Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін орта буын сыныптарда оқытуға арналған жаттығулар



бет33/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сөз тіркесін орта буын сыныптарда оқытуға арналған жаттығулар

Орта буын сыныптардың өзін біз арнайы түрде екі деңгейге бөлдік. Мұның себебі – 5-6 сыныптардағы және 7-8 сыныптардағы оқу материалының мазмұны сөз тіркесімен жанама және тікелей байланыстылығы.


5-сынып
5-класта оқушылар қазақ тілінің дыбыстық жүйцесін, лексикасын және грамматикалық жүйесін курс ретінде игере бастайды. Қазақ тілінің сөз тіркесіне байланысты оқушыларға грамматикалық қосымшалардың сөздерді байланыстырудағы қызметі мен сөздердің ішкі мағыналық құрылымының синтаксистік байланыстар жасаудағы маңызды орнын танытатын жаттығуларды орындату қажет. 5-сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінің ғылыми курсының негіздерін жүйелі түрде меңгере бастайды. В.Ф.Паламарчуктың оқушылардың ойлауын қалыптастыру мен дамытудағы басты принцип – жүйелілік принципі деген пікірі бар (120). Оқушылар ойлауын дамытудың барлық негізгі компоненттері – мақсаттылық, мазмұндық, операционалдық, мотивациялық, бақылау-түзетушілік – өзара жүйелді түрде байланысты болады.
5-сынып оқушыларына сөз тіркесін оқытудың ерекшелігі – осы сыныптағы оқылатын білім мазмұнымен байланысты. Мұнда сөз тіркесі туралы білім беруді эксперименталды бағдарлама бойынша жүргізе отырып, жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін ұсынамыз. Бұл жерде тек кейбір үлгілері келтіріліп отыр. Бұл тапсырмалар:
- бірнешеден нақты сөз тіркесін оқытуға байланысты жасалынды;
- екіншіден, фонетикаға байланыстырып сөз тіркесін оқытуға арналып жасалынды;
- үшіншіден, лексикаға байланыстырып оқытуға арналып жасалынды;
- сөйлеммен байланыстырып жасалынды;
- мәтінмен жұмыс бойынша жасалынды;
- сыныптан тыс, өз бетімен орындайтын жұмыс бойынша жасалынды.
1-жаттығу. Төменде берілген сөз тіркесінің құрамындағы әрбір сөзді құрамына қарай талдаңдар.
2-жаттығу. Төменде берілген екі қатардағы сөздердің өзара мағыналары сәйкес келетіндерін тіркестіріп, сөз тіркесін құрастырыңдар.
3-жаттығу. Берілген сөздерден басыңқысы бағыныңқысының сынын білдіретін сөз тіркесін құраңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет