық бірілігі» деп анықтайды (102). Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл-ой әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады. Жаттығулар – бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты бірінен соң екіншісі орындалады.
Жаттығулар оқушының білім меңгеруі процесін маңызды орын алады, өйткені, жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс – әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек. Егер жасалған жаттығулар жүйесі сөз тіркесін дамыта оқыту барысында тиімді және оң нәтижелі болсын десек, онда жаттығулардың оқушының теориялық ойлауы мен тілін дамытуға үлесін қосуына саналы түрде бет бұруымыз керек. Жаттығуларды орындау барсында оқушылар төменде көрсетілгендей түрлі ізденімдік – зерттеу міндеттерін шешеді:
● сөз тіркесіне байланысты тілдік құбылысты бақылайды;
● сөз тіркесінің қандай да бір қасиетін анықтау мақсатында бақылаулар жүргізеді
● сөз тіркесін синтагмалық тұрғыдан талдау барысында фонетикамен байланысын таниды
● сөз тіркесін жасайтын сөздердің табиғатын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды
● сөз тіркесі сөз таптарынан жасалатын болғандықтан, морфологиялық талдау жасайды
● сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік процестерді тану мақсатында синтаксистік талдау жасайды
● сөз тіркесінің сөйлем және мәтін құрудағы қызметін тану үшін, функционалдық талдаулар жасайды
● сөз тіркесінің контаминациалық, трансформациялық табиғатын тану үшін осы бағыттағы талдаулар жасайды
● сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді салыстыра тану мақсатында орфографиялық жаттығулар орындайды
сөз тіркесін модельдейді
● берілген модель бойынша сөз тіркесін құрастырады
● жекеленген сөздерден сөз тіркесін құрастырады
● түрлі шығармашылық мақсаттарда берілген жаттығуларды орындайды
● сөз тіркесінің графикалық модельдерін жасайды
● тестер орындайды т.б.
Әдістемелік еңбектерге сүйенсек (103), тілдік және сөйлеу жаттығуларының қазіргі кезде 30 шақтысы белгілі, олар түріне, тәсіліне, типіне, мақсатына қарай жіктеледі (104). Төмендегі таблицада жаттығулар жіктемесі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет