Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін синтаксистен жүйелі білім беру процесінде оқытуға арналған жаттығулар



бет36/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сөз тіркесін синтаксистен жүйелі білім беру процесінде оқытуға арналған жаттығулар


7 және 8–кластар
Сөз тіркесі синтаксисі мектеп курсында 1-сыныптан басталып, 8-сыныпта аяқталатыны белгілі. Бірақ, 9-сыныпта синтаксистің құрмалас сөйлем жүйесі оқылатындықтап, сөз тіркесі мен құрмалас сөйлемнің ортақ белгілерін салыстыру, соның негізінде теориялық байламдар жасаудың элементтерін бағдарламаға енгіздік. Мектеп курсында грамматикаға, оның ішінде синтаксиске, сөз тіркесі синтаксисіне қаншалықты орын берілетіні шолу бөлімінде қарастырылды. Дегенмен де, сөз тіркесі синтаксисінің жүйелілігі, сабақтастығы сақталуы, оқушының синтаксистік ұғымдар жасауындағы ой операцияларының бірізділікпен қолданылуы қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінде дұрыс анықталмағандығын тағы атап кетеміз.
Қазақ мектебінің алғашқы сыныптарынан бастап барлық тіл бірліктерінің маңызды функциясы танытылуы керек. Өйткені, оқушы өзінің күнделікті сөйлеуде қолданылып жүрген тіліне құбылыс ретінде қарап, соны күнделікті сауатты, дұрыс, орынды қолдануы үшін оның заңдылықтарын игере беруі керек. Тіл бірліктерінің ішінде синтаксистік бірліктердің, сөз тіркесі мен сөйлемнің табиғаты барлық сыныптарда таныла беруін құптаймыз. Синтаксисті оқыту мәселелері әруақытта түрлі деңгейде болғаны белгілі: бірде синтаксис морфологиядан төменірек деңгейде оқытылса, бірде синтаксис морфологиядан мүлде дерлік бөлектелінді (121; 122). Тіл жүйесіндегі әрбір бірлік өзінің толыққанды функциясы мен тіл жүйесінде бар болу мақсатын тек қана синтаксистік деңгейде ғана көрсете алатындығын оқушылар 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін саналы түрде түсініп алуы керек.
Синтаксистік деңгейдің алғашқы деңгейі – сөз тіркесі синтаксисі – оқушының ойы құралуындағы алғашқы саты болғандықтан, синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды, синтаксистік мағыналардың т.б. құбылыстардың осы деңгеймен байланысты меңгерілуі маңызды болып табылады. Сонымен бірге, синтаксистің барлық сыныптарда оқылуы – синтаксистің тілдің барлық деңгейлерімен байланысты оқылуына бағытталған діңгек болмақ. Ал 7-сыныпта сөз тіркесі синтаксисі арнаулы курс ретінде оқылуы соңғы бағдарламада белгіленіп отыр. Оның алдында сөз тіркесі синтаксисі 8-сыныпта оқылатын. Әрине, болашақтағы Қазақстан Республикасының жаңа стандарттары белгілеп отырған межелерге байланысты, егер 12-жылдық оқу жүйесіне көшірілетін болса, бұл саты ысырылуы не өсуі мүмкін. Қалай болғанда да, сөз тіркесі синтаксистің жүйелі курсының алғашқы сатысы болып қала береді, бұл – анық. Солндықтан, синтаксистік жүйенің алғашқы деңгейі болып табылатын сөз тіркесі жүйесінің меңгертілуіндегі жаттығуларды іріктеу принципі қала береді деп ойлаймыз. Осымен байланысты, біз 7-8 сыныптар үшін жаттығулар жүйесін тұтас блок етіп құрастырдық.
Сөз тіркесіне байланысты тілдік-грамматикалық жаттығулар мынадай жұмыстармен байланысты болып келеді:

  • жекелеген сөз тіркестері беріліп, солардың белгілер мен қасиеттеріне бақылау жасау, басқа тіл бірліктерімен салыстыру, анықтамалар жасауға қажет дәлелдер келтіре білу;

  • мәтіннен сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін тану;

  • сөз тіркесінің байланысу түрлерін тану;

  • сөз тіркесінің мағыналарын тану;

  • сөз тіркестерін алмастыру;

  • сөз тіркестерінің синонимдерін қолдану;

  • сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін салыстыру;

  • сөз тіркесі мен сөйлемді салыстыру;

  • сөз тіркесін мәтінді қолдана отырып талдау;

  • сөз тіркесінің байланысуының бір түрін екінші түріне ауыстыру және олардың мағыналарын салыстыру (үйге бару – үйге дейін бару);

  • бір сөз тіркесінен екінші сөз тіркесін жасау;

  • берілген сөздер тобынан сөз тіркестерін жасау;

  • есім сөздер мен етістік сөздерден сөз тіркестерін құрау, сол арқылы сөз тіркесінің екі түрінің түпкі айырмашылықтарын анықтау;

  • қазақ мектебінде оқылатын орыс, ағылшын, неміс, француз т.б. тілдердегі сөз тіркестерімен салыстырулар жасату.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет